400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ 9-сынып Т2 , 2-тоқсан.

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ 9-сынып Т2 , 2-тоқсан.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТЖБ 2 тоқсан 9 сынып _____________________________

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

9-сынып

Тыңдалым

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Ол кіріспе, 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрады. Қазақстан Конституциясы көптеген құқықтық нормаларды қамтиды. Олар: халықтық егемендік, мемелекет тәуелсіздігі, қазақ тілін мемлекеттік тілі ретінде тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдарын жоғарғы Конституциялық және жоғарғы арбитраждық соттар және т.б. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл Конституцияның айырмашылығы алғаш рет азаматтық құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен бастап ажырамайтын құқытарға қатысты нормалар да енді. Ата Заңы бар елдің іргесі мықты болады. Ата Заң жеке бір адамның өтініші бойынша емес, бүкілхалықтық референдум арқылы өзгертіледі. Онда да халық толық мақұлдауы тиіс.

1. ҚР Конституциясы қандай құқықтық нормаларды қамтиды?

А) ____________________________________________________________________________________

Ә) ____________________________________________________________________________________

Б) ____________________________________________________________________________________

В) ____________________________________________________________________________________

Г) _________________________________________________ ___________________________________ (5)


Оқылым

Жастардың отбасылық ұғымына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымды жақтарымен бірге жағымсыз, кері әсері де қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Теледидар, радио, кинотеатр және интернет сияқты БАҚ әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру және күшейтуде зор ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қатігез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне әкеп соғады. Әрине, дәл осындай ақпараттар адамның адами құндылықтарының жойылуына себепші болады.

Отбасы ең маңызды әлеуметтік мүше ретінде БАҚ ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы пайымына, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Осы үлгілер бала кезден адамның ішкі жан дүниесінен орын алып, ерлі-зайыптылар мен перзенттерінің қарым-қатынасында белгілі бір бейне қалыптастырады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады.

Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың ғаламторға тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына әкеп соғады. Ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды. Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл бөлінбеу және т.б. Қатігез ойын ішінде кейіпкер өзінің барлық ой-тәсілін іске асыра алады, адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу және т.с.с. Бұндай іс-әрекеттерден бойымызды аулақ ұстау үшін жақындарымызға көбірек көңіл бөліп, баланың қандай іспен айналысып жүргенін қадағалау керек. Балаларымызды барлық нәрседен шектей алмаймыз, дегенмен қадағалап, дер кезінде көмек беруге болады.

2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(1)

3. Перифраздалған сөйлемдердің мәтін мазмұнымен сәйкестігін анықтап, «+»/«–» белгісін қойыңыз.


Ақпараттар

«+»/«–»

БАҚ-тағы түрлі ақпарат түрлері адамның жан-дүниесіне теріс ықпал етеді.


Адами құндылықтарының жойылуына қатігез бағдарламалар, ойындар мен кинолар себепші емес.


Ойынға тәуелді адам ойын кезінде басқа әлемге еніп, өмірде жүзеге асырмаған ойларын орындағандай әсерде болады.


Түрлі телебағдарлама, телехикая және жарнамалар отбасы қарым-қатынасының қалыптасуына әсер етеді.


Жазылым

Берліген тақырыптардың бірін таңдап 80-90 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Мәтінде мезгіл, мекен үстеулерін қолданыңыз.

Берілген үш сұрақтың бірін таңдап, тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.

1. «Заң – қоғамның тірегі»

3. «Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары»

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Айтылым

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша сұхбат дайындаңыз (10 сұрақ-жауап). Тақырыпқа сай сөздерді орынды қолданыңыз. [10]

Ұсынылатын тақырыптар:

1. Заң қоғамға не үшін қажет?

2. Конституцияның маңызы.

3. Тұңғыш Президент.

4. Қазіргі БАҚ және жастар.

5. Қазақстандығы БАҚ-тың сапасы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
231
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі