Сыныбы: ______ Білім алушының аты-жөні:____________________________
«Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары (6-сынып)
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
Тарихи ескерткіштер
Ақтөбе өңірі, Хромтау ауданында Ойсылқара кесенесі бар. Этнографиялық-тарихи ескерткіш ретінде республикалық тізімге енген. Аспан астындағы құнды жәдігер. Бірақ мұны жергілікті халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Ойсылқара - өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан оқыған еді. Енді жазғы демалыстарын тарихи орында өткізіп, оның қорымын көзбен көрді. Аңыз астарында ақиқат бар. Есет осы уақытқа дейін Ойсылқараны қиялдан туған кейіпкер деп ойлаған. Енді оның өзі туған өлкеге табаны тиген адам екенін білді. Танымын кеңейтіп, тарихи әңгімелерді таңдана тыңдады.
Есет Жақыбай, оқушы:
- Көне дәуірдегі жазуларды оқығым келіп, ынтам туды және аз уақыттың ішінде тарихшы не археолог болам деген де ойлар туды. Былайша айтқанда, тарихи жерге келуімнің арқасында тарихқа деген қызығушылығым оянды. VI ғасырда бұл жерге Ойсылқараның түйесі шөгіп, кейін тасқа айналған. Қорымы да осы жерде. Аңызға арқау болған тас обаларды археолог Серік Әжіғали бастаған топ зерттеп, тіркеуге алды. Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіш аспан астында тұр.
Мөлдір Нұржанова, лагерь жетекшісі:
- Мектеп бағдарламасы аясында ғана тоқтап қалмай, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай зерттеп, тарихи жерлерге келу әлі де жоспарда бар. Хромтау жерінде этнографиялық-тарихи ескерткіштер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр. Қола дәуіріндегі қорымдар мен перм, карбон дәуірлеріндегі жер қыртыстары сақталған «Айдарлы аша» да шетел тарихшыларының таңдайын қақтырған.
-
Мәтінде неше адамның пікірі бар?
А) 1 В) 2 С) 3 D) 4 [1]
-
Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз.
А) Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі.
Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі.
В) Толған ел — тарихын таспен жазады,
Тозған ел — тарихын жаспен жазады.
С) Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.
D) Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.
3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
аймақ _______________________________
түйе _____________________________
шындық ______________________
заман ____________________________ [2]
4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз. [3]
|
Негізгі ақпарат |
Қосымша ақпарат |
|
1. 2. 3. |
1. 2. 3. |
5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]
Жазылым
Төменде берілген тақырып бойынша жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында
тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. [10]
1. "Мен үшін ең рухты тұлға" тақырыбында эссе жазыңыз. Эсседе тарихи, эсфемизм,
дисфемизм сөздерді қолданыңыз. (100-120 сөз)
2. "Астана – мәдениет пен өнер ордасы" тақырыбында эссе жазыңыз. Эсседе неологизм, термин сөздерді қолданыңыз. (100-120 сөз)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
-
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысыңыз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын
2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
1-мәтін
«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал
тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.
2-мәтін
«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оныңвизитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып, «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысыңыз.

Дінмұхамед Қонаевтың бала күнгі арманы
Өзі жастайынан тау-кен инженері болуды армандағанын айтады. Ақыры осы арманының жетегімен инженерлік кәсіпті таңдады. Бұған сол заманда қазақтар арасынан инженердің шығуы сирек болғаны әсер еткен. Сондай-ақ, ұлт қайраткері тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевты бала күнінен ерекше құрмет тұтқан. Бертін келе оның отбасы мүшелері мен баласы Ескендірмен етене жақын араласқан.
Димаш Ахметұлы осылайша еңбек жолын тау-кен инженері болып бастап, Балқаш мыс қорыту және Лениногор қорғасын-мырыш комбинатында қызмет істейді. Бірте-бірте қызметте жоғарылап, ғылым академиясының президенті болып тағайындалады. Бұдан өзге партия-кеңес органдарында, Қазақстан компартиясының орталық комитетінде қызмет етеді. 10 жылға жуық қазақ КСР министрлер кеңесінде төрағаның орынбасары, 27 жылдай Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы, 21 жыл СОКП ОК саяси бюросының мүшесі болады.
Дінмұхамед Қонаев ұзақ жыл қызметтен кейін зейнетке шыққан шағында визитка жасатқан екен. Осы кішкене төртбұрышты қағазға аты-жөні мен "тау-кен инженері" екенін ғана жаздырады. Сонда айналасындағылар қайраткердің қарапайымдылығына қатты таңғалған. Өзінің бұл шешімін "Оның бәрі — өтпелі де кетпелі, ал "тау-кен инженері" деген — өмірлік нәрсе", — деп жауап берген екен.
2-мәтін
Әйел қалалық советтің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, бірақ дәл ордер берерде ол уәделерінен тайып қалғандығын айтады.
– Ммммм .... маған деген үйді бір үш бөлмелік пәтермен біріктіріп, бір полковникке беріпті. Қайтейін .... , менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, .... ол солдат еді, – дейді.
Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты едірейіп, электр сымының біріне бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете қалады.
Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз – пәтеріңіз өзіңізге тиеді, – дейді де Бауыржан мініп келген машинасына отырып алып, қайтадан қалалық советке тартады.
– Мен маған біреуге берілген пәтерлерді бер деген жоқпын, – дейді ол бағана қолына ордер ұстатқан қызметкерге келіп. – Мына ордерді жыртыңыз да, пәтерде бұрын уәде етілген адамдарға БЕРІҢІЗ!
Осылай деп ол қолындағы ордерді қайтарып береді. Қалалық совет қызметкері қалбалақтап:
– ..... ааааа Ол адамдарға пәтер кейінірек беруге ұйғарылған еді. Сіз пәтер сұраған соң сол екеуін қосып, сізге қамқорлық жасайық деген едік...
– МОЛЧАТЬ! – дейді Бауыржан көзі ежірейіп, мұрты одан сайын тікірейе түсіп. – Маған мұндай қамқорлықтың керегі жоқ. Жиырма минуттан кейін маған телефон соғып, бұл пәтердің бұрынғы иелеріне берілгендігін хабарлаңыз. Понятно вам?!
– Түсінікті, түсінікті, жолдас Момышұлы. Тек сіздің берген пәтерден неге бас тартып тұрғаныңыз түсініксіз.
– Ол солдаттың АНАСЫ ҒОЙ!.. Енді ұғынықты ма сізге?
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
|
№ |
Балл |
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы |
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
|
1 |
9-10 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. |
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады. |
|
2 |
7-8 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. |
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
|
5-6 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. |
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. |
|
|
3-4 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. |
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
|
|
1-2 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. |
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |
Оқылым
І нұсқа
|
№ |
Жауап |
Балл |
|
1 |
В |
1 |
|
2 |
А |
1 |
|
3 |
Өңір, өркешті жануар, ақиқат, дәуір. |
2 |
|
4 |
/Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
|
5 |
/Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
|
Барлығы |
10 |
|
Жазылым
|
№ |
Балл |
Сипаттамасы |
|
1 |
9-10 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді. |
|
2 |
7-8 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды. |
|
5-6 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады. |
|
|
3-4 |
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді. |
|
|
1-2 |
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ТЖБ 6-сынып, Қазақ тілі. 2 тоқсан

шағым қалдыра аласыз