400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ 2-сынып Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының арасынан дұрыс жауабын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын тексеруге бағытталған көп таңдауы бар, қысқа және толық жауаптарды қажет ететін тапсырмаларды қамтиды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дюсенова Жаксылык Алимбаевна
Петропавл қаласы
ПШО филиалы

Бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау


Тыңдаушының портфолиосы В бөлімі



  1. Сынып Пән Қазақ тілі
    IV
    тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы

Ұзақтығы - 40 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны – 14
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының арасынан дұрыс жауабын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын тексеруге бағытталған көп таңдауы бар, қысқа және толық жауаптарды қажет ететін тапсырмаларды қамтиды


















Ортақ тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тексерілетін оқу мақсаты

Тапсырма түрі

Тапсырманың сипаттамасы

Орындалу уақыты

Жалпы балл

Өзім туралы
Менің отбасым және достарым

Тыңдалым және айтылым

2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Толық жауапты қажет ететін тапсырма

Білім алушы берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды және оларға сүйеніп шағын әңгіме құрастырып айтады.

Сабақтан тыс уақытта өткізіледі (әр оқушыға 2-3 мин. Беріледі)

5

Оқылым

2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 2.2.1.1* сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/ пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау; 2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырма лар

Білім алушы тақырыпқа қатысты 55-60 сөз көлеміндегі мәтінді оқиды. Тапсырмалар мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастыруға және қойылған сұрақтарға жауап беруге, мәтіннің түрін, құрылымдық бөліктерін ажыратуға, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауға бағытталады.

20

5

Жазылым, тілдік нормаларды қолдану

2.3.2.1* үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама жазу 2.4.2.5* дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау

Қысқа жауапты және толық жауапты қажет ететін тапсырма

Жазылым жұмысындағы тапсырмалар сұрақтардың/ жоспардың көмегімен қарапайым хабарландыру жазуға және сөз таптарын түрлеріне қарай ажыратуға бағытталады

20

4

барлығы





40

14











Тыңалым және айтылым.

  1. Тапсырма.
    Тақырып пен тірек сөздерді мұқият тыңда. Әңгіме не туралы болуы мүмкін екенін болжа.

Қамқорлық.

Тірек сөздер: Көше, достар, мектепке асығыс, көмектесті, әже, өте алмады, риза, қамқоршы, жолдан өткізді, машиналар зулайды, өткізді, сөмкесі, ауыр екен, жеткізді, үйіне.


[5]


Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орында.

Саябақта
Сырым атасымен саябаққа қыдыруға барып жүретін. Онда кешке қарай ұзақ ойнайтын. Көгершіндерге жем шашатын, тиіндерге жаңғақ беретін. Бір тиінді олар күнде көретін болған. Бірнеше күн сол тиін көрінбеді. Сырымның көңіл -күйі күндегіге қарағанда жабырқаулы. Атасы екеуі бақты біраз айналып әлгі тиінді тауып алды. Оның жанында кішкентай балапандары да бар болатын. Атасы екеуі тиіндерге жаңғақ берді. Тиін де оларға мейіріммен қарағандай болды. Баласымен атасы үйлеріне көңілді қайтты.


1. Сұраққа жауап жазыңыз.


Сырым неге жабырқаулы?

Жауап: ________________________________________________________________________________



2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.

Сұрақ ____________________________________________________


3 Мәтіннің негізгі ойы
а) достық

в) жауапкершілік
с)қамқорлық


4. Оқыған мәтін қай мәтін түріне жатады қоршап сызыңыз.

Пайымдау әңгімелеу сипаттау


5. Мәтіннің кіріспе бөлімін қоршап көрсет.


[5]




Жазылым.



1. Тапсырма.
Оқылған мәтіннен күрделі етістіктерді теріп жаз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[1]

  1. Балалар күніне арналған мерекелік концерт болатыны жайында хабарландыру жаз.

  • Өтетін уақыты

  • Болатын орны

  • Ұйымдастырушылар


Тірек сөздер: 1 маусым, оқушылар, мектеп акт залында, әкімшілік. [3]









Балл қою кестесі


№

Жауап

Балл

Қосымша

ақпарат


Тыңдалым мен айтылым (5 балл)

1

Білім алушының ықтимал жауабы. Достар мектепке асығыс келе жатыр еді. Жолдан өте аламай тұрған қарт әжейді көрді. Жолда машиналар тым көп еді. Әжейдің қолында ауыр сөмкелері бар екен. Достар оған жолдан өтуге көмектесіп, үйіне шығарып салды. (тірек сөздер қолданылған барлық жауаптпр қабылданады)

1

1

1

1

1

Тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады; Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды; Тірек сөздерді орынды қолданады; Сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

Оқылым (5 балл )

2

Ол тиінді көрмеді (осыған жақын мәндес жауаптар)

1



Мәтін мазмұнына сай сұрақ құрастырады

1

Сөйлем құрылымын сақтайды. Орынды сұрақ қояды.


Қамқорлық

1



әңгімелеу

1



Кіріспе бөлімін көрсетеді

1


Жазылым (4 балл)



Күрделі етістіктерді теріп жазады



Құрметті оқушылар!


Бірінші маусым күні ашық алаңда мерекелік концерт өтеді. Келіңіздер, қатысыңыздар. Мектеп акт залында сағат 11- 00 жиналамыз.

Мектеп әкімшілігі.

1

Екі етістіктен кем емес


Хабарландыру жазу талаптарын сақтайды;


Өту уақытын жазады.


Сөйлемдерді дұрыс құрастырады;

1

1

1

Барлығы:

14 ұпай




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
4274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі