Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жиынтық бақылау жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы























«Қазақ тілі» пәнінен жиынтық бағалауға тапсырмалар

(оқыту қазақ тілінде емес)

11-сынып



























«Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Аты-жөні:_____________________________________Сыныбы: 11 «Д» Күні:_____________

Оқу мақсаты

11.1.3.1



11.2.5.1

оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу

Тапсырма. Мәтінді екі рет оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Жер бетінде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ХХІ ғасырда ең жоғарғы шегіне жетіп, әлемдік деңгейде ең түйткілді мәселеге айналғандығы ресми түрде мәлімделді. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық тақырыбы Томас Пикеттидің «ХХІ ғасырдағы капитал» атты кітабы жарыққа шыққаннан кейін қызу талқыға салына бастаған. Автордың айтуынша, қазіргі капитализм – ауқаттылардың заманы. Олар байыған үстіне баюда. Соның салдарынан әлеуметтік теңсіздік өршіп, бұл құбылыс экономикалық өсімге кері әсер етіп отыр.

Ұйымның зерттеуіне қарағанда, қазіргі уақытта миллиардерлердің қаржысы дүниежүзіндегі байлықтың 48 пайызын құраса, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 50 пайыздан асып кетуі мүмкін. Яғни, бұл жағдай алдағы уақытта кедей адамдардың қаржы жинап, аяққа тік тұруына айтарлықтай кедергі келтіреді деген сөз.

БҰҰ-ның тұжырымына сәйкес, күніне 1 АҚШ долларына күн көретін адам кедей саналады, ал 1 доллардан аз ақшаға күнелтетін адамды пақыр кедей немесе қайыршы деп атауға тура келеді. БҰҰ-ның тағы бір дерегіне сүйенсек, аштық күніне 25000 адамның өмірмен қош айтысуына себепкер болады екен.

Кедейлікке апаратын бірден бір жол – жаппай жұмыссыздықтың орын алуы. Елдегі экономикалық жағдай, оның ішінде жалпы ішкі өнім жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады десек, жаһанда жаппай жұмыссыздықтың орын алу деңгейі жыл сайын артып келеді. Алдағы бес жылда дүниежүзінде жұмыссыздар саны 11 миллионға өспек, ал соңғы 7 жылда жұмысқа тұра алмай жүргендердің қатары 31 миллионға артқан. Бұл көрсеткіш кедейліктің артуына белгілі бір деңгейде ықпал етуде. Бүгінде әлемде 201 миллион адам кәсіпсіз жүрсе, болашақта олардың саны 212 миллионға жетеді деген қауіп бар. БҰҰ-ның анықтауы бойынша, әлемдегі 54 елдің жағдайы 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда, күрт нашарлап кеткен.

  1. Мәтін мазмұны бойынша ақпараттарды сәйкестендіріңіз.

Ақпарат

Ақпарат

Сәйкестендіру

1) Бүгінгі капитализм

a) 1 АҚШ долларына жетпейтін ақшаға

күнелтетін адамдар тобы


2) Кедей

b) байлықтарына лайық салық төлеуі қажет.


3) Пақыр

c) қалтасы қалың дәулетті адамдардың

дәуірі


4) Дәулетті адамдар

d) әлеуметтік теңсіздікті арттырады.


5) Жұмыссыздық

e) кедейліктің өсуіне ықпал етеді.


6) Байлардың санының

Артуы

f) күн сайын 1 америка валютасына өмір

сүретін адамдар тобы


[3]

  1. Берілген сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Сөз/сөз тіркесі

Мағынасы

Салық


Жұмыссыздық


Кәсіпсіз


[3]

  1. Мәтін ақпаратын қолданып, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі маман мен тілші арасында сұхбаттың жүргізілуін жазыңыз. Сұхбат барысында төменде берілген клишелерді тиімді қолданыңыз.

Клише: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; ... дегенмен келісесіз бе; мен сіздің... ойыңызбен келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рахмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге қарсылық танытуға мәжбүрмін; ... деген сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз.

Shape1
___________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын анықтайды


1

бағандардағы ақпараттарды мәтіннің мазмұны бойынша сәйкестендіреді; (әр 2

дұрыс жауапқа 1 балл)

3


2

сөздердің мағыналарын өз сөзімен түсіндіреді:

  1. сөз;

  2. сөз;

  3. сөз;



1

1

1

Вербалдық және бейвербалдық элементтерді қолданып, көпшілік алдында сенімді, еркін сөйлейді

3

сұхбат мазмұнында мәтін ақпаратын

қолданады;

1

клишелерді сұхбат мазмұнына сай

орынды қолданады;

1

сұрақ қоюда немесе сұхбат беруде

бейвербалдық элементтерді қолданады;

1

қолданған бейвербалдық элементтер

ойды жеткізу көмектеседі;

1

сұхбат мазмұны көтерілген мәселені

ашады.

1

Барлық балл

11

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[5]



«Экология. Мұнай және атомдық индустрия», «Тіл. Өнер. Әдебиет» бөлімдері бойынша

жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқу мақсаты

11.3.2.1

ғылыми және публицистикалық стильдегі



мәтіндердің (аннотация) құрылымы мен



рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік



ерекшеліктерін талдау


11.4.2.1

қажетті ақпараттарды орынды қолданып,



көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп



эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)


11.4.6.1

мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

1-тапсырма. Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдап, берілген кестені толтырыңыз.

Мұнай-химия саласы – дүниежүзіндегі ең табысы мол әрі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Дамыған елдерде соңғы 5 жылда мұнай-химия өнеркәсібіндегі өнімдердің өсімі 7 пайыздан асып түсіпті. Демек «қалауын тапса...» қыруар пайда әкелетіні күмән тудырмайды деген сөз.

Жалпы сарапшылардың пайымына салсақ, мұнай-газ өндірісінің күні батты деуге әлі ертерек. Аталған сектордың әлеуеті әлі де жеткілікті. Ол үшін саладағы басымдықтың бағытын аздап бұрған жөн. Атап айтқанда, мұнай-химия саласын дамыту керек. Адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келтірмейтін қуат көздері табылып жатқан тұста, құр қара майға қарап отырудың жөні жоқ. Мамандардың көпшілігінің пікірі осы төңіректе түйіседі.

Рашид Жақсылықов, Мұнай-газ компаниялары одағының алқа төрағасы:

Қазіргі таңда отандық мұнай-газ өндірісінде «Shell», «Chevron», «Agip» сынды әлемге әйгілі компаниялар жұмыс істеп жатыр. Осы компаниялардың шикізат күйінде өндіріп, кейін шетелдерде терең өңделіп, елімізге қайта келген тауарларын қолданбайтын қазақ кемде-кем. Қысқасы, өзіміздің шикізатты қара бақырға өткізіп, әлденеше есе қымбатқа қайта сатып алуды әдетке айналдырдық. Яғни импорт өнімдері үшін төленген қыруар қаражат шетелдердің экономикасына жұмсалып жатыр, – дейді.

Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұнай-химия саласын жолға қоя алсақ, қыруар тауардың бәрін өзімізде өндіреміз. Шикізат өзімізден шықса, оны өзіміз терең өңдесек, елде тұтынып қана қоймай экспортқа шығарсақ, мұртымызды балта шаппайтыны түсінікті. Импорттан үнемделетін қаржы мен экспорттан түсетін табысыңыз көл-көсір пайданың көзі. Жұмыс орындары көбейетінін де ескеру керек. Оған қоса мұнай-химия саласы ғылым саласымен қатар дамитынын да ұмытпаған жөн.

Бүгінде әлем жұртшылығы ағаш қолданудан да қалып барады, оның орнын түрлі пластиктер алмастыра бастады. Мұнайдың қалдығынан жасалатын басқа құрылыс материалдары да толып жатыр. Пластик құбырлар, жылу бергіш материалдар, есік-тере- зенің бөлшектері дейсіз бе, барлығына көмірсутегі шикізатын пайдалануға болады. Яғни мұнай-химия кешенін дамыту денсаулық сақтау, құрылыс және басқа да салаларға оң ықпалын тигізеді деген сөз.

Мәтін қандай құрылымдық бөліктерден тұрады?

Мәтін қандай жанрда жазылған?

Неліктен?

Мәтін қандай стильде жазылған?

Дәлелдеңіз.

Автордың ерекше тілдік қолданыстарына

мысал келітіріңіз.












[6]

2. «Мұнай-химия саласы ғылым саласымен қатар дамитынын да ұмытпаған жөн» деген пікірді негізге ала отырып, 150-180 сөзден тұратын келісу-келіспеу эссесін жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[5]



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Публицистикалық

1

мәтіннің

құрылымдық

бөліктерін

1

Стильдегі мәтіннің


анықтайды;




құрылымы мен


мәтіннің жанрын көрсетеді;

1

рәсімделуін, жанрлық


себебін түсіндіреді;

1

және тілдік


мәтіннің стилін анықтайды;

1

ерекшеліктерін талдайды


дәлелдер келтіреді;

1



ерекше тілдік қолданыстарға мысалдар

1



келтіреді;


Қажетті ақпаратты

2

пікірді негізге алады;

1

қолданып, өз ойын


айқын позициясын білдіреді;

1

дәлелдеп, «келісу-


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2024
1164
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12