ТЖБ №2 2-тоқсан орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТЖБ №2 2-тоқсан орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу

7-сынып

Ұзақтығы: 45 минут

Тыңдалым - 10 минут

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр оқушыға 2 минут беріледі)

Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртіншісі – айтылым және тілдік бағдарды тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4






7.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау



7.1.3.1 әлеуметті-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 120 сөзден тұратын спорт және денсаулық күтімі тақырыбына қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды. (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім өлеңді өзі 2 рет оқып береді).

Оқушылар мәтінді тыңдау барысында қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну үшін тест тапсырмасын орындайды, төрт нұсқаның ішінен дұрыс 1 жауапты белгілейді және мәтіндегі екі мәліметті сәйкестендіреді. Мұғалім оқушының тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінгенін бағалайды.

10

5

1-4






7.3.2.1 ресми-іскерлік (өтініш) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар ресми стильде жазылған өтінішті оқиды. Өтініштің жанрлық және стильдік ереркшеліктері мен мазмұнына қатысты тест сұрақтарына жауап береді Мұғалім оқушының өтініштің жанрлық ерекшеліктерін білетіндігін және мазмұнын түсінгенін бағалайды.

15

5

1

7.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш жазу


Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы берілген жағдаяттың бірін таңдап, өтініш жазады. Мұғалім оқушының ресми стильде жанрлық ерекшеліктерге сай өтініш жаза алуын бағалайды.

20

10

1

7.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту




Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы тақырыптардың бірін таңдап, монолог құрастырады (әр оқушы 8-10 сөйлем айту керек).

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, баяндауда екпін түрлерін тиімді қолдануын бағалайды.

Тыңдалым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

10

Барлығы:

45 минут

30

1-нұсқа

Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Спорт – бақытқа бастар жол.

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі. Ғалымдар АҚШ-тың Пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. Олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. Ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген күйлерін жазып тапсырған. Нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әлсіздіктен құтылғанын мәлімдеген. Сонымен қатар, дәрігерлер қатысушылардың психикасында оң өзгерістер барын анықтаған. Студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл-күйлерінің көтеріліп, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген.


1.Сөйлемді аяқтаңыз. «Шынықсаң – ...»

А) зорбайлық

B) мықты денсаулық

С) денсаулық кепілі

D) шымыр боласың 1 балл

2.Пьер де Кубертен қандай тұжырым жасады.

А) Спорт түгел ғалам емес

B) Спорт түгел ғалам

С) Спорттың пайдасы аз

D) Спортпен шұғылданбаңдар 1 балл

3.Өзіңді күні бойы сергек сезіну үшін қандай тәсіл қолданамыз.

А) дұрыс тамақтану.

B) таза ауамен демалу

С) спортпен шұғылдану

D) білім алу. 1 балл

  1. Мағынасына қарай мәліметтер орын тәртібімен дұрыс қойыңыздар.(1,2,3) (2 балл)



Олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған.


Студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл-күйлерінің көтеріліп, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген.


Ғалымдар АҚШ-тың Пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген.












Оқылым.

Ресми стильде жазылған мәтінді түсініп, оның мазмұны мен стильдік ерекшеліктеріне талдау жасау.

Қазақстан Республикасының Білім министрлігіне

Аты-жөні: Төлегенова Айгүл Мұратқызы

Мекенжайы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 15-үй, 20-пәтер

Телефон: +7 (777) 123-45-67

Электрондық пошта: aigerim_tolegenova@mail.kz

Өтініш

Мен, Төлегенова Айгүл Мұратқызы, Алматы қаласы, №15 мектептің ағылшын тілі мұғалімімін. Сізден кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында шетелдік педагогикалық курстарға қатысу үшін қаржылық қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

Мұндай курстар шетелдік тәжірибемен танысуға және кәсіби дағдыларымды жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл менің жұмыс сапамды арттыруға және оқушыларымның білім деңгейін көтеруге септігін тигізеді деп есептеймін.

Сізден өтінішімді қарастырып, қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

Құрметпен, Төлегенова А.М.

2024 жылғы 7 желтоқсан

1. Өтініштің стильдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

Төмендегі сұраққа жауап беріңіз:

1.Сөйлемдер қалай құрылған (қысқа және нақты ма, әлде күрделі ме)?

__________________________________________________________________

2.Өтініште не сұралады?

A) Жұмысқа орналасуға көмектесу

B) Қаржылай қолдау көрсету

C) Оқушылардың үлгерімін бағалау

D) Жұмыс орнын ауыстыру

3.Өтініш қай мекемеге жолданған?

A) Мектеп басшылығына

B) Білім министрлігіне

C) Қалалық әкімдікке

D) Жеке компанияға

4.Автордың өтінішін қолдауға қандай себептер келтірілген?

A) Қаржылық қиындықтары бар

B) Жаңа тәжірибе алу маңызды

C) Мектептегі оқушылар саны аз

D) Өз біліктілігін растау қажет

5. Өтініш авторы қай жерде жұмыс істейді?

A) Астана қаласының әкімдігінде

B) №15 мектепте

C) Денсаулық сақтау министрлігінде

D) Халықаралық ұйымдарда

Жазылым

1. Теңеу мен метафораны қолдана отырып, мәтін құрастырыңыз.

2.«Ұлттық нақыштағы сәнді киімді таңдаймын» деген тұжырым бойынша мәтін жазыңыз.

Айтылым. «Спорт және денсаулық күтімі» тақырыбында монолог құрастырыңыз



Балл қою кестесі

Тыңдалым, оқылым

Дағды

Жауап

Балл

Жалпы

балл

Тыңдалым

1

D

с

1


5 балл

2

B

д

1

3

C

с

1

4

  1. -2

  2. -2

  3. -3

2-1

1-2

3-3



2



Оқылым

1.Стильдік талдаудың толықтығы

2.Мазмұнға қатысты дұрыс жауапта

3.Ресми стильде сөйлем құрастыру

1

Нақты,мақсатқа бағытталған

1



5 балл

2

В

В

1

3

В

С

1

4

В

В

1

5

в

а

1

Жалпы




10 балл









Жазылым

Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5



Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Төмен

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп

болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.


Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5



Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.


Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын

ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

2

Төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

























2-нұсқа

Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

1.Сөйлемді аяқтаңыз. Ғалымдар кімдерге зерттеу жүргізген?

А) оқушыларға

B) ата-аналарға

С) 200-ге жуық студентке

D) халыққа 1 балл

2. Сөйлемді аяқтаңыз. «Шынықсаң – ...»

А) зорбайлық

B) мықты денсаулық

С) денсаулық кепілі

D) шымыр боласың 1 балл


3.Өзіңді күні бойы сергек сезіну үшін қандай тәсіл қолданамыз.

А) дұрыс тамақтану.

B) таза ауамен демалу

С) спортпен шұғылдану

D) білім алу. 1 балл


4.Мағынасына қарай мәліметтер орын тәртібімен дұрыс қойыңыздар.(1,2,3)


Ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген күйлерін жазып тапсырған


Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен.


Студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл-күйлерінің көтеріліп, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген.




Оқылым. Ресми стильде жазылған мәтінді түсініп, оның мазмұны мен стильдік ерекшеліктеріне талдау жасау.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне

Аты-жөні: Әбдібекова Жанар Қайратқызы

Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 50-үй, 12-пәтер

Телефон: +7 (701) 456-78-90

Электрондық пошта: zhanar.abdibekova@mail.kz

Өтініш

Мен, Әбдібекова Жанар Қайратқызы, Астана қаласындағы №5 қалалық емханада учаскелік дәрігер болып жұмыс істеймін. Сізден кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік беруіңізді сұраймын.

Бұл конференция заманауи медициналық технологиялар мен әдістерді меңгеруге, сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жолында жаңа тәжірибе алмасуға септігін тигізеді.

Сізден өтінішімді қарастырып, қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

Құрметпен, Әбдібекова Ж.К. 2024 жылғы 7 желтоқсан

Өтініштің стильдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Мәтіндегі сөйлемдердің құрылымы (қысқа, нақты, мақсатқа бағытталған)?

_________________________________________________________________________

2.Өтініште қандай іс-шараға қатысу сұралып отыр?

A) Қалалық семинар

B) Халықаралық конференция

C) Оқу курстары

D) Жұмыс орнына ауысу

3.Өтініштің негізгі мақсаты қандай?

A) Қаржылай көмек сұрау

B) Медициналық жабдықтар алу

C) Кәсіби дағдыларды жетілдіру

D) Жаңа жұмыс орнына ауысу

4.Өтініш авторы қай жерде жұмыс істейді?

A) Астана қаласының әкімдігінде

B) №5 қалалық емханада

C) Денсаулық сақтау министрлігінде

D) Халықаралық ұйымдарда

5.Мәтінде қандай дәлелдер келтірілген?

A) Жаңа медициналық технологиялар мен әдістерді меңгеру

B) Жалақының жетіспеушілігі

C) Емханадағы жұмыс көлемінің көбеюі

D) Басқа салаға ауысу ниеті

Жазылым

1. Теңеу мен метафораны қолдана отырып, мәтін құрастырыңыз.

2.«Ұлттық нақыштағы сәнді киімді таңдаймын» деген тұжырым бойынша мәтін жазыңыз.

Айтылым. «Спорт және денсаулық күтімі» тақырыбында монолог құрастырыңыз







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2024
334
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі