Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тжб 2 тоқсан 9 сынып Қазақстан тарихынан

Материал туралы қысқаша түсінік
Тжб
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушының аты-жөні: ________________________________________сынып__________

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ПӘНІ БОЙЫНША.

TЖБ. 9-сынып. ІІ-ТОҚСАН. 30-ұпай

Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. a) КСРО-да 1965-1985 жылдардың «тоқырау жылдары» деп аталуын түсіндіріңіз

а.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

b.«Тоқырау жылдарындағы» Қазақстандағы өнеркәсіп дамуы жағдайын сипаттаңыз

Жағымды

1




2

Жағымсыз

1




2

«Тоқырау жылдарындағы» Қазақстан экономикасының дамуына қандай баға бересіз?

Өз ойыңызды жазыңыз.


2.Берілген сурет негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

Суретте қандай тарихи оқиғадан көрініс берілгендігін анықтаңыз.


Тарихи оқиғаның себептерін анықтаңыз.







Тарихи оқиғаның болған уақытын анықтаңыз.




Тарихи оқиғаның нәтижесі қандай болғандығын анықтаңыз.






Қоғамдық-саяси қайраткерлерді анықтап, олардың ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беріңіз.1-2-3 тұлғаның есімі, ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне дәлел жазыңыз:

Shape2 Shape1

Shape4 Shape3

Shape6 Shape5

4. «Тоқырау» жылдарындағы демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдаңыз.

«Тоқырау» жылдарында Қазақстанның «халықтар достығының зертханасы» деп аталу.Себебін түсіндіріңіз.

1

«Тоқырау» жылдарындағы көші-қонсая сатының Қазақстанға әкелеген салдарларын анықтаңыз.

1

2

Қазақстанда урбандалу себептерін жазыңыз.

1


2

5. Кеңестік әдебиет туралы берілген кестені толтырыңыз.

Шығармалардың авторларын анықтаңыз.





«Генерал

Панфилов»

«Қан мен тер»

«Көшпенділер»


«Адамғатабын, Жер, енді»

Шығарманың қысқаша мазмұнын жазыңыз













ТЖБ жауаптары

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша

1

Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Қоғамдық-әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРОға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Жағымды әсері 1. 170-тен астам кәсіпорын мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. 2. Павлодар облысында Екібастұз отынэнергетика кешенінің Ертісте Шүлбі СЭСінің құрылысы басталды. Трактор және ауылшаруашылық машиналары жасалды, мал шаруашылығы мен жем өндіру машиналарын шығару салалары қарқынмен дамыды. Жағымсыз әсері 1. КСРО-да ғылыми-техникалық революция рухында түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғастырыла берді. 2. Ғылыми-техникалық прогресті тұсауламай тұра алмаған мемлекеттік-монополистік меншік экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді
Қорытынды «Тоқырау жылдарындағы» Қазақстан экономикасының дамуы жоғары деңгейде болды деп айта аламын. Өйткені халықтың жағдайы бірқалыпты болды, басты қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілді.















5





























1

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады.

2

Целиноград оқиғасы Тарихи оқиғаның себептері 1. Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді. (КОКП ХХ съезінен кейін ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. 2. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді. Тарихи оқиғаның болған уақыты 1979 жылы 16-19 маусым Тарихи оқиғаның нәтижесі Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.

5


3

1-тұлға: Д.Қонаев Д.Қонаев 1960 жылы бірауыздан ҚКП Бірінші хатшысы болып сайланды. Жеті жылдың ішінде Қазақстанның экономикалықәлеуеті екі еселенді, ал өнеркәсіп өнімді Қазақстан құрылғанннан бергі барлық жылдармен салыстырғанда көп берді. 2-тұлға: Ж.Тәшенов 1950 жылдан 1960 жылға дейін – Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960- 1961 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. Ж.Тәшенов Солтүстік Қазақстанның бірнеше облысынан тың өлкесін құру жобасына қарсы шықты. 3-тұлға: Ж.Шаяхметов Ж.Шаяхметовтың бастамасы бойынша Қыздар педагогикалық институты, Алматы консерваториясы, Шетел тілдері институты, 6 Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады 22 Шымкент химия-технологиялық институты, дене тәрбиесі институты ашылды.

6


4

«Тоқырау» жылдарында Қазақстанның «халықтар достығының зертханасы» деп аталу себебін түсіндіріңіз. 60-жылдары Қазақстанда 100-ге жуық этнос өмір сүрді. КСРО-да жүргізілген интернационалдандыру саясаты Қазақстанда елеулі өзгерістерге ұшырағанымен, нақты жүзеге асырыла бастады. 50- 70-жылдары орын алған көші-қон ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылысымен байланысты болды. Олар бүкілодақтық құрылыстар болып жарияланды. Одақтың түпкір-түпкірнен Қазақстандағы өнеркәсіп құрылысына жұмысшылар ағылып келіп жатты. «Тоқырау» жылдарындағы көші-қон саясатының Қазақстанға әкелеген салдарларын анықтаңыз. Аграрлық көші-қон тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде артты. Бұл кезде тың өлкесіне 2 млн-нан астам алғашқы тың игеруші келді. Мұндай көші қондар республикада байырғы қазақ халқының меншікті үлесін азайта отырып, халықтың этникалық құрамына әсер етті. 1968 жылдан бастап көші-қон ағындары азайды, бірақ көшіп келген халық салыстырмалы түрде жоғары табиғи өсім есебінен көбеюін жалғастырды. Қазақстандағы урбандалу процесінің себептерін жазыңыз. Кеңестік уақытта Қазақстандағы қалалар санының өсуі өнеркәсіптің дамуы әсерімен жүрді. Олардың ішінде табиғи ресурстарды игеруді, көліктік инфрақұрылымның дамуын атап көрсетуг

5


5

БауыржанМомышұлы«Генерал Панфилов»

ҰлыОтансоғысыныңоқиғаларынаарналған. Әлемхалықтарыныңбірнешетілінеаударылды.
«Қан мен тер ӘбдіжәмілНұрпейісов, Арал балықшыларыныңөмірітуралыбаяндалғанеңбек.

Ілияс Есенберлин көшпенділер, Трилогияда XV ғасырды ң ортасын а дейінгі қазақ тарихы суреттеледі.

Олжас Сүлейменов Адамға табын, Жер, енді»Юрий Гагаринні ң ғарышқа ұшу құрметіне арналған өлең.

8








ТЖБ мақсаттары

Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1965- 1985 жылдар

9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

9.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946- 1985 жылдар)

9.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12