Тжб 2 тоқсан 7 сынып Қазақстан тарихынан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тжб 2 тоқсан 7 сынып Қазақстан тарихынан

Материал туралы қысқаша түсінік
Тжб
Материалдың қысқаша нұсқасы

II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут

Балл саны - 25


Тапсырмалар түрлері:

КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар



Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді



Оқушының аты-жөні: ____________________________________ сынып ____

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ПӘНІ БОЙЫНША.

TЖБ. 7-сынып. ІІ-ТОҚСАН. 25 – ұпай

1-тапсырма. Өлең жолдарын оқып және өз біліміңді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз


...Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің!

Бармақтары майысып,

Ою-өрнек ойысып,

Ұста болар ма екенсің!

Таңдайларың тақылдап,

Шешен болар ма екенсің!

...Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Қызмет қылар ма екенсің?!

Қолымыздан іс алып,

Бақытымызға жан балам.






Бесік жыры

Жігіттер:

Алып келген базардан қара нөсер,

Жар-жар-ау!
Қара мақпал сәукеле шашың басар,
Жар-жар-ау!
Мұнда әкем қалды деп қам жемеңіз,
Жар-жар-ау!
Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар,

Жар-жар-ау,

Қыздар:

Есік алды қара су майдан болсын,

Жар-жар-ау,
Ақ жүзіңді көрерлік айнам болсын,
Жар-жар-ау,
Қайын атасы бар дейді осы қазақ
Жар-жар-ау,
Айналайын әкемдей қайдан болсын,

Жар-жар-ау.

Жар-Жар


    1. Берілген өлең жолдарын түсініп оқып шығып, қазақ қоғамында қаншалықты маңызды рөл атқаратын жазыңыз.

    2. Өлең жолдарын оқи отырып, берілген салт-дәстүрлердің рөлін түсіндіріп, дәлел келтіріңіз:

    3. Бүгінгі қоғамда дәстүрлі, ғұрыптық әндердің орындалуы қаншалықты қажет деп ойлайсыз?

[5]


2-тапсырма. Деректі және өз біліміңді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз

Орынбор казактары

Орынбор казак әскерлері 1748-1755 жылдар аралығында құрылды. Олардың Жайық казактарынан айырмашылығы — өз беттерімен келіп, стихиялық түрде құрылған жоқ, патша үкіметінің бастама көтеруі бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор казактарының негізгі ұйытқысы СамараУфаАлексеев және Есет казактары болды. Олар шекараны қорғау күзетінде қызмет етті. Бұл әскер өзінің құрамы жағынан көп ұлтты еді. Орыстардың басым болуымен қатар, оның құрамына украин, башқұрт, қалмақ, т.б. халықтардың өкілдері енді.

Орынбор казак әскерлері Орынбор губерниясының оңтүстік және оңтүстік-шығыс шекараларында орналасып, осы өлкенің шамамен төрттен бір бөлігін алып жатты. Олар Жайық казак әскерлері мен Сібір казак әскерлерінің шекарасын бір-бірімен жалғастырды. Ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қазақ даласымен шектесті.

1840 жылы «Орынбор казак әскерлері туралы Ереже» шықты. Ол бойынша, Орынбор казак әскерлерінің жерінде тұратын барлық шаруалар казактар тобына қабылданды. Орынбор казак әскерлері өзінің ұйымдастырылуы жағынан тұрақты орыс әскеріне жақын келді. 1842 жылы Орынбор казактарының қатарына құрамында 3 мыңнан астам адамы бар Ставрополь қалмақ әскері келіп қосылды. Орынбор казак әскерлерінің орталығы Орынбор қаласында орналасты.

Казактар негізінен селолық жерлерде қоныстанды. Қалаларда казактардың небары 2%-ы тұрды. Орынбор казактары негізінен егіншілікпен, мал өсірумен, балық аулаумен айналысты. Казак әйелдері ешкінің түбітінен түрлі орамал тоқыды. Бүкіл Ресейге және одан тыс жерлерге кеңінен танымал болған Орынбор шәлісі, орамалы, бөкебайы, бет перделері мен қолғаптары солардың қолымен тоқылатын.

Орынбор казактары өзінің күнделікті өмірінде қазақ халқымен ұдайы араласып тұрды. Казак әскерлерінің аумағындағы жалға алған жерлерде қазақтар көшіп-қонып жүрді. 1916 жылы Орынбор казак әскерлеріндегі халықтың саны 533 мың адамға жуықтады.


  1. Орынбор казак әскерлері қай жылдары құрылды?

  2. Орынбор казак әскерлері туралы Ереже қай жылы шықты?

  3. Орынбор казак әскерлерінің орталығы?

  4. 1916 жылы халық саны қанша болды?

[8]


3-тапсырма.

3.1. Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері

Shape1

Игельстром реформаларының мазмұны




1.

2.

3.

4.

5.

3.2. Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері


Старшындардың талаптары

А.О.Игельстромның талабы







А.О.Игельстромның реформасы неліктен іске аспай қалды?








[8]

4-тапсырма. XVIII-XIX ғасырлардағы көтерілістің ерекшеліктер мен тарихи маңызын түсіндіріңіз.


И.Тайманұлы

М.Өтемісұлы

К.Қасымұлы








Тарихи маңызы


[4]


Балл қою кестесі

Тапсы рма

Жауап

Балл

Қосымша

ақпарат






1

Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.

Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімініңдүниетанымының көрінісі бар.

Жар-жар — қазақ тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.



2

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады.

Жар, жұбай — ерлі-зайыпты адамдардың бір-біріне жақындығын білдіретін туыстық атау. Ал зайып сөзі, көбінесе, әйелге қатысты айтылады. 


2

Бүгінгі қоғамда дәстүрлі, ғұрыптық әндердің орындалуы қажет


1








2

Орынбор казак әскерлері 1748-1755 жылдар аралығында құрылды.


2

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

1840 жылы «Орынбор казак әскерлері туралы Ереже» шықты.


2

Орынбор казак әскерлерінің орталығы Орынбор қаласында орналасты.


2

1916 жылы Орынбор казак әскерлеріндегі халықтың саны 533 мың адамға жуықтады.


2


3

3.1. Игельстром реформаларының мазмұны

1. Хан билігін толығынан жою

2. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша үшке бөлу

3. Расправалар құру

4. Орынборда шегарлық сот құру

5. Кіші жүз аумағында екі не үш қала, бірнеше мектеп, мешіттер салу ұсынысы

3.2. Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері

1. Казак страшындары шегара шебіндегі әкімшілік пен Орал казактарының тарапынан қазақтарға күш көрсетіп, озбырлық жасауын талап етті

2. Реформаның мәні хан билігін толығымен жою

3. Сырым батыр патша үкіметінің ықпалынан біржолата шығып кетуге бағытталған шаралар қабылдай бастады. Бұл әрекет патша үкіметіне мүлде ұнамады. Сөйтіп Игельстромның реформасы іске спай қалды


8







4

И.Тайманұлы бастаған көтеріліс: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасында болған көтеріліске Жәңгір ханның жергілікті

халықтың мүддесінен өз мүддесін жоғары қоюы және қайын атасы Қ. Бажанұлына Каспий маңындағы құнарлы жерлерді беруі себеп болды.


1

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.



1

К.Қасымұлы көтеріліс жалпы қазақ жеріндегі Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы болған ең ұзақ, яғни, 10 жылға созылған көтеріліс болды. Сонымен қатар, бұл көтеріліске үш жүз қазақтарымен қатар өзге ұлт

өкілдері де қатысты.


1


Жалпы бұл көтерілістер қазақ халқының рухын көтеріп, патша өкіметінің жергілікті халықпен санасуына ықпал етті.

1


Жалпы балл 25





Жалпы бұл көтерілістер қазақ халқының рухын көтеріп, патша өкіметінің жергілікті халықпен санасуына ықпал етті.


1

Жалпы балл 25



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
168
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі