ТЖБ 1-4-тоқсан 11 сынып ЖМБ қазақ тілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТЖБ 1-4-тоқсан 11 сынып ЖМБ қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 11 сыныпқа 4 тоқсанға арналған барлық БЖБ, ТЖБ материалдары
Материалдың қысқаша нұсқасы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ

Қазақ тілі
11-сынып
( жаратылыстану-математикалық бағыт)
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ

Тараз – 2021

ӘОЖ
КБЖ
Т
Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің
Әдістемеік кеңесінің шешімімен ұсынылған (хаттама№ 5, «24» желтоқсан 2020 жыл)
Пікір жазғандар:
К.М.Қарымбаева – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және
журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент.
Л.Т.Мақұлова – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақ тілі мен
әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., деңгейлік курстарды оқыту тренері.
Редакция алқасы:
Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы,
төрайым; Б.Х.Тажибаев – облыстық оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары;
А.С.Тоқтағанова–«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік
орталығы Тараз қаласындағы филиалының аға тренері, сарапшы; А.А.Нұрмолдаева –
облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, редактор.
Г.М.Тасқанбаева, А.А.Кариева «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» 11 – сынып
Қазақ тілі (жаратылыстану-математикалық бағыт) – Тараз, 2021ж.
Әдістемелік жинаққа енген жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылардың
сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормасы
дағдыларын шынайы бағалауда әдістемелік көмек көрсетеді.
Әдістемелік жинақ жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп
әкімшілігіне, білім беру әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілерге арналған.
ӘОЖ
КБЖ
ISBN

Жамбыл облысы әкімдігі білім
басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Тараз қ., 2021

Кіріспе ............................................................................................................................
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар..........................................................................................................
1-бөлім, І нұсқа «Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі.
Шешендік сөздер».. ...............................................................................................
1-бөлім, ІІ нұсқа «Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі.
Шешендік сөздер» ................................................................................................
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар..........................................................................................................
1-бөлім,
І
нұсқа
«Экология:
ядролық
және
мұнай
өндірістері.
Шешендік сөздер».. ...............................................................................................
1-бөлім,
ІІ
нұсқа
«Экология:
ядролық
және
мұнай
өндірістері.
Шешендік сөздер» ................................................................................................
3-тоқсан
бойынша
жиынтық
бағалауға
арналған
тапсырмалар........................................................................................................
1-бөлім, І нұсқа «Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер» .............................................................................................
1-бөлім, ІІ нұсқа «Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер» .............................................................................................
2-бөлім, І нұсқа «Әлемді өзгерткен өнертабыстары.
Шешендік сөздер» ...............................................................................................
2-бөлім, ІІ нұсқа «Әлемді өзгерткен өнертабыстары.
Шешендік сөздер» ...............................................................................................
4-тоқсан
бойынша
жиынтық
бағалауға
арналған
тапсырмалар........................................................................................................
1-бөлім, І нұсқа «Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер» ......................................
1-бөлім, ІІ нұсқа «Туризм: экотуризм.Шешендік сөздер» ...................................
1-тоқсан
бойынша
жиынтық
бағалауға
арналған
тапсырмалар.........................................................................................................
2-тоқсан
бойынша
жиынтық
бағалауға
арналған
тапсырмалар.........................................................................................................
3-тоқсан
бойынша
жиынтық
бағалауға
арналған
тапсырмалар..........................................................................................................
4-тоқсан
бойынша
жиынтық
бағалауға
арналған
тапсырмалар...............................................................................................
Қорытынды ............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер .......................................................................................

Кіріспе
Жалпы орта білім беру мектептерінің 11-сынып
жаратылыстану-математикалық
бағытына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
пән мұғалімдеріне, білім алушыларға көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу
бағдарламасы негізінде дайындалған. Оқу бағдарламасында қамтылған бөлімдер бойынша
дайындалған жиынтық бағалау тапсырмаларының түрлері пән мұғалімдеріне әдістемелік
қолдау көрсетуге бағытталды.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік құралда бөлім/ортақ тақырып
бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары
бар тапсырмалар ұсынылған. Сонымен қатар, бөлім бойынша жиынтық бағалау
тапсырмаларынан соң білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері
(рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар нақты берілген.
Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар білім алушылардың сөйлеу әрекетінің
түрлері: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормасы дағдыларын
тексеруге құрылып, соның негізінде пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік
дағдыларды бағалауды көздейді.
Әдістемелік жинаққа енген жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылардың
сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормасы
дағдыларын шынайы бағалауда әдістемелік көмек көрсетеді.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстан бейнесі: Қазақстанның өткені мен келешегі»
І нұсқа
Оқу мақсаты

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау,
тиісті ақпаратты анықтай білу.
Білім алушы
 мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;
 тиісті ақпаратты анықтайды.
Қолдану
15 минут

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

1-тапсырма. Мәтіндердің үзінділерін мұқият тыңдап, әрі қарай айтылуы мүмкін
ақпаратты болжаңыз. Өз ойыңызбен дамытып айтыңыз.
1) Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары
уақыт өте келе қазақ деген біртұтас халыққа бірікті. Қазақ хандығы құрылып, Керей мен
Жәнібек, Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке, т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты
әміршілері болды. Алайда тағдырдың талабымен қазақ елі дербестігінен айырылып, қазақ
жері Ресей империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген
«Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады, 1930жылдардан
бастап, тоталитарлық жүйе халықтың тілі мен өмір салтына, тарихы мен мәдениетіне орасан
зор зиянын тигізді.
Бірақ...
2) Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа
Конституциясының жобасы дайындылды. Облыстардың, қалалардың жане аудандардың
басқару органдарына реформалар жүргізілді. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан
Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып
Түркия,сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер
мойындады.
Қазіргі таңда...
https://massaget.kz/mangilik_el/49817/

Бағалау критерийі
Мәтін үзінділері бойынша
болжам жасайды;
Тиісті ақпаратты
анықтайды.

Тапсырма
1

Дескриптор
Білім алушы
бірінші мәтіндегі айтылуы мүмкін
ақпаратты болжайды;
екінші мәтіндегі айтылуы мүмкін
ақпаратты болжайды;
бірінші мәтінді өз ойымен дамытып
айтады;
екінші мәтінді өз ойымен дамытып
айтады;

Балл
2
2
2
2

Барлығы

8

«Қазақстан бейнесі: Қазақстанның өткені мен келешегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні________________________________________________

Бағалау критерийі
Мәтін үзінділері бойынша
болжам жасайды;
Тиісті ақпаратты анықтайды.

Төмен
Мәтіндердегі айтылуы мүмкін
ақпараттарды болжауда, өз
ойымен дамытып айтуда
қиналады.

Оқу жетістігі деңгейі
Орта
Мәтіндердегі айтылуы мүмкін
ақпараттарды болжауда, өз
ойымен дамытып айтуда
қателеседі.

Жоғары
Мәтіндердегі айтылуы мүмкін
ақпараттарды болжайды, өз
ойымен дамытып айтады.

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстан бейнесі: Қазақстанның өткені мен келешегі»
ІІ нұсқа
Оқу мақсаты

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау,
тиісті ақпаратты анықтай білу.
Білім алушы
 мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;
 тиісті ақпаратты анықтайды.
Қолдану
15-20 минут

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, әрі қарай қандай ақпарат айтылуы мүмкін екенін
анықтаңыз. Жалғасын болжап айтыңыз.
Тыңдалым мәтіні
Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары
қазақ деген біртұтас халыққа бірікті. Қазақ хандығы құрылып, Керей мен Жәнібек, Қасым
мен Хақназар, Есім мен Тәуке, т.б. хандардың саны Дешті Қыпшақтың қуатты әміршілері
болды. Алайда, тағдырдың талабымен қазақ елі дербестігінен айырылып, қазақ жері Ресей
империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайта қалпына келтіремін деген «Алаш»
зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады, 1930 жылдардан бастап,
тоталитарлық жүйе халықтың тілі мен өмір салтына, тарихы мен мәдениетіне орасан зор
зиянын тигізді. Бірақ 16 млн. халқы бар көпұлтты Қазақстан мемлекеті 1991 жылы 16
желтоқсанда тәуелсіздігін алды.
https://stud.kz/sabak-zhospary/id/13148
(Жалғасы) ...
2-тапсырма. «Болашақ Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбында ой қозғау.
Болашақтағы Қазақстан қандай? Сұраққа болжаммен жауап беріңіз.
Бағалау критерийі
Мәтін үзінділері бойынша
болжам жасайды;
Тиісті ақпаратты анықтай
біледі.

Тапсырма
1

2

Барлығы

Дескриптор
Білім алушы
мәтіннің жалғасында айтылуы мүмкін
ақпаратты анықтайды;
мәтіннің жалғасын болжап айтады;
болжамына анықтаған ақпараттарын
қосады;
тыңдалым мәтінімен байланыстырып
айтады;
берілген тақырыпта өз ойын айтады;
сұраққа болжаммен жауап береді;
тақырыптан ауытқымайды;
ойын еркін жеткізеді.

Балл
1
1
1
1
1
1
1
1
8

«Қазақстан бейнесі: Қазақстанның өткені мен келешегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні________________________________________________
Бағалау критерийі
Мәтін үзінділері бойынша
болжам жасайды;
Тиісті ақпаратты анықтайды.

Төмен
Мәтін үзіндісі бойынша болжам
жасауда, ақпаратты анықтауда
қиналады.

Оқу жетістігі деңгейі
Орта
Мәтін үзіндісі бойынша болжам
жасауда, ақпаратты анықтауда
қателеседі.

Жоғары
Мәтін үзіндісі бойынша болжам
жасайды, ақпаратты анықтайды.

Берілген тақырыпта өз ойын
айтуда, сұраққа болжаммен
жауап беруде, ойын еркін
жеткізуде қиналады.

Берілген тақырыпта өз ойын
айтуда, сұраққа болжаммен
жауап беруде, ойын еркін
жеткізуде қателеседі.

Берілген тақырыпта өз ойын
айтады, сұраққа болжаммен
жауап береді, ойын еркін
жеткізеді.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Экология: ядролық және мұнай өндірістері»
І нұсқа
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет,
ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын,
автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін,
құрылымын,
тілдік
ерекшелігін
салыстыра талдау.
11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш
құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық
жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына
білу.
Білім алушы
 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар,
публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі
сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор
көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін
салыстыра талдайды;
 берілген тақырыпта шығармашылық жұмыс
(өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады;
 шығармашылық
жұмысында
көркемдегіш
құралдарды ұтымды қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Қолдану
20 минут

1-тапсырма.
талдаңыз.

Мәтіндерді мұқият оқып, кестені толтырыңыз. Екі мәтінді салыстыра

А мәтіні
Кенет табан астымыз солқ ете түстi. Iзiнше бiз сүйенген түйедей тас қозғалып, жер
сiлкiндi. Сол-ақ екен, аспанды қақ айырған күштi гүрiл естiлдi. Төңiректе тас құлап, қара жер
жарылып, күллi дүние жаңғырығып кеттi. Оқыс күн күркiрегендей жарылыстан құлағым
бiттi.
Бұлақ басындағы арқарлар да үрке жөнелдi...
Әлжуаздау менiң жүрегiм лоблып, басым айналып, жартас түбiне отыра кеттiм.
Қажымұрат болса жартасқа сүйенген қалпы сырықтай боп тұра бердi. Жүрегiм айнып, зәрем
ұшып, жартас жарығындағы қуысқа ендiм. Басым айналып, бүкiл әлем бауырымда бесіктей
тербеліп барады.
Сол сәтте:
– Айтуар! Айтуар! Ананы қара!? Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара!
Қарасаңшы!? Саңырауқұлақтың үлкенi-ай! Қып-қызыл от... жалын... Күннен де жарық...
Қара, қара деймiн!? Күн көрiнбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн... Қызыл күн шықты... – деп
Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлады.
Бiрақ мен жартас қуысына кiрiп, қорыққаннан көзiмдi тас жұмып, жер бауырлап жата
бердiм. Тұла бойым дiрiлдеп, менiмен бiрге бүйiрiмдегi қара жер де солқылдады. Маңайды

дүрiл басып, беттi жалын жалап, төңiректi жай отындай сәуле шарпыды. Шiлде айының
аптабынан да ыстық, күштi дауыл тұрды.
А.Алтай «Дегелеңдегі қызыл күн»
Ә мәтіні
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ
полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы,
таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және
жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі
нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті
материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан
орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары
және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның
нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
https://kk.wikipedia.org/wiki/

А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы
Автор көзқарасы
Қызметі
Құрылымы
Тілдік ерекшелігі

2-тапсырма. «Туған жерімнің табиғаты» тақырыбында көркемдегіш құралдарды қолдана
отырып, өлең немесе шағын шығарма жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Әртүрлі стильдегі (ғылыми,
ресми іс-қағаздар,
публицистикалық, көркем
әдебиет, ауызекі сөйлеу
стилі) мәтіндердің
тақырыбын, автор
көзқарасын, мақсатты
аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын,
тілдік ерекшелігін
салыстыра талдайды.
Берілген тақырыпта
шығармашылық жұмыс
(өлең, әңгіме, естелік,
шығарма) ұсынады;
Шығармашылық
жұмысында көркемдегіш
құралдарды ұтымды
қолданады.

1

Барлығы

2

Дескриптор
Білім алушы
А мәтінінің тақырыбын жазады;
Ә мәтінінің тақырыбын жазады;
А мәтініне автордың көзқарасын жазады;
Ә мәтініне автордың көзқарасын жазады;
А мәтінінің қызметін жазады;
Ә мәтінінің қызметін жазады;
А мәтінінің құрылымын жазады;
Ә мәтінінің құрылымын жазады;
А мәтінінің тілдік ерекшелігін жазады;
Ә мәтінінің тілдік ерекшелігін жазады;
шығармашылық жұмыс (өлең немесе
шағын шығарма) жазады;
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданады;
берілген тақырыптан ауытқымайды.

Балл
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1

13

«Экология: ядролық және мұнай өндірістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні________________________________________________
Бағалау критерийі
Әртүрлі стильдегі (ғылыми,
ресми іс-қағаздар,
публицистикалық, көркем
әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі)
мәтіндердің тақырыбын, автор
көзқарасын, мақсатты
аудиторияға сәйкес қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін
салыстыра талдайды.
Берілген тақырыпта
шығармашылық жұмыс (өлең,
әңгіме, естелік, шығарма)
ұсынады;
Шығармашылық жұмысында
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданады.

Төмен
Әртүрлі стильдегі екі мәтіннің
тақырыбын, автор көзқарасын,
қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдап
жазуда қиналады.

Оқу жетістігі деңгейі
Орта
Әртүрлі стильдегі екі мәтіннің
тақырыбын, автор көзқарасын,
қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдап
жазуда қателеседі.

Жоғары
Әртүрлі стильдегі екі мәтіннің
тақырыбын, автор көзқарасын,
қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдап
жазады.

Шығармашылық жұмыс (өлең,
әңгіме, естелік, шығарма) жазуда,
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолдануда қиналады.

Шығармашылық жұмыс (өлең,
әңгіме, естелік, шығарма) жазуда,
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолдануда қателеседі.

Шығармашылық жұмыс (өлең,
әңгіме, естелік, шығарма)
жазады, көркемдегіш құралдарды
ұтымды қолданады.

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Экология: ядролық және мұнай өндірістері»
ІІ нұсқа
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет,
ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын,
автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін,
құрылымын,
тілдік
ерекшелігін
салыстыра талдау.
Білім алушы
 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар,
публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі
сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор
көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін
салыстыра талдайды.
Қолдану
15-20 минут

Тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқып, кестені толтырыңыз. Екі мәтінді салыстыра талдаңыз.
А мәтіні
Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның
ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасымен бірге мұнай және газ
өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау
және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ
кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең
алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты
барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес,
адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
Мұнай-газ өндіруде баю мен пайда табу көзі ретінде қарамай, шамалы табысқа бола
оларды жыртқыштықпен жұмсап, табиғи ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды
қалдықтармен ластауға болмайтынынабүгін де көз жетті. Осыған орай, соңғы жылдары
Республикамызда, жақын және алыс шетелдерде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп
көңіл бөлінеуде. Қазіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау,
қоршаған орта сапасына баға беру, келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау
шараларын жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
https://stud.kz/referat/show/43750
Ә мәтіні
Түн жамылған сай іші жап-жарық Ай таң атқандай ағартып барады. «Құлыным-ай» деген ана-дауыс еміреніп келіп, сай ішін жағалап кетті. Сол-ақ екен тып-тыныш бір әлем
орнады да көкірегі қарс айырылып, ана-бейне дауыс салды. «Сен құрсақта жатқанда Дегелең
тауының түбінен жер астын дүмпілдетіп, жарылыс болып жатушы еді, сол басылды ма?
Іңгәләп, бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып, шыр етіп, қолды-аяққа
тұрмай безілдеп кетуші едің. Сол әдеттің ес білгенше қалмап еді... Сен Шыңғыс тауының
етегінен көтерілген ауадағы қып-қызыл, саңырауқұлақ іспетті лаулап тұрған алауға
қызығып, жүгіре жөнелетін едің, қазір ше? «Апа, тау жақтағы әуеде қалықтап тұратын

саңырауқұлақ бүгін тағы да түсіме кірді» - дейтін ең. Сонда әжең жарықтық: «О,
қарғатайым-ау! Сен де, құдай жеткізсе сол саңырауқұлақ сияқты, жұрттың көзінің жауын
алып, лаулап тұратын боласың», - деп мейірленіп, маңдайыңнан сүюші еді. «Қазір
қайдасың? Қайда кетіп қалғансың?» Сай ішіндегі дауыс әлсіреп сөніп, Ай көтеріліп, биіктеп
бара жатқандай болды. Сол қалпы, терең сайдағы әр тобылғының түбінен Ләйлә-қызды
іздеп, кезіп барады. Бірақ бұл жолы Ай бетіне еміреніп қарайтын терең сайдағы қыз бейнесі
көрінбеді. Адамдар қара-құрым болып, көп жиналған жерден бойын аулақ салып, көзге
түспеуге тырысып жүруші еді.
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»
А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы
Автор көзқарасы

Қызметі
Құрылымы
Тілдік ерекшелігі

Бағалау критерийі
Әртүрлі стильдегі
(ғылыми, ресми ісқағаздар,
публицистикалық, көркем
әдебиет, ауызекі сөйлеу
стилі) мәтіндердің
тақырыбын, автор
көзқарасын, мақсатты
аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын,
тілдік ерекшелігін
салыстыра талдайды.
Барлығы

Тапсырма
1

Дескриптор
Білім алушы
А мәтінінің тақырыбын жазады;
Ә мәтінінің тақырыбын жазады;
А мәтініне автордың көзқарасын жазады;
Ә мәтініне автордың көзқарасын жазады;
А мәтінінің қызметін жазады;
Ә мәтінінің қызметін жазады;
А мәтінінің құрылымын жазады;
Ә мәтінінің құрылымын жазады;
А мәтінінің тілдік ерекшелігін жазады;
Ә мәтінінің тілдік ерекшелігін жазады;

Балл
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
10

«Экология: ядролық және мұнай өндірістері» бөлімі бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім
алушының
жөні________________________________________________
Бағалау критерийі
Әртүрлі стильдегі
(ғылыми, ресми ісқағаздар,
публицистикалық,
көркем әдебиет,
ауызекі сөйлеу стилі)
мәтіндердің
тақырыбын, автор
көзқарасын, мақсатты
аудиторияға сәйкес
қызметін,
құрылымын, тілдік
ерекшелігін
салыстыра талдайды.

Төмен
Әртүрлі стильдегі
екі мәтіннің
тақырыбын,
автор
көзқарасын,
қызметін,
құрылымын,
тілдік
ерекшелігін
салыстыра талдап
жазуда қиналады.

18

аты-

Оқу жетістігі деңгейі
Орта
Жоғары
Әртүрлі стильдегі Әртүрлі стильдегі
екі мәтіннің
екі мәтіннің
тақырыбын,
тақырыбын,
автор
автор
көзқарасын,
көзқарасын,
қызметін,
қызметін,
құрылымын,
құрылымын,
тілдік
тілдік
ерекшелігін
ерекшелігін
салыстыра талдап салыстыра талдап
жазуда
жазады.
қателеседі.

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАРЫ

19

«Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның
қарым-қатынасын
ескере
отырып,
талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда
бағалау;
11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу
мәнеріне сай қолдану.
Білім алушы
Бағалау критерийі
 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның қарым-қатынасын ескере
отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады.
 Көтерілген мәселеге сыни тұрғыда
баға береді.
 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
Ойлау дағдысының Қолдану
деңгейлері
15-20 минут
Орындау уақыты
Оқу мақсаты

1-тапсырма.
Берілген мәтін бойынша
оқырманның қарым-қатынасын ескере
құрастырыңыз.

көтерілген мәселеге автор мен
отырып, талқылау сұрақтарын

Біз қалай десек те, бүгінде дарындылар дамыған елдерде өз білімін
жалғастыруды жөн көреді. Дегенмен олардың саны елде қалып, отандық жоғарғы
оқу ордаларында білім алып жүрген студенттерден көп емес. Бірақ ақылдылар
үшін ашық таластың қазір нағыз қызған шағы десек те болады. Тегін оқу, жақсы
шәкіртақы беріп қызықтыра алатын Еуропа еліне аңсары ауатын жастардың елден
кетуіне де осы білімдегі жағдайлар да себеп. Мәселен, бүгінде аспан асты еліне
құжат тапсырып, тілдік білімін дәлелдеген қазақ жастарының қарасы қалың.
Себептің тағы бірі – елде жастарға арналған шынайы бағдарламалардың жоқтығы.
Бұл әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Серік
Бейсембаевтың пікірі.
«Миграция Қазақстан экономикасына орасан зор кері әсерін тигізіп
жатқанын айта кету керек. Көп жағдайда білікті мамандардың орны бос қалады.
Сәйкесінше, адами капитал сапасы төмендеуде. Бұл – Қазақстан сияқты дамушы
мемлекет үшін жағымсыз дүние. Осы факторлар білім сапасының төмендеуіне,
әлеуметтік қызмет көрсету, оның ішінде денсаулық сақтау саласының
төмендеуіне әкеледі. Миграция әсерінен Қазақстанның экономикалық зардаптары
туралы зерттеулер өкінішке қарай жоқ. Сондықтан мемлекет талантты, білімді
жастарды қолдауға мән беруі қажет. «Жас кадрлар сыртқа кетпеуі үшін мемлекет
не істей алады?» деген сұраққа жауап іздеу керек. Жас мамандарға бағытталған
бағдарламалар, нақты іс-әрекеттер қажет-ақ».

20

1-сұрақ: .........................................................................................................
2-сұрақ: .............................................................................................................
3-сұрақ: ..........................................................................................................
2-тапсырма. Тілдесім барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды
қолданыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сыни тұрғыда баға беріңіз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Мәтінде
көтерілген
мәселеге байланысты
талқылау сұрақтарын
құрастырады.

1

Көтерілген мәселені
сыни тұрғыда баға
береді.
сөйлеу ағымындағы
интонацияның
құрамдас бөліктері:
әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай
қолданады.
Барлығы

2

Дескриптор
Білім алушы
Көтерілген мәселені анықтайды.
Тәжірибелік сұрақтар
құрастырады.
Талқылау сұрақтарын
құрастырады.
Сыни тұрғыда ой білдіреді.

Балл

Көтерілген мәселеге баға береді.

1

Интонацияның құрамдас
бөліктерін орынды қолданады.

1

әуен, әуез, тембр, қарқын,
кідірісті сөйлеу мәнеріне сай
қолданады

1

1
1
1
1

7

21

«Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Мәтінде көтерілген
мәселеге байланысты
талқылау сұрақтарын
құрастырады.

Төмен
Көтерілген мәселені анықтауда,
тәжірибелік сұрақтарды қолданып,
талқылау сұрақтарын құрастыруда
қиналады.

Көтерілген мәселеге Көтерілген мәселеге сыни тұрғыда
сыни тұрғыда баға баға беруде қиналады.
береді.

сөйлеу ағымындағы
интонацияның
құрамдас бөліктері:
әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай
қолданады.

Оқу жетістігі деңгейі
Орта
Көтерілген мәселені анықтауда,
тәжірибелік сұрақтарды қолданып,
талқылау сұрақтарын құрастыруда
қателеседі.

Жоғары
Көтерілген мәселені
анықтайды. тәжірибелік
сұрақтарды қолданып,
талқылау сұрақтарын
құрастырады.

Көтерілген мәселеге сыни тұрғыда
баға беруде қателеседі.

Көтерілген мәселеге сыни
тұрғыда баға береді.

Сөйлеу ағымындағы интонацияның
Сөйлеу ағымындағы интонацияның
құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, құрамдас бөліктері: әуен, әуез,
қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу
қолдануда қиналады.
мәнеріне сай қолдануда қателіктер
жібереді.

Сөйлеу ағымындағы
интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті сөйлеу
мәнеріне сай қолданады.

22

«Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа
11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның
қарым-қатынасын
ескере
отырып,
талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда
бағалау;
11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу
мәнеріне сай қолдану.
Білім алушы
Бағалау критерийі
 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның қарым-қатынасын ескере
отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады.
 Көтерілген мәселеге сыни тұрғыда
баға береді.
 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
Ойлау дағдысының Қолдану
деңгейлері
15-20 минут
Орындау уақыты
Оқу мақсаты

1-тапсырма.
Берілген мәтін бойынша
көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақ құрастырыңыз.
Сайып келгенде, сарапшылар мен жастардың көзқарасы бір арнаға тоғысып
тұр. Жастарды мұнда ұстап тұрудың бірінші жолы – еңбекақы, жайлы жұмыс.
Оған баспананың жоқтығын қосыңыз. Жемқорлық факторы да аяқтан тартады.
Бұған елдегі білім жүйесінің сәт сайын реформалануы да жастарды қыр асыруға
жол ашып жатыр. Мұхит асып, жыраққа кеткен қазақ жастарының елге оралу не
оралмауын әрбір түлек өзі шешеді. Алайда ел ішінде білім алып, биікке
көтерілген дарындылардың өзге елдің түтінін түзу етіп, жат жердің табысын
еселеуі қазақ интелегенциясын алаңдатады. Жаһанның жуан елдеріндегі жағдайға
еті үйреніп қалған жастардың ішінде де Отанына оралып, адал қызмет атқарып
жүргендері қаншама. Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің бірнеше жыл
бұрын жүргізген статистикасына көз салсақ, жастардың 23,7 пайызы Ресейге
немесе жақын шетелдерге, әсіресе ТМД елдеріне кетуге ұмтылады екен. Ал алыс
шетелге шығып, сонда тұруға ықылас танытқандар қатары 13,8 пайызға жетіп
жығылған.
Түйін. Жалақысы жоғары, мәртебесі биік маман иесі болуға әркімнің таласы
бар. Шартараптың мойындалған білім жүйесіне мойынсұнатын қазақ жастарының
білім жолында ізденіп жүргендері көңіл қуантады. Бірақ қазақ қоғамын
алаңдататыны – қазақ жастарының шетелдің азаматтығын алып, сонда тұрақтап
қалуы. Мықты мамандар өзімізге керек, ал оларды ұстап тұрудың тетігін табу
адами капитал сапасына мән беретін кезеңнің жеткендігін ұғындырып тұр.
1-сұрақ: .........................................................................................................
2-сұрақ: .............................................................................................................
3-сұрақ: ..........................................................................................................
23

2-тапсырма. Тілдесім барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды
қолданыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сыни тұрғыда баға беріңіз.
__________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Мәтінде
көтерілген
мәселеге байланысты
талқылау сұрақтарын
құрастырады.

1

Көтерілген мәселені
сыни тұрғыда баға
береді.
сөйлеу ағымындағы
интонацияның
құрамдас бөліктері:
әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай
қолданады.
Барлығы

2

Дескриптор
Білім алушы
Көтерілген мәселені анықтайды.
Тәжірибелік сұрақтар
құрастырады.
Талқылау сұрақтарын
құрастырады.
Сыни тұрғыда ой білдіреді.

Балл

Көтерілген мәселеге баға береді.

1

Интонацияның құрамдас
бөліктерін орынды қолданады.

1

әуен, әуез, тембр, қарқын,
кідірісті сөйлеу мәнеріне сай
қолданады

1

1
1
1
1

7

24

«Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Мәтінде көтерілген
мәселеге байланысты
талқылау сұрақтарын
құрастырады.

Төмен
Көтерілген мәселені анықтауда,
тәжірибелік сұрақтарды қолданып,
талқылау сұрақтарын құрастыруда
қиналады.

Көтерілген мәселеге Көтерілген мәселеге сыни тұрғыда
сыни тұрғыда баға баға беруде қиналады.
береді.

Сөйлеу ағымындағы
интонацияның
құрамдас бөліктері:
әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай
қолданады.

Оқу жетістігі деңгейі
Орта
Көтерілген мәселені анықтауда,
тәжірибелік сұрақтарды қолданып,
талқылау сұрақтарын құрастыруда
қателеседі.

Жоғары
Көтерілген мәселені
анықтайды. тәжірибелік
сұрақтарды қолданып,
талқылау сұрақтарын
құрастырады.

Көтерілген мәселеге сыни тұрғыда
баға беруде қателеседі.

Көтерілген мәселеге сыни
тұрғыда баға береді.

Сөйлеу ағымындағы интонацияның
Сөйлеу ағымындағы интонацияның
құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, құрамдас бөліктері: әуен, әуез,
қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу
қолдануда қиналады.
мәнеріне сай қолдануда қателіктер
жібереді.

Сөйлеу ағымындағы
интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті сөйлеу
мәнеріне сай қолданады.

25

«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқу мақсаты

11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген
мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру.
11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып,
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу
(аргументативті эссе).

Білім алушы
 мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
 Берілген
мәліметтер
мен
пікірлерді
өңдеп
толықтырады;
 Қажетті ақпараттарды орынды қолдана отырып,
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп,
аргументатаивті эссе жаз
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
12.03.2024
3726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі