Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
ТЖБ 6 сынып 1-4 тоқсан Қазақстан тарихы 2024-2025
-
Дін
-
Қолөнер
-
Сәулет өнері
Егер дертті болса, дәрі болармын…
•
Қияметте оған жетекші болармын,
•
Сөзімді дос қылып, мақсатына жетсін.
•
Менің хикметтерімді дана естісін,
•
жж.) "Диуани хикмет"
1166
–
Қожа Ахмет Ясауи (1103
Мәртебем сонан менің биіктепті.
•
Гүліме таудың таза суын құйдым,
•
Өмірдің көңіліме сырын түйдім.
•
Атымен тәңірімнің білім жидым,
•
жж.) "Түркі сөздерінің жинағы"
1090
–
Махмұд Қашғари (1030
шоқ...
–
майда, сөзі
–
терең, тілі
–
Ойы
•
тоқ,
–
тоқ, көзі
–
Халыққа жақ, көңілі
•
Халық үшін түсіп шығар тұмаққа.
•
«Шыншыл, сара басшы керек халыққа,
•
жж.) "Құтты білік"
1075
–
Жүсіп Баласағұни (1021
«Қазақстан тарихы» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
6-сынып
2021-2022 оқу жылы
Нұр-Сұлтан қаласы, 2021 жыл
1
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 6 сынып 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 6 сынып
Білім алушы:
Білу
-
отан тарихы кезеңдерін;
-
Қазақстан тарихының орта ғасырдағы негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;
-
отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
-
тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық және әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
-
тарих ғылымының ұғымдарын; тарихи деректердің түрлерін.
Түсіну
-
отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
-
қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;
-
Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін;
-
отан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын;
-
отан тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне құрметпен қарау қажеттігін.
Қолдану
-
тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
-
тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
-
тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
-
Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;
-
тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде;
-
тарихи материалдармен жұмыс кезінде.
Талдау
-
себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;
-
жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның тарихи дамуын;
-
тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
-
тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстанның жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
-проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
-
бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
-
түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.
Жинақтау
-жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;
-қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.
Бағалау
- тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді; - әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Сипаттама |
Тапсырмалар түрлері |
Білу және түсіну |
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтайды, түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұн және А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіреді, Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттайды, күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындайды. |
КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырма лар |
Қолдану |
VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды, Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтайды, тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіреді, қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтайды,тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіреді, ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтайды, қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды, Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтайды. |
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Жоғары деңгей дағдылары |
Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттайды, түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұн және А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын |
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – |
|
түсіндіреді, М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіреді, Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалайды. |
толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Жоғары деңгей дағдылары |
I |
10%
|
70%
|
20%
|
II |
10 % |
75% |
15 % |
III |
10 % |
70% |
20% |
IV |
10 % |
75% |
15% |
Барлығы |
10% |
73 % |
17 % |
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз. Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
Балл саны – 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады.
-
тапсырма бойынша Түрік қағанаттарының басқарудағы ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды.
-
тапсырмада оқушы көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттауда деректі ,өз білімін қолданып, толық жауап жазады.
-
тапсырма Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау бойынша берілген сұрақтарға көп таңдаулы бар сұраққа жауап жазады.
-
тапсырманы бойынша оқушы Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтауда деректі, өз білімін қолданып толық жауапты тапсырманы орындайды.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
-
Бөлім
Тексерілетін мақсат
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма саны*
тапсырма № *
Тапсырма түрі*
Орындау уақыты, мин*
Балл*
Бөлім бойынша балл
VI – IX ғасырлардағы
Қазақстан
6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Қолдану
1
1
ҚЖ
12
7
25
6.2.2.3 көшпелілердің әскери
өнеріндегі жетістіктерін сипаттау
Қолдану
1
2
ТЖ
13
8
6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
Қолдану
2
3-4
КТБ ТЖ
20
10
Барлығы:
-
4
-
-
45
25
25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
7
«Қазақстан тарихы» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқушының аты-өні:____________________________________
1.Түркі қағанаттарының басқарудағы ерекшелігі мен ұқсастығын анықтаңыз.
Түрік қағанаты |
Батыс түрік қағанаты |
Түркеш қағанаты |
Қарлұқ қағанаты |
|
|
|
|
Басқарудағы ұқсастықтары: 1. 2 3 |
|
[7 ]
2.Деректі қолданып көшпелілердің әскери өнердегі жетістіктерін сипаттаңыз.
«Түрік аң мен құсқа, сайыс кезінде нысанаға, адамдарға, тұлыпқа да, әртүрлі бейнелерге де, жыртқыш құстарға да садақтан атқан оғын дәлдеп тигізеді. Оқ жаудырып ол жылқысын алға да, артқа, жоғары және төмен жаққа да шаптырады. Араб-хариджит бір жебені садаққа салғанша түрік он оқ атып үлгереді. Оның епті жылқысы тау жоталарына оңай шығып, шатқалдарына еш қиыншылықсыз түседі, тегіс болмаса ондай жерлерге хариджит шыға алмайды. Түріктің төрт көзі бар: екеуі – алдында, екеуі – желкесінде».
Әл –Джахиз «Манақиб әл-атрак» еңбегі IX ғасыр
-
Түріктердің әскери өнеріне мәтіннен үш дәлел келтіріңіз _________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
[3]
2.Көшпелілердің дәстүрлі қару-жарақтарын, сауыт-саймандарын атаңыз
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
[2]
3.Түріктердің әскери жетістіктеріне үш мысал келтіріңіз
____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
[3]
3.Ұлы Жібек жолына қатысты тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендігін анықтаңыз:
№ |
Тұжырым |
Ақиқат |
Жалған |
1 |
Ұлы Жібек жолы атауын ұсынған неміс ғалымы фон Рихтофен болды. |
|
|
2 |
Б.з.б I ғасырды Ұлы Жібек жолының басталуы деп есептеледі. |
|
|
3 |
Бірнеше ғасырлар бойы жібек матасы Азия құрлығындағы негізгі айырбас тауары рөлін атқарды. |
|
|
4 |
IX-XIII ғасыр басында жібек жолы бойында халықаралық сауда ерекше дамыды |
|
|
5 |
Ұлы Жібек жолы ХVII ғасырға дейін жұмыс істеді. |
|
|
[5]
4.Мәтінді пайдаланып, берілген сұрақтарға толық жауап беріңіз:
VI – XII ғасырларда Қытайдан батыс бағытқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жолдың маңызы артты. Жол бойындағы Испиджаб, Тараз, Құлан, Аспара, Алматы, Талғар, Қойлық, Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақ, Янгикент қалалары гүлдене түсті. Әртүрлі елдерден шыққан саудагерлер мен жиханкездер Жібек жолы бойымен ортағасырлық Қазақстан қалалары арқылы өтті.
1.Картадағы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларды, орналасқан жерлерін жазыңыз
_________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
[2]
2.Ұлы Жібек жолының қала мәдениетіндегі сәулет өнері, қолөнер, діннің дамуына әсерін
сипаттаңыз
[3]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1
|
Ерекшеліктері 1.Түрік қағанаты- қаған ашина руынан шыққан ақсүйектерден болды |
1 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады |
2.Батыс түрік қағанаты- он оқ тайпадан тұрды, әр оқ түменінің өз әскері, жалауы болды. |
1 |
||
3 Түркеш қағанаты- 20 әкімшілік аймаққа бөлінді |
1 |
||
4. Қарлұқ қағанаты-басқарудың әскери – әкімшілік жүйесі орнықты. |
1 |
||
Ұқсастықтары 1.Қаған – мемлекет билеушісі. Оның қолында саяси және әскери билік болды. |
1 |
||
2. Жоғары билік әкеден балаға мұрагерлік жолмен беріліп отырды |
1 |
||
3.Әскери қолбасшылар қызметі үшін қағаннан үлестік иеліктер алып, сол аймақтағы халықтан әскер және салық жинауға құқылы болды. |
1 |
||
2 |
Түрік аң мен құсқа, сайыс кезінде нысанаға, адамдарға, тұлыпқа да, әртүрлі бейнелерге де, жыртқыш құстарға да садақтан атқан оғын дәлдеп тигізеді |
1 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады |
Оқ жаудырып ол жылқысын алға да, артқа, жоғары және төмен жаққа да шаптырады.. |
1 |
||
Араб-хариджит бір жебені садаққа салғанша түрік он оқ атып үлгереді |
1 |
||
Көшпелілердің дәстүрлі қарулары – садақ, найза және қылыш болатын. Ауыр салт атты әскер – айбалта, дөңгелек және бадамша тәрізді қалқан және түйреуге арналған ауыр найзамен жабдықталды. |
1 |
||
Сауыт-сайманы қысқа жеңді сауыттан, бетке арналған қалқаны бар темір дулығадан тұрды. |
1 |
||
VI – VIII ғасырларда жоғары деңгейде болды. Аз уақыт аралығында Түрік қағанаты мемлекеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін сақтау үшін қуатты әскер құрды. Әскерге басшылық ету мәртебесі қағанның туысқандары мен балаларына мұрагерлікпен беріліп отырды. |
1 |
||
Түріктердің темірден қару-жарақ жасау өнері жоғары болды. Жужандарға бодан болған кезеңде түріктер оларға темірден жасалған бұйымдармен салық төлеп тұрған. |
1 |
||
Ең ірі жетістік 751 жылғы Атлах шайқасында Қытай әскері күйрей жеңілуі болды. Тарихшы Ибн әлАсирдің айтуынша, шайқасқа 100 мың қытай сарбазы қатысқан, оның 50 мыңы қаза тапты, 20 мыңы тұтқындалды. Жоғарыда берілген дерек пен суретте көрсетілген әскери жетістіктер түріктердің ұлан ғайыр территорияда үстемдік етіп, Ұлы жібек жолына бақылау орнатып, көптеген елдермен байланыс жасап, өз ықпалын кеңейтті. |
1 |
||
|
|
||
3 |
1-Ақиқат |
1 |
Әр жауапқа бір балл беріледі. |
2-Жалған |
1 |
||
3-Ақиқат |
1 |
||
4-Ақиқат |
1 |
||
5-Жалған |
1 |
||
4 |
Ұлы жібек жолындағы қалалар - Шу, Талас, Сырдария алқаптарында қалалар орналасты., |
1 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады |
Испиджаб, Тараз,Иасы, Отырар, Баласағұн т.б қалалар |
1 |
||
Қалаларда сарайлар, мешіт-медреселер, мұнаралар салынды. Сондай қалалар Испиджаб VІІ ғасырда Қытай жол көрсеткіш кітабында – «Ақ өзендегі қала Испиджаб» деп атааған. Қалаларда су құбырлары, моншалар салынды. Отырар қаласының кітапханасы бар ғылым ,мәдениет орталығы ретінде атағы шықты. |
1 |
||
ІХ-ХІІ ғасырларда Батыс пен Шығысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы гүлденді. Бұл жолмен халықаралық сауда, қалалар арасындағы сауда, қала мен өлке арасындағы сауда кең дамыды.Көшпелілер егін өнімдері мен қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдері мен қолөнерге қажетті шикізатты көшпелілерден алып отырды. |
1 |
||
Ислам дінімен қатар Ұлы жібек жолын бойында буддизм,христиан діні,манихейлік діндер таралды. VІІ -VІІІ ғасырларда христиан дінінің несториандық бағыты кең таралғанын Тараз бен Мерке қалаларында табылған христиан шіркеулерінің қалдықтары дәлелдейді. |
1 |
||
Жалпы балл |
25 |
|
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
II тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
Балл саны – 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады.
-
тапсырма бойынша оқушылар тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иеленуге қатысты терминдерді мағынасымен сәйкестендіреді.
-
тапсырмада қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау үшін берілген деректі өз білімін қолдана отырып, сұрақтарға толық жауап беруі керек.
-
тапсырма түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұн және А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру туралы көп таңдауы бар тапсырманы орындайды. 4 тапсырмаға жауап беру үшін түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұн және А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру үшін деректі өз білімін қолданып, сұрақтарға толық жауап береді.
II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім |
Тексерілетін мақсат |
Ойлау дағдыларыны ң деңгейі |
Тапсырма саны* |
тапсырма № * |
Тапсырма түрі* |
Орындау уақыты, мин* |
Балл * |
Бөлім бойынша балл |
X ғасыр – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан |
6.3.1.4 тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру |
Қолдану |
1 |
1 |
ҚЖ |
7 |
5 |
25 |
6.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау |
Қолдану |
1 |
2 |
ТЖ |
14 |
8 |
||
6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұн және А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру |
Жоғары деңгей дағдылары |
1 |
3 |
КТБ |
9 |
6 |
||
1 |
4 |
ТЖ |
15 |
6 |
||||
Барлығы: |
- |
4 |
- |
- |
45 |
25 |
25 |
|
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |
|
|
|
|
|
|
|
6 сыныпқа «Қазақстан тарихы» пәнінен II тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқушының аты-жөні:_________________________________________
1.Қарахан мемлекетіндегі жер иеленуге қатысты терминдерді мағынасымен сәйкестендіріңіз:
№ |
термин |
№ |
мағынасы |
1 |
муқта немесе иқтадар |
A |
жерді ауқатты адамдардың қорғағаны үшін төлейтін салығы |
2 |
вакфтық жер |
B |
ханның туысқандары мен сенімді адамдарына беретін жер үлестері |
3 |
иқта |
C |
сыйға берілетін жердің түрі |
4 |
коммендация |
D |
иқтаны иемденушілер |
5 |
сойырғал |
Е |
дінбасыларға, діни мекемелерге бай жер иеленушілер мен көшпелі әскербасылары өсиет етіп қалдырған жер. |
Жауаптары:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
2.Деректерді және өз біліміңді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
« Дешті түрік
тілінде дала мағынасын білдіреді. Дала жасыл, гүлденген аймақ, онда ағаш та, тау да, төбе де,
белес те жоқ. Бұл даламен арба ғана жүреді, ал ол алты айлық жолға
созылады. Бұл даланың (Дешті Қыпшақтың) ерекшеліктері мынада: оның
шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік
жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан».
Араб саяхатшы Ибн Баттута, XIV асыр
1.Қыпшақтардың ұлан-ғайыр территорияға иелік етуіне әсер еткен төрт факторды атап көрсетіңіз
а.___________________________________________________________________________
в.____________________________________________________________________________
с.____________________________________________________________________________
d.__________________________________________________________________________
2.Қыпшақтардың көрші елдермен байланыстарына төрт дәлел келтіріңіз
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3.Түркі мәдениетіне қатысты тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендігін анықтаңыз:
№ |
Тұжырым |
Ақиқат |
Жалған |
1 |
Әл-Фараби Аристотельдің «Органон» ілімінің бүкіл кешені жинап, реттеді |
|
|
2 |
Әл Бируни 27 жасында «Өзге буындардың ескерткіштері» атты еңбегін жазды |
|
|
3 |
«Құтты білік» алғаш қазақ тілінде жазылған энциклопедиялық еңбек болып табылады. |
|
|
4 |
М.Қашқари бірнеше жыл түркі тайпалары арасында болып, саяхат жасаған. |
|
|
5 |
Қожа Ахмет Яссауи «Диуани лұғат ат түрік » шығармасын жазды. |
|
|
6 |
«Ақиқат сыйы» дастанының авторы Ахмет Иүгнеки |
|
|
4. Деректі және өз біліміңізді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз
1.Еңбектердің тақырыбын жазыңыз
а.___________________________________________________________________________
в.____________________________________________________________________________
с.____________________________________________________________________________
2.Еңбектердің маңызына дәйек келтіріңіз
а.___________________________________________________________________________
в.____________________________________________________________________________
с.____________________________________________________________________________
Балл қою кестесі
Тапсыр ма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
1-D |
1 |
Әр жауапқа 1 балл беріледі |
2-E |
1 |
||
3-B |
1 |
||
4-A |
1 |
||
5-C |
1 |
||
2 |
1. Түркі тілдес тайпаларын қоластында біріктірген этникалық құрамы |
1 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады |
2.Түркі дәстүрі бойынша және ұлан-ғайыр далада билікті сақтау үшін қыпшақ билеушілері екі саяси-әскери орталықтан басқаруы |
1 |
||
3. Қыпшақтардың шаруашылығы мен байлығы, халықаралық сауда саттық жүргізуі |
1 |
||
4.Көрші елдермен дипломатиялық қатынастар жүргізуі әскери өнері |
1 |
||
Хорезм мемлекеті қыпшақтардың оңтүстіктегі көршісі болды. Олар қыпшақтарға жиі шапқыншылық жасап отырды. Олардан қорғану мақсатында қыпшақ хандары Хорезм шахтарымен неке арқылы бейбіт қарым-қатынас орнатуға тырысты. |
1 |
||
ХІ ғасырдың тарихи жылнамаларында айтылғандай, қыпшақтар Венгрияны жаулап алды.Қуатты қыпшақтар Венгрияның саяси өмірінде маңызды рөл атқарды. Үкіметте жоғары лауазымдарға ие болды |
1 |
||
Қыпшақтар Византия, Орыс княздіктері, Болгария, Египет, Үндістан, Қытай және басқа да мемлекеттер- мен қарымқатынаста болды. |
1 |
||
Қыпшақтар еуропалық деректерде – «куман», орыс деректерінде – «половец» деген атаумен белгілі. |
1 |
|
|
3 |
1-Ақиқат |
1 |
Әр жауапқа 1 балл беріледі |
2-Ақиқат |
1 |
||
3-Жалған |
1 |
||
4-Ақиқат |
1 |
||
5-Жалған |
1 |
||
6-Ақиқат |
1 |
||
4 |
1.«Құтты білік» ізгіліктің қайнар көзі білімде екенін түсіндіреді. |
1 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады |
2.«Диуани лұғат ат түрік» түркі халықтарының тарихы, географиясы мен экономикасы, мәдени және саяси өмірінен ақпараттар береді. |
1 |
||
3.«Диуани хикмет» атты еңбегінде халықты имандылыққа шақырды. |
1 |
||
1 Баласағағұнның еңбегі түркі тілдес халықтардың рухани өмірі мен дәстүрлері туралы дерек көзі болып табылады. |
1 |
||
2. Қашқари еңбегі арқылы түркі дәуірінің ұмыт болған салт дәстүрлері, әдеби ескерткіштері бізге жетті. |
1 |
||
3. Ясауидің еңбегі имандылыққа шақырды |
1 |
||
Жалпы балл |
25 |
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
III тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
Балл саны – 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады
-
тапсырма бойынша оқушылар Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттауда тапсырмаға қысқа жауап береді.
-
тапсырмада карта мен өз білімін қолдана отырып, XIV-XV ғасырда Ақ Орда мен
Моғолстанға Әмір Темірдің шапқыншылығының себептері, салдарын түсіндіреді
-
тапсырма бойынша ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау үшін қысқа жауаптарды сәйкестендіреді.
-
тапсырмада М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру үшін берілген деректі және өз білімін қолданып, тапсырмаға толық жауап береді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
III тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім |
Тексерілетін мақсат |
Ойлау дағдыларын ың деңгейі |
Тапсырма саны* |
тапсырма № * |
Тапсырма түрі* |
Орындау уақыты, мин* |
Балл * |
Бөлім бойынша балл |
XIII – XV ғасырдың I жартысын дағы Қазақстан |
6.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау |
Қолдану |
1 |
1 |
ҚЖ |
8 |
6 |
12 |
6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру |
Қолдану |
1 |
2 |
ҚЖ |
10 |
6 |
||
Қазақ халқының қалыптасуы |
6.1.1.3 ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау |
Қолдану |
1 |
3 |
ҚЖ |
12 |
5 |
5 |
Біртұтас қазақ мемлекетіні ң құрылуы |
6.2.3.4 М.Х.Дулатидің «Тарихи- Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру |
Жоғары деңгей дағдылары |
1 |
4 |
ТЖ |
15 |
8 |
8 |
Барлығы: |
- |
4 |
- |
- |
45 |
25 |
25 |
|
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан тарихы» пәнінен III тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
-
Төмендегі берілген тұжырымдардың «ақиқат» не «жалғандығын» анықтаңыз.
№ |
Тұжырым |
Ақиқат |
Жалған |
1 |
1219 жылы Шыңғыс хан Отырарды алуды Үгедей мен Шағатайға тапсырды. |
|
|
2 |
1220 жылы ақпан айында Отырар билеушісі Қайыр хан тұтқындалып, өлім жазасына кесілді |
|
|
3 |
Отырар қорғаушылары 10 ай бойы басқыншыларға қарсылық көрсетті. |
|
|
4 |
Хорезмдік әскербасы Қаража-хаджиб моңғол әскерін қалаға кіргізіп жіберді |
|
|
5 |
Қайыр хан 20 мың әскерімен қаланың орталық бөлігіне шегініп, моңғол әскерімен үш ай шайқасты. |
|
|
6 |
Отырар қаласында болған кітапхан, ғимараттар қиратылды. |
|
|
[6]
-
Картаны және өз біліміңді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз
XIV-XV ғасырда Ақ Орда мен Моғолстанға Әмір Темірдің шапқыншылығының себептері 1 2 3 |
|
Шапқыншылық зардаптары 1 2 3 |
|
|
[6] |
№ |
Кезеңдері |
№ |
Ерекшеліктері |
1 |
Қола дәуірі |
A |
Еуропалық нәсілді көшпелі тайпалар өмір сүрді. |
2 |
Темір дәуірі |
B |
Андроновтықтар тайпалары өмір сүрді |
3 |
Түрік кезеңі |
C |
Қазақ халқының қалыптасуына кері әсер етті. |
4 |
Моңғол кезеңі |
D |
Моңғолоидтық нәсіл басым болды |
5 |
Моңғол дәуірінен кейінгі кезең |
Е |
Қазақ халқын құраған тайпалар бірнеше мемлекеттердің құрамында болды. |
Жауаптары
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
[5]
-
М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығына 4 дәлел келтіріп, қорытынды жазыңыз.
|
|
|
Әбілқайыр хан биледі. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық -Бұға хан |
«Ол кезде Дешті Қыпшақты жасап, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалды. Есен оларды құрметтеп қарсы алды».
|
|||
Маңыздылығына 4 дәйек келтіріңіз 1. 2. 3. 4. [4]
|
[8]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
|
1 |
1-Ақиқат |
1 |
Әр жауапқа 1 балл беріледі |
|
2-Ақиқат |
1 |
|||
3-Жалған |
1 |
|||
4-Ақиқат |
1 |
|||
5-Жалған |
1 |
|||
6-Ақиқат |
1 |
|||
2 |
Ақ Орда мен Моғолстанның жерлерін басып алу |
1 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары |
|
Жаулап алған жерлерінде өз империясын құру |
1 |
|||
Қалалар мен сауда жолдарын өз бақылауына алу |
1 |
|||
Оңтүстік Қазақстандағы маңды қалалар қирады |
|
|||
|
|
1 |
қабылданады |
|
Басқыншыларға қарсы халықтың топтасуына әсер етті. |
1 |
|||
Тұрғындар аяусыз қырылды, тұтқынға түсті. |
1 |
|||
3
|
1-B |
1 |
Әр жауапқа 1 балл беріледі |
|
2-А |
1 |
|||
3-D |
1 |
|||
4-C |
1 |
|||
5-E |
1 |
|||
4 |
Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып Моғолстанға кетіп қалды деп қазақ хандығының құрылуы себебін көрсетеді. |
1 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады |
|
«Есен-Бұға хан оларды құрметтеп қарсы алды Қоныстануға Моғолстанның батыс бөлігіндегі Шу өзені алқабындағы Қозыбасыны берді»деп қазақ хандығының жерін көрсетеді |
1 |
|||
Халықтың үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбек-қазақтар деп атады. |
1 |
|||
Қазақ сұлтандары мемлекетінің басталуы 870 жылдан (яғни 1465 жыл) қазақ хандығының құрылуы уақыты мен халықтың санын көрсетеді |
1 |
|||
Тарихи Рашиди негізгі мазмұны XIV-XVI ғасырдағы Моғолстанның тарихы |
1 |
|||
Қазақ хандығының құрылуы жөнінде бізге жеткен басты жазба дерек |
1 |
|||
Орта Азияның басқа да түркі халықтарының тарихы туралы деректер бар. |
1 |
|||
Тарихи Рашиди еңбегі парсы тілінде жазылған тарихи ғылыми еңбек болып табылады. |
1 |
|||
Жалпы балл |
25 |
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты- 45 минут
Балл саны- 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 5 тапсырмадан тұрады.
-
тапсырма бойынша оқушылар қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау мақсатында «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтайды.
-
тапсырмада оқушылардың назарына Қазақ хандығының картасы мен Қасым ханның портреті ұсынылады. Оқушылар деректерді пайдалана отырып, Қасым ханның сыртқы саясатын түсіндіреді. Тапсырманы орындай үшін, оқушы толық жауап береді.
-
тапсырма орындау үшін оқушы Орбұлақ шайқасы туралы жан-жақты білуі керек. Себебі сол арқылы оқиға бойынша көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.
-
тапсырмаға Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау үшін ұғымдарды сәйкестендіру қысқа жауапты тапсырманы орындауы керек.
-
тапсырмада күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау үшін тұжырымдарды орналастырады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім |
Тексерілетін мақсат |
Ойлау дағдыларын ың деңгейі |
Тапсырма саны* |
тапсырма № * |
Тапсырма түрі* |
Орындау уақыты, мин* |
Балл * |
Бөлім бойынша балл |
Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы |
6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау |
Қолдану |
2 |
1-2 |
ҚЖ ТЖ |
13 |
9 |
21 |
6.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау |
Жоғарғы деңгей дағдылары |
1 |
3 |
ТЖ |
13 |
6 |
||
6.1.2.1 Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау |
Қолдану |
1 |
4 |
ҚЖ |
11 |
6 |
||
XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет |
6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау |
Қолдану |
1 |
5 |
ҚЖ |
8 |
4 |
4 |
Барлығы: |
- |
5 |
- |
- |
45 |
25 |
25 |
|
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |
|
|
|
|
|
|
|
24
6 сынып.ТЖБ
«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
-
Қазақ хандарының саясатының нәтижесі жайында тұжырымды сәйкестендіріңіз
№ |
Хандар |
№ |
Саясатының нәтижесі |
1 |
Хақназар хан |
A |
«... ханның қол астында миллионнан астам адам болған». |
2 |
Қасым хан |
B |
Билермен бірге Күлтөбе деген жерде бас қосып, заңдар жинағын жасаған. |
3 |
Тәуекел хан |
C |
Бұқар хандығына жорықтар жасап, Түркістанды, Ташкентті, Самарқандты жаулап алған. |
4 |
Есім хан |
D |
Түркістан қаласы Қазақ хандығының құрамына толығымен енген. |
5 |
Тәуке хан |
Е |
Қазақ хандығының батыс шекарасын Еділ мен Жайық аралығына жеткізген. |
Жауаптары
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
[5]
-
Берілген картаны қолданып, Хақназар ханның сыртқы саясатын түсіндіріңіз.
Моғолстан: |
Ноғай ордасы: |
|
|
Өзбек хандығы:
|
Орыс мемлекеті: |
|
|
[4]
-
Берілген суреттер мен деректі қолдана отырып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
«Жәңгір ханның тау арасынан бекініс қаздырып, ол жерде 300 сарбазды отырғызып, өзі 300 әскермен таудың арғы жағынан жауға қарсы шыққан. Жоңғар қонтайшысының бекініске шабуыл жасағанында, көп әскерін қырып салған, яғни шебер әскери тактиканы қолданған...»
А.И.Левшин. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасынан»
1.Орбұлақ шайқасының уақыты мен болған жерін атаңыз
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
-
Жоңғарлар не себепті қазақ жеріне жорық жасағанын атаңыз
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
-
Жәңгір ханды халық неліктен «Салқам Жәңгір» деп атағанын жазыңыз
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
-
Орбұлақ шайқасында қазақ әскерінің жеңіске жетуінің екі себебін атаңыз
1.____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________________
5. Орбұлақ шайқасының тарихи маңызы неде болғанын жазыңыз
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[6]
-
Төмендегі берілген тұжырымдардың «ақиқат» не «жалғандығын» анықтаңыз.
№ |
Тұжырым |
Ақиқат |
Жалған |
||
1 |
Қожалар – Шыңғысханның ұрпақтары, даулы мәселелерді шешумен айналысады. |
|
|
||
2 |
Батырлар ерлігінің арқасында халық арасында кеңінен танылған |
|
|
||
3 |
Жыраулар- заң шығаруға қатысып, сот билігін жүзеге асырады |
|
|
||
4 |
Би – қоғамда туындаған даулы мәселелерді шешетін хан кеңесшісі. |
|
|
||
5 |
Хан – мемлекетті басқарушы, Шыңғыс хан ұрпағы, әскердің бас қолбасшысы. |
|
|
||
6 |
Жырау – хан кеңесшісі, халықтың рухани көсемі |
|
|
||
|
|
|
|
[6] |
|
-
Шежірелер жайында тұжырымдарды орналастырыңыз
|
|
|
-
Кітап араб әріпімен, қазақ тілінде жазылған тарихи дерек көз ғана емес, XVI ғасырдағы қазақ тілінің ескерткіші болып табылады;
-
Тарихи еңбекті XVI ғасырда Өтеміс қажы жазған. Кітапта Жошы әулиетінің тарихи баяндалады;
-
Басты кейіпкер өз атынан адамдардан не естігені, өмірде нені көріп, нені бастан кешкені туралы әңгімелейді;
-
Шыңғыс хан әулиетінің тарихына арналған. Онда қазақ халқының құрамына енген түркі тілдес тайпалары туралы құнды деректер бар;
[4]
Балл қою кестесі
Тапсы рма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
1-Е |
1 |
Әр жауапқа 1 баллдан беріледі |
2-А |
1 |
||
3-С |
1 |
||
4-D |
1 |
||
5-B |
1 |
||
Хақназар хан кезінде Моғолстанмен қарым-қатынас шиеленісе түседі 1570 жылы Жетісудың батыс бөлігі, Шу, Талас өңірі Қазақ хандығының билігіне қайтарылып алынды |
1 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылдана ды |
|
Қазақ хандығының батыс шекарасын Еділ мен Жайық аралығына жеткізді. Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» деп аталды. |
1 |
||
1579 жылы Бұхара ханы ІІ Абдолламен әскери-саяси одақ құрды. Бұл одақ екі жаққа да тиімді болды. Ол бойынша Хақназар мен Абдолла бір-біріне қолдау көрсету туралы шарт жасасты |
1 |
||
Хақназар хан ел билеген кезінде орыс үкіметімен саяси және сауда қатынастарын орнатқан. 1573 жылы орыс елшісі Третьяк Чебуков Қазақ хандығына жіберіледі |
1 |
||
2 |
1643 ж, Орбұлақ сайы, Балқашқа жақын
|
1 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылдана ды |
Маньчжурлардың қысымы, жер
|
1 |
||
Айбатты, қайсар, қаймықпайтын жеке қасиеттері үшін. Салқам-айбатты батыр деген мағына береді
|
1 |
||
Шайқастың өтетін жерін дұрыс таңдауы, жаңа технологияны, білтелі мылтықты қолдануы, қазақ әскерінің ор қазуы, Жәңгір ханның стратегиялық шешімдері.Біріншісі – шайқастың болған жерінің, жоңғар әскерінің өтуі үшін тау жоталарының арасында орналасқан алқаптың ерекшелігі. |
1 |
||
Екіншісі – жаңа технологияны, білтелі мылтықты қолдануы. Үшіншісі – қазақ әскерінің ор қазуы. Бұл көшпелі әлемде бұрын-соңды қолданылмаған әскери тактика еді. |
1 |
||
Орбұлақ шайқасында жеңіске жетуге Жәңгірдің шешуші сәтте дұрыс стратегиялық шешім қабылдауы, жауынгерлерді жігерлендіре білуі әсер етті. Сонымен қоса қазақ жауынгерлерінің батылдығы мен жанқиярлығы өз жерінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғай алатындығын көрсетті. Орбұлақтағы жеңіс қазақ даласына жоңғарлардың қайта басып кіруіне жүректерін дауалатпайтындай әсер қалдырды. |
1 |
||
3 |
1-Жалған |
1 |
Әр жауапқа 1 |
2-Ақиқат |
1 |
||
3-Жалған |
1 |
||
4-Ақиқат |
1 |
||
|
5-Ақиқат |
1 |
баллдан беріледі |
6-Ақиқат |
1 |
||
4 |
Түрік шежіресі -d |
1 |
|
Жылнамалар жинағы –а |
1 |
||
Бабырнама- с |
1 |
||
Шыңғыснама-в |
1 |
||
Жалпы балл |
25 |
|

