Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
ТЖБ әдебиеттік оқу 2 тоқсан 3 сын
«Әдебиеттік оқу» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың сипаттамасы
№ |
Ортақ тақырып |
Сөйлеу әрекетінің түрлері |
Тексерілетін оқу мақсаты |
Тапсырманың сипаттамасы |
Тапсырма саны |
Жалпы балл |
1 |
Уақыт Сәулет өнері |
Тыңдалым және айтылым |
3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру 3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркембейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу |
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. |
1 |
6 |
2
|
Оқылым |
3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру |
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. |
1 |
5 |
|
3 |
Жазылым |
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру 3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету |
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды. |
1 |
5 |
|
Барлығы |
|
3 |
16 |
Пәні: әдебиеттік оқу сыныбы 3_____________ I нұсқа
Оқушының аты-жөні: ________________________ Күні__________
Орындау уақыты 40 минут
1-тапсырма: Тыңдалым және айтылым
М
Отбасы мүшелерінің барлығы жинақылықты, нақтылықты жақсы көреді. Тек Талғат қана ылғи кешігіп жүреді. Әке-шешесі дастарқанға шақырған кезде:
- Қазір, бір минуттан кейін барамын, -деп Талғат кітабын оқи беретін.
Бұл оның әдеттегі жауабы еді. Үнемі осылай болатын: Оны шақырғанда немесе бір нәрсені істеуді өтінген кезде ол: «Бір минут күте тұрыңызшы» деп тостырып қоятын.
Әкесі оған:
- Сен уақытты қадірлеуді қашан үйренесің? –дейтін.
- Бір минут деген көп уақыт па?- деп жауап беретін Талғат.
Бір күні мектепте шаңғы жарысы өтті. Талғат шаңғыны жақсы тебетін. Ол өзінің бірінші болып келетініне сенімді еді. Бірақ бұл жолы жеңімпаз бола алмады. Сыныптасы одан бір минутқа озып келді. Екінші орын алған Талғат үйге көңілсіз қайтты. Жеңіліп қалғанын айтқан кезде, әкесі жымиып: - Қалай, балам, бір минут деген көп уақыт па екен?, - деді.
Бір минуттың қаншалықты маңызды екенін Талғат сонда ғана түсінді.
әтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
-
Талғат қандай сөзді айтуды әдетке айналдырды?
-
Әкесі қандай ескерту жасады?
-
Талғаттың жеңіліске ұшырауының себебі неде?
-
Талғат нені түсінді?
[6]
2-тапсырма Оқылым
Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Отырар VIIІ ғасырдың басынан Фараб аймағымен белгілі болған. Қала ІХ ғасырдың өзінде-ақ ірі қала болған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған. 1219 жылы Отырарға моңғолдар шауып, қала қиратылып, тұрғындары қырғынға ұшырайды. Қазіргі уақытта Отырар бесбұрыш тәріздес төбе болып көрінеді.
Қаладағы мәдени орындар |
1219 жылы болған оқиға |
Қазіргі уақыттағы Отырар бейнесі |
|
|
|
-
Отырар немен белгілі болған?
__________________________________________________________________
-
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
3-тапсырма Жазылым
Құрылымы қате берілген мәтіннің негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы) анықтап, 1,2, 3 сандарымен белгіле. Мәтінді ретке келтіріп жаз. Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.
Әкесі Сәкенді осы үлкен пирамиданың қасына суретке түсірді. Ежелгі египеттіктер пирамидаларды үлкен-үлкен тастардан салған екен. Оның ішіне өздерінің басшыларын жерлеген. Оларды «перғауындар» деп атайды. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі қазіргі заманғы қырық қабатты үйден де биік! Өткен күзде Сәкен ата-анасымен бірге Египетке демалуға барды. Ол алып пирамидаларды көріп, қатты таңғалды.
-
________________________________________________________
-
________________________________________________________
-
________________________________________________________
[3]
Балл қою кестесі 1-тапсырма 1-нұсқа
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
Білім алушының ықтимал жауабы: 1 минуттан кейін барамын. |
1 |
Білім алушының сұрақтардың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптары қабылданады. |
Уақытты қадірлеуді қашан үйренсің? |
1 |
||
Талғаттың жеңіліп қалуының себебі, бір минутқа кешігіп келді. |
1 |
||
Талғат бір минуттың маңызды екенін түсінді. |
1 |
Сұраққа сәйкес дәлелді ой айтады |
|
1 |
Өз ойын жүйелі жеткізеді. |
||
1 |
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. |
||
Барлығы |
6 |
|
Балл қою кестесі 2-тапсырма 1-нұсқа
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
2 |
Білім алушының ықтимал жауабы: Қаладағы мәдени орындар аса ірі кітапханалар, мешіт-медреселер болған. |
1 |
Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады. |
1219 жылы Отырарға моңғолдар шауып, қала қиратылып, тұрғындары қырғынға ұшырайды. |
1 |
||
Қазіргі уақытта Отырар бесбұрыш тәріздес төбе болып көрінеді. |
1 |
||
Отырар VIIІ ғасырдың басынан Фараб аймағымен белгілі болған. |
1 |
||
Отырар қаласының орнында не бар? |
1 |
Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар қабылданады. |
|
Барлығы |
5 |
|
Балл қою кестесі 3-тапсырма 1-нұсқа
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
3 |
|
1 |
Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес баламалы жауаптар қабылданады. |
Өткен күзде Сәкен ата-анасымен бірге Египетке демалуға барды. Ол алып пирамидаларды көріп, қатты таңғалды. Ежелгі египеттіктер пирамидаларды үлкен-үлкен тастардан салған екен. Оның ішіне өздерінің басшыларын жерлеген. Оларды «перғауындар» деп атайды. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі қазіргі заманғы қырық қабатты үйден де биік! Әкесі Сәкенді осы үлкен пирамиданың қасына суретке түсірді. |
1 |
Мәтінді ретке келтіріп жазады. |
|
Білім алушының ықтимал жауаптары: лім 1) Египетке саяхат 2) Алып пирамидалар 3) Естелік сурет... |
3 |
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады. Әр бөлікке сәйкес атауға 1 балл қойылады. |
|
Барлығы |
5 |
|
Пәні: әдебиеттік оқу сыныбы 3_____________ II нұсқа
Оқушының аты-жөні: ________________________ Күні__________
Орындау уақыты 40 минут
1-тапсырма: Тыңдалым және айтылым
М
Бірде Болаттың үйіне ағасының жолдасы келді. Ол бас киімін үстелдің үстіне қойып жатып:
– Бүгін бір күнімді босқа жоғалттым, - деді. Болат оның сөзіне таңданып қалды. Қонақ кеткен соң ол ағасынан:
– Күнді қалай жоғалтуға болады? Барлық күндер бірдей емес пе?- деп сұрады.
– Уақыты жағынан барлық күндер бірдей, ал жұмысына қарай әртүрлі болады, – деді ағасы.
– Адамның ешқандай пайдалы іс жасамаған және кешегі білгенінен басқа ешқандай жаңа нәрсе үйренбеген күні «жоғалған күн» болып саналады.
Содан бері Болат ұйықтар алдында ағасына күні бойы істеген әрекеттерін айтып беретін болды. Сондай-ақ, ол күн сайын:
– Менің күнім жоғалған жоқ па? - деп сұрауды әдетке айналдырды.
әтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
-
Болат қандай сөзді естіп, таң қалды?
-
Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?
-
Болат нені әдетке айналдырды?
-
Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап бер
[6]
2-тапсырма Оқылым
Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Көне Отырар
Отырар – Арыс өзенінің оң жақ жиегінде орналасқан көне қала. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған. Отырар қаласы сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың назары көп түскен. Отырарды Қайырхан басқарған әскерлер алты ай бойы моңғолдардан қорғаған. Басып алғаннан кейін жаулар қаланы түгел өртеп жіберген. Қазір Отырар қаласының орны ғана бар.
Қаланың орналасқан жері |
Халқының кәсібі |
Тарихы |
|
|
|
-
Отырар қаласына басқалардың назары неліктен көп түсетін болған?
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
-
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
3-тапсырма Жазылым
Құрылымы қате берілген мәтіннің негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы) анықтап, 1,2, 3 сандарымен белгіле. Мәтінді ретке келтіріп жаз. Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.
Ағасы Мирасты мұз айдында коньки тебуге үйретті. Медеу спорт кешені жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Мұнда 170 әлемдік рекорд жасалған. Сенбі, жексенбі күндері Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конькишіні қабылдай алады. Мирас қысқы демалыста ағасымен Медеу спорт кешеніне келді.
-
________________________________________________________
-
________________________________________________________
-
________________________________________________________
[3]
Балл қою кестесі 1-тапсырма 1-нұсқа
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
Білім алушының ықтимал жауабы: 1 минуттан кейін барамын. |
1 |
Білім алушының сұрақтардың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптары қабылданады. |
Уақытты қадірлеуді қашан үйренсің? |
1 |
||
Талғаттың жеңіліп қалуының себебі, бір минутқа кешігіп келді. |
1 |
||
Талғат бір минуттың маңызды екенін түсінді. |
1 |
Сұраққа сәйкес дәлелді ой айтады |
|
1 |
Өз ойын жүйелі жеткізеді. |
||
1 |
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. |
||
Барлығы |
6 |
|
Балл қою кестесі 2-тапсырма 1-нұсқа
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
2 |
Білім алушының ықтимал жауабы: Қаладағы мәдени орындар аса ірі кітапханалар, мешіт-медреселер болған. |
1 |
Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады. |
1219 жылы Отырарға моңғолдар шауып, қала қиратылып, тұрғындары қырғынға ұшырайды. |
1 |
||
Қазіргі уақытта Отырар бесбұрыш тәріздес төбе болып көрінеді. |
1 |
||
Отырар VIIІ ғасырдың басынан Фараб аймағымен белгілі болған. |
1 |
||
Отырар қаласының орнында не бар? |
1 |
Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар қабылданады. |
|
Барлығы |
5 |
|
Балл қою кестесі 3-тапсырма 1-нұсқа
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
3 |
|
1 |
Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес баламалы жауаптар қабылданады. |
Мирас қысқы демалыста ағасымен Медеу спорт кешеніне келді. Медеу спорт кешені жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Мұнда 170 әлемдік рекорд жасалған. Сенбі, жексенбі күндері Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конькишіні қабылдай алады. Ағасы Мирасты мұз айдында коньки тебуге үйретті. |
1 |
Мәтінді ретке келтіріп жазады. |
|
Білім алушының ықтимал жауаптары: лім 1) Медеуге саяхат 2) Әйгілі мұзайдын 3) Коньки тебу |
3 |
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады. Әр бөлікке сәйкес атауға 1 балл қойылады. |
|
Барлығы |
5 |
|

