Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ 11 сынып Т2. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2-тоқсан.

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ 11 сынып Т2. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2-тоқсан.
Материалдың қысқаша нұсқасы

11 сынып. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.

Оқу мақсаты: 11.3.6.1. мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу;

11.4.2.1. қажетті ақпараттарды,көркемдеуіш сөздер мен есімдіктерді орынды қолданып,өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріп эссе жазу;

11.2.5.1. көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу.

Сынып: ..................... Күні: ........................Оқушының аты-жөні: .............................................

Оқылым (10 б.)

Біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда Афинада сахналық қойылымдарға арналған алаңдар пайда бола бастады. Дөңгелек пішінде салынған театрдың жартысы – көрермендерге тиесілі. Олар сахнаны айнала төменнен жоғарыға дейін жайғасып отырады. Театр пайда болысымен, грек пьесасының екі түрі пайда болды: трагедия және комедия. Трагедияда грек аңыздары мен мифтерінің қаһармандарының жауларымен айқасуы баяндалды. Трагедия көбіне бақытсыздықпен аяқталды. Ал комедияда қарапайым адамдар туралы айтылды. Ондағы кейіпкерлер – қаһармандық деңгейге көтерілмеген, ешкімге белгісіз адамдар.

Театр костюмдері Ежелгі Грекиядағы дала театрының актерлері сахнаға шыққанда үнемі жасанды шаштармен, қалың туникаларымен және үлкен кебістермен ойнаған. Осы киім үлгілері арқылы олар сымбатты, әрі өзгелерден ерекше көрінген. Жарқын түсті киімдер актердің жағымды қаһармандарды сомдайтындығын білдірсе, сұр және көк түсті киінгендер бақытсыз кейіпкердің образын білдірген. Ал қара түс қазаның белгісі болып табылатын. Комедияларда актерлердің кеуде тұсы мен ішіне жастық тығып қоятын болған. Ал хористердің бетінде бетперде де, аяқ киім де болмаған. Олар тек үстеріне қарапайым туника мен гиматий киген.

Дала театрының залы өте үлкен болған. Оның үлкендігі сонша, артта отырған адамдар сахнадан өте алыста орналасады. Сондықтан олар сахнада болып жатқан көріністі ойдағыдай көре алмаған. Бүкіл рөлді ерлер ойнайтын болғандықтан, өздерінің қандай образда (ер адам немесе әйел адам) жүргендігін көрсету үшін бастарына үлкен бетперделер киіп жүрген. Бетпердеде кейіпкердің жан күйзелісі мен қуаныш-қайғысы да көрініп тұратын болған. Ол заманда актерлерге арналған сахнаның бетперделері ағаштың қабықтарынан және сурет салынған қалың маталардан жасалды. Актердің даусы еркін шықсын деген оймен бетперденің аузын үлкен тесік еткен. (227 сөз)

1.Мәтін мазмұны бойынша ақпараттардың ретін көрсетіңіз. 3 б.

Ақпараттар

Реті

Трагедияның соңы қайғымен бітеді.


Барлық кейіпкерлерді ер адамдар сомдаған.


Алғашқы сахналардың пішіні дөңгелек болған.


2.Мәтіннен 2 антоним сөздерді табыңыз. 1 б.

а.________________________________

ә. _______________________________

3. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 2 б.

А. Дала театрларының актерлері неліктен ерекше киінген?

Shape1

В. Бетпердені не үшін киген?

Shape2

4. «Театр – тәрбие ошағы» деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды ПОПС формуласы негізінде тұжырымдаңыз. (4 б.)

Бірінші сөйлем: Менің ойымша, ...................................................................................................

Екінші сөйлем: Дәлел .....................................................................................................................

Үшінші сөйлем; Мысал, факті .......................................................................................................

Қорытынды: ....................................................................................................................................


Тыңдалым (5 балл )

Қоғамдағы әрбір әлеуметтік топқа тән тұрмыс - тіршілік сипаты бар. Әлеуметтік топтың ішіндегі ең жағдайы қиындары – кедейлер. Олар күнделікті ауыр күйзеліс үстінде болады. Балалары тоя тамақ ішпейді, ата-аналары да аш,балаларына киім алу да олар үшін мұңға айналады. Жоқшылықта күн көретін кедейлер үшін баспана да кепілдік бола алмайды. Кедейлік тұрмысы нашар адамдар шоғырланған жерлерде көбірек болады. Ондай жерлерде мектептер, қоғамға қызмет көрсету орындары да аз болғандықтан, жұмыс жетіспейді. Нәтижесінде жастар жұмыссыз жүруге көндігіп, мұндай жағдайды қалыпты санайды. Сондықтан ондай жерде зорлық, қылмыс, нашақорлық, ішімдік өзекті мәселеге айналады. Ата –аналар балаларын үйге қамап, қастарынан шығармауға тырысады. Бұл қоғамның арақатынас жүйесін тығырыққа тірейді.

Тапсырма.


5. Мәтіннің негізгі идеясы .................................................................................................. 1 б.


6. Сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз. 4 б.

Қоғамдағы жағдайы төмен тоя тамақ ішпейді

Жұмыссыздық жастарды күйзелісте болады

Кедейлер үнемі қылмысқа итермелейді

Отбасы кедейлер тобы


Жазылым. 10б.

«Сахна – өмір айнасы» тақырыбына эссе жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен есімдіктерді орынды қолданыңыз.Сөз көлемі: 100-110. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз.


Айтылым.5 балл.


«Ер қанаты – ат » тақырыбына байланысты жұпта диалогке қатысыңыз. Өз пікіріңізді білдіруде тақырыпқа қатысты күрделі сөздер мен термин сөздерді және сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданыңыз. (7-8 сөйлем)
























11 сынып. Балл қою кестесі. ТЖБ 2 тоқсан.


Оқылым

Тапсырма

Жауап кілті

Балл

Жалпы балл

1

3

1

3


1

1



2

1


2

жоғары - төмен

қуаныш – қайғы

1

(екі дұрыс жауапқа 1 балл )





3

Осы киім үлгілері арқылы олар сымбатты, әрі

1

2


өзгелерден ерекше көрінген.




Өздерінің қандай образда (ер адам немесе әйел адам)

1



жүргендігін көрсету үшін киген.



4

Пікірге қатысты ойын түсіндіріп, аргументтер арқылы дәлелдеп,мысалдар келтіріп, қорытынды жасай алған жағдайда толық 4 балл

4

4

Барлығы:

10 балл

Тыңдалым

Тапсырма

Жауап кілті

Балл

Жалпы балл

5

Оқушының жауабы ескеріледі

1

1

6

Қоғамдағы жағдайы нашар - кедейлер тобы

Жұмыссыздық жастарды - қылмысқа итермелейді

Кедейлер үнемі - күйзелісте болады

Отбасы - тоя тамақ ішпейді

1

1

1

1

4

Барлығы:



5 балл

Жазылым

Баллқоюкритерийлері

балл

1

Жанрлық ерекшеліктерді сақтайды;

1

2

Тақырыпқа қатысты тілдік құралдарды орынды қолданады;

1

3

Тақырыпты ашады;

2

4

Құрылымды сақтайды;

1

5

Күрделенген жай сөйлемдерді/ құрмалас сөйлемдерді қолданады;

1

6

Көркемдегіш құралдарды қолданады;

1

7

Есімдіктерді қолданады;

1

8

Грамматикалық нормаларды сақтайды;

1

9

Пунктуациялық нормаларды сақтайды.

1

Барлығы

10

Айтылым

Балл қою критерийлері

балл

1

тақырыпқа қатысты жұпта диалог құрайды;

1

2

тақырыпқа қатысты термин сөздер мен күрделі сөздерді қолданады;

1

3

ойын жүйелі жеткізеді;

1

4

сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады;

1

8

грамматикалық нормаларды сақтайды/ елеусіз қателер жібереді.

1

Барлығы

5


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
440
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12