ТЖБ 10 сынып Т2, 2 тоқсан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ 10 сынып Т2, 2 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ 10 сынып Т2, 2 тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

10-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары I нұсқа Сыныбы: Оқушының аты-жөні:

Тыңдалым Аралым Әуелеп ұшқан әнім де менің елші екен, Таласып қалмай, анасын егіз емсе тең. Сырдария мен Әмудария қосылып, Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен.

Аралым арман толса екен, Аққулар қайта қонса екен. Ұл-қыздарыңның санасы Теңіздей терең болса екен! Аралым қайта келсе екен, Қазаққа ғана енші екен.

Арал жығылдың, тілеуін тәңір бере гөр! Ерке толқыным, еркелеп маған келе гөр! Ақ желкен келіп, айдынға қайта шықса екен, Қайран да қайран, қайраңдап қалған кемелер! 1. Әр шумақтан мәтіндегі негізгі идеяны айқындайтын 1 ақпаратты тауып жазыңыз. [3]

1

2

3











2. Өлеңде Арал теңізі туралы не айтылады? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз. [2]

_______________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________

3. «Аралым арман толса екен, Аққулар қайта қонса екен» деген тіркестің 2 сөйлеммен мағынасын түсіндіріңіз. [2] ______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________

4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз . [3] ______________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Оқылым

Мұхитта да пластик қоқысты мекен етушілер бар. Көрінген жерге тасталған қоқыс әлемдік мұхитты үлкен қоқыс қоймасына айналдыруда. Ең әуелі қоқыс үйіндісін жұтқан немесе соған шырмалып қалған балықтар мен теңіз жәндіктері зиян шегеді. Бірақ пластик қоқыстар кейбір организмдердің мекені. Ғалымдар пластик үйінділерінде көптеген микробтар өсіп-дамитынын анықтап, оларды шартты түрде «пластисфера» деп атайды. Пластик құты немесе пакет АҚШ-тың шығыс жағалауынан Атлант мұхитының ортасындағы Саргасс теңізіне алты аптада жетеді. Қоқыстардың басым бөлігі мұхиттағы ең үлкен осы иірімге жиналып қалады. Трейси Минсер, Вудс-Хол мұхиттану институтының микробиологі: – Пластик заттардағы микробтар кездейсоқ жиналмаған сияқты, ол жерге әдейі ұйысқан тіршілік иелері деген болжам жасадық. Олар әр нәрсеге жабыса бермейді. Микробтар пластикке белгілі бір себепке байланысты шоғырланады. Ғалымдар «Пластик заттарды жейтін балықтар ондағы улы заттарды сіңіре ме, жоқ па? Пластиктер қалай жойылады? Кішкентай бөлшектерге ыдырап кете ме?» деген сауалдар қояды. Алдын ала зерттеу бойынша, микробиологтер пластикпен әрекеттесетін мыңға жуық микробты анықтаған. Енді ғалымдар микробтердің геномын зерттеп, «олардың расымен зияны бар ма, жоқ па?» деген сауалға жауап іздемек.

5. Кестені толтырыңыз. Сөйлемді толық жазудың қажеті жоқ. [5]

негізгі ақпарат

қосымша ақпарат

факт

көзқарас

идея
















Жазылым 6.«Айт мерекесі - тәрбие бастауы» тақырыбында қысқаша баспасөз парағын жазыңыз.Ортақ классикалық түсінікті жазып салыстыр.Құрбан айт мерекесі мен Рамазан айы мерекесінің айырмашылығын ажыратып, өз пікіріңізді жазыңыз.Сөйлемдерде көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, сан есімдерді,есімдіктерді, есімше сөздерді қолданыңыз

[10]

Айтылым

7. Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстыра отырып, жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың қойған сұрақтарына графиктік мәтіндердегі ақпараттарды негізге ала отырып жауап беріңіз. [5]

10-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары II нұсқа Сыныбы: Оқушының аты-жөні:

Тыңдалым

«Қазақ осы»

Сәйгүлікті құйрық -жалы таралғаен Сүйетұғын қазақ - осы,қараңдар . Қазақ-осы:күй шығарып,ән салып, Көкпар тартып,қыз қууға жаралған.

Қазақ –осы: «Дала!»-дейтін, «Күн!»-дейтін, Қазақ –осы: «Өнер алды-тіл»,дейтін. Қазақ –осы: қарасың ба,ақсың ба, Қоңырсың ба-жатырқауды біллмейтін.

Қазақ-осы:ашық-жарқын қабағы, Қонақ келсе,шабылып бір қалады. Байқа да тұр:саған да ол кетерде Ат мінгізіп,жібек шапан жабады.

1. Әр шумақтан мәтіндегі негізгі идеяны айқындайтын 1 ақпаратты тауып жазыңыз. [3]

1

2

3










2. Ақын өлеңі туралы 2 сөйлеммен өз пікіріңізді жазыңыз. [2] ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. «Қазақ-осы : ашық-жарқын қабағы, Қонақ келсе, шабылып бір қалады» деген тіркестің мағынасы қандай ? Екі сөйлеммен түсіндіріп жазыңыз. [2] ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз. [3] ______________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқылым

Семей

Семей қаласының ресми негізі 1718 жылы қаланды. Шекара және әскери-тірек база ретінде пайда болған бекінісі дами келе Ресей, Орта Азия және Батыс Қытай арасындағы маңызды сауда нүктесіне айналды.

Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар. Ежелгі аты –Доржынкит.Ол патша өкіметтерінің ресми құжаттарында «Тас мешіт» деген атпен ХҮІ ғасырдың басынан белгілі

I Петр тапсырмасымен бұл жерге арнайы келген әскер басшыларының хабарларында бұл қоныс «Гудские каменные палаты», «Семь палат» деп аталған.Өйткені қалада ерекше көзге түсетін жеті сарай болған.

1718 жылы Семей қамалын жаңадан тұрғызуға жіберілген Чередов пен Бухгольц Жеті шатыр сарайларының биіктігі мен әшекейлеріне таң қалады.Бұл екеуінің айтуынша Жеті шатырдың құрлыстары Бұқар мазарларының стилімен салынған.Онда ғажайып суреттер мен кітаптар,қолжазбалар болған.Сарайдағы жазулардың бір тобын 1718 жылы Бухгольц

І Петрге сыйға тартқан. І Петр ол жазулардың мазмұнын айыру үшін Париж акдемиясына жібереді. Бұл жазулар қазір сонда сақталуда. Жеті шатыр сарайларының ең бағалы қазыналарының бірі - суреттер. Әр сарайдың ішкі қабырғалары ғажайып суреттермен көркемделген.

1854 жылы Семей облысының салтанатты ашылуы болды. 1873 жылы Семейде телеграф, 1910 жылдан бастап телефон және Қазақстандағы алғашқы су құбыры жұмыс істеді. Бұрын Семипалатинск деп аталса. 2007жылдан Семей қаласы деп аталады.


5. Кестені толтырыңыз. Сөйлемді толық жазудың қажеті жоқ. [5]

негізгі ақпарат

қосымша ақпарат

факт

көзқарас

идея













Жазылым

6. Сіз отбасыңызбен Наурыз мейрамын тамашалауға бардыңыз. Мерекеде ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм таттыңыз. Наурыз мерекесінен алған әсеріңіз туралы «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы» тақырыбында қысқаша баспасөз парағын жазыңыз. Сөйлемдерде көркемдегіш құралдарды, сан есімдерді, есімдіктерді қолданыңыз. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуына назар аударыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз. [10]

Айтылым 7. Графиктік мәтіндегі ақпарат бойынша жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың қойған сұрақтарына графиктік мәтіндегі ақпаратты негізге ала отырып жауап беріңіз. [5] Қазақстанның өзен бассейндерінің пайыздық мөлшері

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі