400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тізбектелген сабақ жоспары Әдебиеттік оқу 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні :Әдебиеттік оқу

Күні:13.03.17

Кабинет:25

Мұғалім:Медешова.Н.А.

Сабақтың атауы

Халқыңа адал бол

Мақсаты


Күтілетін нәтиже


Сабақтың жабыдығы


Түрі

Сабақтың мақсаты:халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру.

Міндеттері:- оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу;  сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Сыни ойлау, Оқыту үшін бағалау, АКТ.

Стратегиялық іс әрекет:  «Ой қозғау»,  «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы»

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Мақалдар айту

Піл күші,піл күшті емес,

Тіл күшті

Тіл қылыштан да өткір

Жатқа мақал мәтелді айтады


Білу













Түсіну




















Қолдану

Үй тапсырмасын тексеру

1.Төле би туралы не білеміз?

2.Төле бидің бата сөзін жатқа айт?


Топқа бөліну

1-топ Тапқыр,

2-топ Зерек,

3-топ Ұшқыр


Қызығушылықты ояту

Қазақ халқы аталы сөзді, шешендікті аса жоғары бағалаған халық. Небір бітімсіз дау- жанжалдың шешімін екі-ақ ауыз сөзбен айтып тындыру, ойлы да озбыр, отты сөздерді суырып салып айту- қазақ тарихында көп болған. 
Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер – жаратылыста, қоғамдық өмірде болған өзгерістерді жіті көзбен бақылап айтылған халық ойының жемісі. 
Шешендік сөздер – бата-тілектен бастап, кейінгі ұрпаққа арналған өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін керіс-келіс сөздерді қамтиды. 
Шешендік сөз- терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады

  • . Сөз туралы бөлтірік шешен: 
    Сөзден тәтті нәрсе жоқ, 
    Сөзден ащы нәрсе жоқ. 
    Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл, - деп толғайды. 
    Шешендер- «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан екі елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі. 
    Шешендердің ең негізгі құралы- сөз. Сол сөз арқылы тыңдаушысын өзіне қаратып, жүрегін тербеп, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық, дарын – қабілеттен туады. Жер дауы, жесір дауы, ер құны, барымта жайы ұстасушы екі жақтың билерінің айтысуы арқылы шешіліп отырған. Сөйтіп, бұл нағыз сөз сайысына арналған. 
    Ертеден- ақ халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген батырлары, сөзін сөйлеген шешендері, білімпаз билері болған. 
    Шешен- дау- жанжалды әділ, ақылмен шешетін болған. Халық қашанда билерді, шешендерді қадір тұтқан. 
    Би- халықтың көкейіндегі айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет соқшысы. Қазақтың атақты билері Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, т.б. билерден, шешендерден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. 
    Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке, 
    Асқар тау Қазығұрттай білімді еді. 
    Бірі күн, бірі туған айдай болып, 
    аманға сәйкесімен келіп еді.- деп, Тәуке ханның билерді асқар тауға, күнге, айға теңеуі тегін емес. Тәуке ханның тұсында ұлы жүзге Төле би, орта жүзге Қазыбек би, кіші жүзге Әйтеке би басшы болды. Енді, осы атақты билердің ішіндегі Төле биге тоқталамыз. 
    Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойындағы Әулиеата маңындағы Жайсаң Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жасынан араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмәр, шешен, би болған адам. Төле әкесіне еріп жүріп, ел таниды, жер көреді. 15 жасында билікке араласып, өзінің әділдігімен, ақылдылығымен жұрт арасында таныла бастайды.
    Өзінің даналығымен «Қарлығаш би» атанған.


Сергіту сәті

  • Еркiн ұста денеңдi,

  • Тарсылдатпай едендi

  • Орнымыздан тұрып ап

  • Жүгiрейiк бiр уақ.

  • Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

  • Аяқты алға созайық

  • Тiк көтерiп, қозғайық.

  • Тым сылбыр да болмайық

  • Алға қарай озбайық.

  • Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


Талдау




Жинақтау




Кітаппен жұмыс. Халқыңа адал бол мәтінін оқып,мағынасын оқып, мағынасын ашу.


Сұрақтар қою

-Адал сөзін түсіндіріп бер?

-Төле би қандай адам болған?

-Неге Төле би адал адам саналады,дәлелді ойыңды білдір?



Ой толғаныс


Көрініс: Төле би.


1-топ

Төле би мен Тоғыз жасар Жетес

2-топ

Төле бидің Қарабекке ашуынан көрініс

3-топ

Кейіпкерлерді салыстыр,мінездеме айту.



Толғауларын оқытып, берілген тақырып бойынша мағынасын ашу. 
Үнтаспадан толғауларын тыңдату.

Үйге тапсырма


Билер туралы мәліметтер жинақтау,оқулықтағы

тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәні:Әдебиеттік оқу

Уақыты:14.03.17

Кабинет:25

Мұғалім:Медешова.Н.А.

Сабақтың атауы

Қазыбек бидің шешендігі

Мақсаты


Күтілетін нәтиже





Сабақтың жабыдығы


Түрі

Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазыбек би туралы мәлімет беру.


Қолдану модулдері:Диалогтік оқыту,сыни ойлау,оқыту үшін бағалау,Акт


Стратегиялық іс- әрекет?Ой қозғау,Кезектесіп қайталау,Ой талқы



Білу


Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Амандасу түрлерін айту

Атаға сәлем беру

Әжеге сәлем беру.

Үлкен адамдарға сәлем беру

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге амандасу түрлерін айтады




Түсіну






















Қолдану


Қызығушылықты ояту


Кіші жүз биі Сыр бойында дүниеге келген.

Қай би туралы болмақ?


Қ аз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қазыбек,Төле би,Қазыбектің әкесі Келдібек

Өтіп туады,жетіп туады,кетіп туады,алыс,тәтті,несие


Сыныптағы диалог

Алысым жақын,тәттім сиреп,несием өніп жатыр


Талқылау сұрақтары:

1.Бір бала әкесінен өтіп туады дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Бір бала әкесіне жетіп туады дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Бір бала әкесінен кері кетіп туады дегенді қалай түсінесіңдер?


Ойын:Кім тапқыр?


1.Не тәтті?Не жұмсақ?

Ананың сүті тәтті.

Ананың қолы жұмсақ


2.Сөз анасы- құлақ

Су анасы- бұлақ

Жол анасы- тұяқ


3.Не қымбат?

Алтын ұя Отан қымбат

Құт берекең атаң қымбат

Аймалайтын анаң қымбат

Асқар тауың әкең қымбат


4.Достық нешеу?

Адал және арам дос болады.

Адал дос қандай дос?

Арам дос қандай дос деген еді?

5.Үш арсызды атаТамақ,ұйқы,күлкі



Сергіту сәті


Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



Талдау

Ой толғаныс

Мәнін ашып түсіндіреді
















Жинақтау


Мақал - мәтелдер:
1. Ердің сыншысы болма, адамның сыншысы бол.
2. Оқу инемен құдық қазғандай
3. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.
4. Өлімнен ұят күшті.
5. Атаңның баласы болма, елдің баласы бол.
-Осы мақал - мәтелдерді оқи отырып не алдық?
-Адамгершілік, инабаттылық, ізгілік, кішіпейілділік, ақылдылық, туған жерді сүю, мейрімділік.


Не білдік?

Не үйрендік?

Нені білгім келеді?





-Қандай қазақ би – шешендерімен таныстық?
-Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
-Шешендік – билер жалпы қандай болуы керек?
Яғни, қайраткер, дау, билік, дарынды, сауатты, ұтымды болулары керек. Бабаларымыз айтқандай «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер.» Сондықтан да оқушыларымыз дайындаған шағын көрініске назар аударайық.

(Рөлдік ойын)
БАТА
- Ата, бата деген не?
- Бата – ақ ниет, жақсы тілек, халқымыздың ежелгі мұрасы.
- Ендеше ата маған батаңызды беріңіз.
«Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсың қайратың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің,
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!»
- ӘУМИН!

Үйге тапсырма


Билер туралы мәліметтер жинақтау. Шиырма папка жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 375

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



















Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру ( 2 минут)

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.2. Топқа бөлу ( 1,2,3 санау арқылы үш топқа бөлу)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (3 минут)

-Шешендік сөз дегенді қалай түсінесің?

-Қандай шешендер мен билерді білесіңдер?

-Төле би қандай төрелік сөз айтты?

Мадақтау сөздерін айту арқылы бағалау

III.Ой қозғау «Ребус шешу»(3 минут)

,,,, ө ,, ,, і

,,,, ік ш ,,,ш ,,,н

Жауабын тапқан оқушыны бармақпен бағалау

ІV. Топтық жұмыс«Рөлді сомдау» (15минут)

Оқушылар топтасып мәтінмен жұмыс жасайды. Рөлге бөлініп, рөлді сомдап шығады

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Әр топ бір-бірін 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағалайды

IV.Жұптық жұмыс «Семантикалық карта»» 5 минут


Кейіпкер


Қалдан Серен


Жетес


Қарабек Батыр


Тезек төре

Шешендік сөздері

Қазыбек бидің шешендігі





Төле бидің төрелігі






Халқыңа адал бол







Тақтада берілген дұрыс жауап бойынша әр жұп жұмыстарын алмастырып тексереді және сол жұп бағдаршам арқылы бағалайды

(барлығы дұрыс –жасыл, 3-2 дұрыс – сары,1 дұрыс – қызыл)


V. Сергіту сәті


ҮI. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (10 минут)


Сұрақтары

Жауаптары

Білу

Қандай би, шешендерді білесің?


Түсіну

Шешен деген сөзді қалай түсінесің?


Қолдану

Бөлтірік шешеннің тапқырлығы сияқты сен Тезек төренің жұмбағын қалай шешер едің?


Талдау

Төле би мен Жетес шешенді салыстыр

Төле би

Жетес шешен






Жинақтау

«Жетес шешеннің тапқырлығы» жайында шағын эссе жаз.


Бағалау

Халық даналарына Төле би, Қазыбек би сияқты атақты шешендерді қалай бағалайсың?


Тапсырма жауабы 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағаланады


VII.Оқып-үйрену нәтижелері: кестені бағдаршам түстеріне қарап боя

Тапсырмалар

Қызыл

Орындай алмаймын

Сары

Сенімді емеспін

Жасыл

Орындай аламын

Ребусты шеше алдым




Шешендік сөздердегі кейіпкерлерді ажыратып жаздым




Қазыбектің тапқырлық сөзін айтып бере аламын






IX. Сабақ рефлексиясы

Мен бүгін көп нәрсені .....


Кейінгі тапсырмалар

«Бөлтірік шешеннің тапқырлығы» оқу
































































































































Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Аружан жас болса да, шет елде әншілік мектепте оқып жүр. Ол ешқашанда өз елін, оның озық дәстүрлерін естен шығарған емес. Арманы алған білімін қазақтың халық әндерін, күйлерін бүкіл әлемге танытуға арнау. Аружанға хат жазып, өз тілектеріңді білдіріңдер.

«Ойлылық бақытқа жетелейді» атты тақырыбына шағын эссе жазу.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды талдау.

1-топ 1 жағдаят

Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды. Қуанышында шек жоқ.

  • Оның қуанышын қалай бөлісер едің?

2-топ 2 жағдаят

Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа жеңіліп қалды. Ол қатты ренжулі.

  • Оған қалай көмектесер едіңдер?

3-топ 3 жағдаят

Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды. Осылары үшін кезекші сынып оларды «Кірпі» газетіне шығарды.

  • Осыдан кейін қандай шешім қабылдар едіңдер?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Суреттерге қарап, өзд«Ана тілім» атты тақырыбына шағын эссе жазу.

еріңе ұнаған өнер түрлерін дәптерлеріне бейнелеңдер.(32-33 бет)

4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Оларға тақырыптар ұсынылады.

1-топ: «Туған жерім тірегім»

2-топ: «Аяулы өлкем»

3-топ: «Елімді мақтан етемін»



5 Оқушылар осы тақырыптарға сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, мейірімділік тұрғысынан әңгіме жазады. Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

«Менің жазғы демалысым»



6Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

«Біз осылай өсеміз»әңгіме құрау

7Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

«Суреттегі балалардың бет бейнелеріне қарап, қандай көңіл- күйде тұрғанын әңгімелеп беру» тапсырылады

8Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

«Бақытты балалар еліне» сурет салу

9 Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

«Менің айтар ақылым» өзіңнен кішілерге арнап ақыл хат жазыңдар

«Менің тыңдар ақылым» үйдегі үлкендердің айтар ақылдарын жазыңдар.

10 Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс. Қағаздан қайық жасаймыз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі