400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тізбектер бөлімі бойынша жиынтық бағалау. 2 нұсқада, 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ. Тізбектер бөлімі бойынша жиынтық бағалау. 2 нұсқада, 9-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тізбектер» бөлім бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

«Сандық тізбектер», «Арифметикалық прогрессия», «Геометриялық прогрессия»

Оқу мақсаты

9.2.3.2 тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы: ;

9.2.3.6 Геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы: Тізбектің заңдылығын анықтайды

Арифметикалық прогрессияны қолданып, есептер шығарады

Геометриялық прогрессияны қолданып, есептер шығарады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20 минут

І нұсқа

1. a1 =10, an+1 = 5an рекуррентті формуласымен тізбек берілген:

а) Тізбектің 2-ші және 3-ші мүшелерін жазыңыз;

b) Тізбектің n-ші мүшесінің формуласын n арқылы жазыңыз;

с) Айбек 6250 саны осы тізбектің мүшесі болатынын айтты. Айбектің тұжырымы дұрыс па? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Арифметикалық прогрессияның алғашқы екі мүшесі берілген: 25, 19,13, ... a) Прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жазыңыз.

b) Прогрессияның оң мүшелерінің санын анықтаңыз.

c) Қосындысы -143-ке тең болатын осы прогрессияның тізбектелген мүшелердің санын анықтаңыз.

3. Геометриялық прогрессияда: b2 – b1 = 12, b3 – b1 = -12 болса, онда:

а) Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі мен еселігін анықтаңыз.

b) Геометриялық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңыз.

ІІ нұсқа

1. a1 =9, an+1 = 3an рекуррентті формуласымен тізбек берілген:

а) Тізбектің 2-ші және 3-ші мүшелерін жазыңыз;

b) Тізбектің n-ші мүшесінің формуласын n арқылы жазыңыз;

с) Айбек 2187 саны осы тізбектің мүшесі болатынын айтты. Айбектің тұжырымы дұрыс па? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Арифметикалық прогрессияның алғашқы екі мүшесі берілген: 30, 24,18, ... a) Прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жазыңыз.

b) Прогрессияның оң мүшелерінің санын анықтаңыз.

c) Қосындысы -78-ге тең болатын осы прогрессияның тізбектелген мүшелердің санын анықтаңыз.

3. Геометриялық прогрессияда: b2 – b1 = 15, b3 – b1 = -15 болса, онда:

а) Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі мен еселігін анықтаңыз.

b) Геометриялық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңыз



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тізбектің заңдылығын анықтайды

1

тізбектің 2-ші және 3-ші мүшелерін анықтайды;

1

тізбектің n-ші мүшесінің формуласын n арқылы жазады;

1

тұжырымның ақиқаттығын анықтау үшін өрнек құрады;

1

санның тізбекке тиістілігін анықтайды;

1

Арифметикалық прогрессияны қолданып, есептер шығарады

2

2 n-ші мүшесінің формуласын жазады;

1

прогрессияның оң мүшелерінің санын анықтайды;

1

алғашқы n мүшелерінің қосындысы формуласын қолданады;

1

қосындысы берілген санға тең болатын тізбектелген мүшелердің санын анықтайды;

1

Геометриялық прогрессияны қолданып, есептер шығарады

3

есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады

1

теңдеулер жүйесін шешудің әдісін таңдайды;

1

геометриялық прогрессияның еселігін табады;

1

геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін табады;

1

геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласын қолданады ;

1

алғашқы n мүшелерінің қосындысын табады.

1

Барлығы:

14


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.12.2023
674
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі