Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ 7-сынып, 3-тоқсан, Т2

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сынгыптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі» пәнінен ІІ -тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


«Спорт – денсаулық кепілі» екені рас. Алайда көп адамдар спортпен шұғылданғанды ұнатпайды. Мұның барлығы да спорттың пайдасын, ағзаға қалай әсер ететінін білмегендіктен дейді спортсүйер қауым. Егерде сіз спорттың артықшылықтарын бала күніңізден білген болсаңыз, күн сайын жаттығу жасаудан жалықпай, отбасыңызбен бұл істі қолға аласыз. Спорт жалпы адамның бүкіл ағзасына пайдалы деп айтамыз.

Спорт миға қалай әсер етеді? Американдық зерттеуші Джон Медина «Правила мозга» деп аталатын кітабында спорттың миға қандай пайдасы бар екендігін айтқан екен. Дегенмен, адам көп қимыл-қозғалыс жасаған сайын оның миы да белсенді жұмыс жасай бастайды. Есте сақтау қабілеті де артадытүседі. Әсіресе жүрек-қан тамырларының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етіп, денсаулықты нығайтады. Бұлшықеттерге жаттығу кезінде салмақ түсетіндіктен қанайналымның да тез жүруіне септігін тигізіп, соның арқасында жүрек бір минут ішінде 10-20 литр қан айналдырып, барлық бұлшықеттерді белсенді ете түседі эритроциттедің саны 5 млн-ға дейін артатын көрінеді.

(133 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/29917
1. Сөйлемді аяқтаңыз. «Спорт дегеніміз – ...»

А) бұл өмір

B) көңіл күй

С) таза ауа

D) денсаулық кепілі

[1]

2. Спорт ағзаға қалай әсер етеді?

А) аяқ аурады

B) жүрек жақсы жұмыс істейді

С) имунитет төмендейді

D) Бас аурады

[1]

3. Дұрыс ақпаратты белгілеңіз.


Ақпарат

Шын

Жалған

1.

Алайда көп адамдар спортпен шұғылданғанды ұнатпайды.



2.

Спорт жалпы адамның бүкіл ағзасына зиян деп айтамыз.



3.

Дегенмен, адам көп қимыл-қозғалыс жасаған сайын оның миы да белсенді жұмыс жасай бастайды



4

Жүрек-қан тамырларының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етіп, денсаулықты құртады.



[1]



4. Мағынасына қарай мәліметтер мен сөздерді сәйкестендіріңіз.


1

Егерде сіз спорттың артықшылықтарын бала күніңізден

білген болсаңыз, күн сайын жаттығу


А

бастайды.



2

Дегенмен, адам көп қимыл-қозғалыс жасаған сайын

оның миы да белсенді жұмыс жасай


В

нығайтады.


3

3

Әсіресе жүрек-қан тамырларының қалыпты жұмыс

істеуіне ықпал етіп, денсаулықты


С

жасайсыз



[2]

Оқылым


Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Айша бибі туралы аңыз

Сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп, қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін алып қашуға бел буады. Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады.  Қуған нөкерлерден қашамыз деп ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай беруден шаршаған ару Асу атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Бақыттың құшағында жүрген ғашықтар мұны байқамай қалады.  Жылы суға рахаттанып түсіп шығып, Айша бибі киіне бастайды. Ақырында сәукелесін кие берген кезде жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен. 

(197 сөз)

 https://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/21815

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

1. Шығарманың жанрын анықтаңыз.

А) ертегі

B) әңгіме

С) аңыз

D) новелла

[1]

2. Шығарманың негізгі идеясы қандай?

А) үлкенді құрметтеу

В) екі ғашықтың махаббаты

С) қыз туралы

D) туғандарын сүю

[1]

3. Мәтіннен қыздың іс-әрекетін тауып жазыңыз.

[1]

4. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз.

А) Сарбаздар қызды қалай өлтіреді?

[1]

В) Қарахан сүйіктісіне қалай қайғырады?

__________________________________________________________________

[1]

Жазылым

1. Суреттегі Қыз бен Жігіттің сырт бейнесін маңызды бөліктерді қолдана отырып, сипаттап жазыңыз.

Қ
ыз сипаты

Ж
ігіт сипаты


Жазылым

1.Сурет бойынша маңызды бөліктерді сипаттаңыз.

Қыз сипаты: Оймақ ауыз, қиғаш қас, ақша бет, аққудай, жұлдыздай жарқырайды, күлім көз, айдай сұлу, гүлдей жайнайды, гүлдей нәзік

Жігіт сипаты: Ер тұлғалы, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, сұңғақ бойлы, ат жақты, болаттай мықты, өткір көзді, бұйра толқындай шашы, ер жүрек

2. Сұраққа жауап жазыңыз.



____________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Етістітің шақтарын қолдана отырып Жарасымды немесе сәнді киім таңдаған дұрыс па? деген пікірмен келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп,эссе жазыңыз.

[10]

Айтылым

Берілген суреттердің бірін таңдап, 2 минуттық монолог құрастырыңыз. Ауызша мәтіндер құрағанда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айтыңыз.

1

2

[10]

Балл қою кестесі

Тыңдалым, оқылым

Дағды

Жауап

Балл

Жалпы балл

Тыңдалым

1

Д

1


5 балл

2

В

1

3

1-ш

2-ж

3-ш

4-ж

1

4

1 - C

2 - A

3 - B


2

Оқылым

1

С

1




5 балл

2

B

1

3

Қараханмен қашып кетеді/

Оқушы жауабы ескеріледі.

1

4

Сәукелеге жылан салады / Оқушы жауабы ескеріледі.

1

5

Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды/ Оқушы жауабы ескеріледі.

1



Жалпы 10 балл



Балл

Мазмұны

(5 балл)

Тіл сапасы

(5 балл)



5



Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



3

Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.02.2024
734
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12