ТЖБ 6 сынып қазақ тілі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ 6 сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ 6 сынып қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім:

5-бөлім: Тарихи тұлғалар. Лексика

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Ильясова Х.Н.

Күні:

23.12.2024

Сынып: 6 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тоқсандық жиынтық бағалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монолог тердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау;

6.1.5.1 -тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;

6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;

6. 2.3.1 - ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру;

6.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу;

6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

(«келісу, келіспеу» эссесі);

6.4.3.1 -

неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;


«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым мен айтылым


Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысыңыз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып,

пікіріңізді білдіріңіз.

[10]


1-мәтін

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.


«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала » сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.





2-мәтін

«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып, «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған . Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.


Оқылым

Тапсырма

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Тарихи ескерткіштер

Ақтөбе өңірі, Хромтау ауданында Ойсылқара кесенесі бар. Этнографиялық-тарихи ескерткіш ретінде республикалық тізімге енген. Аспан астындағы құнды жәдігер. Бірақ мұны жергілікті халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Ойсылқара - өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан оқыған еді. Енді жазғы демалыстарын тарихи орында өткізіп, оның қорымын көзбен көрді. Аңыз астарында ақиқат бар. Есет осы уақытқа дейін Ойсылқараны қиялдан туған кейіпкер деп ойлаған. Енді оның өзі туған өлкеге табаны тиген адам екенін білді. Танымын кеңейтіп, тарихи әңгімелерді таңдана тыңдады.

Есет Жақыбай, оқушы:

Көне дәуірдегі жазуларды оқығым келіп, ынтам туды және аз уақыттың ішінде тарихшы не археолог болам деген де ойлар туды. Былайша айтқанда, тарихи жерге келуімнің арқасында тарихқа деген қызығушылығым оянды. VI ғасырда бұл жерге Ойсылқараның түйесі шөгіп, кейін тасқа айналған. Қорымы да осы жерде. Аңызға арқау болған тас обаларды археолог Серік Әжіғали бастаған топ зерттеп, тіркеуге алды. Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіш аспан астында тұр.

Мөлдір Нұржанова, лагерь жетекшісі:

Мектеп бағдарламасы аясында ғана тоқтап қалмай, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай зерттеп, тарихи жерлерге келу әлі де жоспарда бар. Хромтау жерінде этнографиялық-тарихи ескерткіштер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр. Қола дәуіріндегі қорымдар мен перм, карбон дәуірлеріндегі жер қыртыстары сақталған «Айдарлы аша» да шетел тарихшыларының таңдайын қақтырған.

[10]

  1. Мәтінде неше адамның пікірі бар?

      1. 1

      2. 2

      3. 3

Д) 4


[1]

  1. Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз. А) Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі.

Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі.

В) Толған ел — тарихын таспен жазады,

Тозған ел — тарихын жаспен жазады.

С) Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.

D) Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.

[1]


  1. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.

аймақ _______________________

түйе _________________________

шындық ______________________

заман ________________________

[2]

4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз


Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

1.

2.

3.


1.

2.

3.


5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз.

[3]

Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді орынды қолданып жазыңыз.

[10]

1.Астана – мәдениет пен өнер ордасы екендігін дәлелдеп, келісу-келіспеу себептерін

жазыңыз.

  1. Кез келген тарихи тұлға туралы эссе жазыңыз.

































Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым


Балл

Грамматика мен лексиканы

Сұрақты түсіну мен толық жауап



дұрыс қолдануы

беру қабілеті


1

9-10

Грамматикалық

және

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.



лексикалық

құрылымдардың

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі



қолдану аясын өте жақсы

орынды.





түсінеді.


Талқылау кезінде өз ойын толық



Сөз саптауы дұрыс, анда-санда

жеткізе алады.




мардымсыз қателерді жібереді.




2

7-8

Грамматикалық

және

Тақырыпты жақсы түсінеді.



лексикалық

құрылымдардың

Күтпеген

сұрақтарға

жауабын



қолдану аясын жақсы түсінеді.

ойланып, әрі орынды жеткізеді.



Сөз саптауы дұрыс, анда-санда

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті



қателер жібереді.

жеткізе алады, бірақ кейде сырттан





қолдауды қажет етеді.



5-6

Грамматикалық

және

Тақырыптың негізгі тараптарын



лексикалық

құрылымдарды

түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды



қолдану аясын орташа түсінеді.

талдауда едәуір қиналады.




Сөз саптауы дұрыс, қателері

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде



байқалғанмен, түсінуге кедергі

қиналады.





тудырмайды.


Талқылау кезінде қолдауды қажет





етеді, жауаптарын алдын ала





дайындап келгендей көрінеді.


3-4

Грамматикалық

және

Тақырыпты түсінуде қиналады.



лексикалық

құрылымдардың

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде



қолдану аясын аздап түсінеді.

қиналады, тақырыпты ашуды



Сөз саптауы нақты емес,

дамыта алмайды.




түсініспеушілікті тудырады.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз





өзін көрсете алмайды.



1-2

Грамматикалық

және

Тақырыпты

түсінуде

қатты



лексикалық

құрылымдардың

қиналады.





қолдану аясын өте аз түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде



Түсініспеушілікті тудыратын,

қиналады, тіпті жауап бере



қайталанып келетін қателер жиі

алмайды.





кездеседі.


Талқылауға өте аз қатысады.

















Оқылым




Жауап


Балл






1


В



1






2


А



1






3


Өңір, өркешті жануар, ақиқат, дәуір.


2

















4


/Оқушы жауабы ескеріледі./


3

















5


/Оқушы жауабы ескеріледі./


3

















Барлығы





10






Жазылым









Балл

Сипаттамасы



1


9-10

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл





құралдары орынды қолданылған.







Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе





алады, техникалық қателерді жібермейді.




2


7-8

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары





үйлесімді түрде қолданылған.







Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген





кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.






5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау





құралдары қолданылған.







Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды,





техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің





дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің





ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)





жалпы әсерді бұзады.






3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен





қарама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.





Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі





техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс





қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің





ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)





жібереді.






1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем





қолданылмаған.







Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық





қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы,





шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы,







орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны





толық түсінуге қиындық келтіреді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2024
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі