ТЖБ әдебиеттік оқу 3 тоқсан 4 сын 2 нұсқада

Тақырып бойынша 15 материал табылды

ТЖБ әдебиеттік оқу 3 тоқсан 4 сын 2 нұсқада

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ әдебиеттік оқу 3 тоқсан 4 сын 2 нұсқада
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақ тақырыптар

Оқу мақсаттары

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Тыңдалым және айтылым

Табиғат құбылыстары Қоршаған ортаны қорғау

4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру 4.1.2.1 Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша/толық/ ішінара мазмұндау

Білім алушы мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын құрастыруға және жауап беруге, мәтіннің мазмұнын І жақта баяндауға бағытталған ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

2

6

2

Оқылым

4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу 4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсерілеу) табу және оларды қолдану

Білім алушы мәтіннің негізгі ойын анықтауға және оған дәлел келтіруге, шығармадан теңеу сөздерді анықтауға бағытталған ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

6

3

Жазылым

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу/өлең (төрт жолды) жазу

Білім алушы берілген мәтінді толықтырып жазуға бағытталған ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

6

Барлығы

4

18





Күні_________________ I нұсқа

Оқушының аты-жөні: _____________________________________________

Әдебиеттік оқу пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1-тапсырма Тыңдалым және айтылым

МShape1

Бүлдірген тере барғанда

Біздің жақта көк бүлдірген сайда болады. Жартастардың астына, яки бұлақ суының бойына шығады. Жылда бүлдірген піскенде, сайға атпен әдейі келіп, бүлдірген теріп қайтамыз.

Бүгін де Сөрелі сайдағы бүлдіргеннің қалың шығатын жеріне келсек, тұнып тұр екен. Жанымда өзіммен бірге оқитын Рақтай деген жолдасым бар. Сол екі арада қалың бүлдіргеннің арғы шетінен бір елік шыға келді. «Елік, елік» - деп айқай салдық. Сөйтіп, мәз болып тұр едік, іле-шала дәл әлгі жерден еліктің лағы шыққан. Ол жүгіріп барып, көп ұзамай қалың шөптің арасына кіріп кетті. Шөптің басы бес-алты метр жер қимылдап барып тына қалды. Екеуіміз бір сәт аңқиып тұрып қалдық та, аттарды тастай салып, жүгіріп сол жерге келдік. Рақтай еліктің лағы алғашқы кірген жерден іздей бастады. Мен жүгіріп шөп қимылының тоқтаған жеріне келсем, еліктің баласы жермен-жексен болып, құлағын жымқырып, бүк түсіп жатыр. Бас салып ұстай алдым. Еліктің лағы аянышты дауыспен бақырып жіберді.

Рақтайға қарап едім, өзі таба алмай қалғанына өкінгендей боп тұр. Соны білдім де, лақты оған ұстата салдым. Рақтай менің қолымнан лақты алғанда, еліктің лағы тағы бақырды. Осы дауысты естіп, аналық елік тұрған орнынан бізге қарай жақындай түсті.


әтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

























А) Аналық елік неліктен балаларға жақындай түсті?

Ә) Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және оған жауап бер.

Сұрақ:_______________________________________________________________________________________________________________________________

Жауап:______________________________________________________________________________________________________________________________

[2]

2-тапсырма

Берілген жоспардан қалаған бөлікті таңдап, мазмұнын ІІІ жақта өзгертіп айт.

Жоспар:

1) Балалардың бүлдірген тере баруы

2) Жасырынған еліктің лағы

3) Аналық еліктің балаларға жақындауы

[4]

Оқылым

2-тапсырма Өлеңді түсініп оқы

Табиғат неткен қатал ең!

Қатал ең, неткен сұлу ең!

Нұрлы таң атып қуанып,

Ақ нұры көктен құйылып.

Қарайды өмір шуағы —

Сәуледей көзі қиылып.

Қоршаған шексіз аспаның,


Көгімнен қарап мөлдіреп,

Жылытқан өмір жас жанын,

Мейірлі ана елжіреп,

Табиғат неткен сұлу ең!

Көкжиек асып кеңдігің,

Өмірге бояу тұр сіңіп.

Тәкаппар таудай өрлігің,

Таусылмас қызық тіршілік.

1) Өлеңнің негізгі ойын тауып жаз

____________________________________________________________________________________________________________________________________ 2) Өлеңге ат қой.___________________________________________________

3) Өлеңдегі қарамен берілген сөздерді кестеге жіктеп жаз.


Теңеу сөздер

Эпитеттер






[6]

Жазылым

3-тапсырма

Оқылымға берілген өлеңдегі көркем сөздерді қолданып, «Табиғат және адам» тақырыбында шағын мәтін құрап жаз. Берілген жоспарды қолдан.

Жоспар:

1) Адам-табиғаттың ажырамас бөлігі

2) Табиғат-тіршілік көзі.

3) Табиғатты қорғау-әр адамның парызы

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[6]









Балл қою кестесі 1-нұсқа

Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым және айтылым

Білім алушының ықтимал жауабы:

Балаларға айбат шекті/ лағын құтқарғысы келді/

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады.

Ықтимал сұрақтар:

Балалар неге сайға келді?/ Олар шөптің арасынан нені іздей бастады?/ Еліктің лағы неге бақыра жөнелді?/ Аналық елік қандай қимыл жасады?

1


Ықтимал жауаптар:

Балалр бүлдірген теруге сайға келді/ Олар шөптің арасынан еліктің лағын іздей бастады./ Балалардан үріккен еліктің лағы бақыра жөнелді./Аналық елік балаларға жақындай түсті.

1

Білім алушының ықтимал жауабы:

Рақтайға қарады, өзі таба алмай қалғанына өкінгендей боп тұр. Соны білді де, лақты оған ұстата салды. Рақтай оның қолынан лақты алғанда, еліктің лағы тағы да бақырды. Осы дауысты естіп, аналық елік тұрған орнынан оларға қарай жақындай түсті.

1

Мәтіннің жоспарға сәйкес бөлігін баяндайды.

1

ІІІ жақта баяндау тәсілін сақтайды.

1

Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

Барлығы

6



Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Оқылым

Табиғаттың сұлулығы/әсемдігі

1


Табиғатты аялайық/Табиғаттың сұлулығы / Табиғатым –мақтанышым

1

Баламалы тақырыптар қабылданады.

Теңеу сөздер:

Сәуледей көзі

Таудай өрлігің


1

1


Эпитеттер:

Мейірлі ана

Нұрлы таң


1

1


Барлығы

6



Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Жазылым

Білім алушының ықтимал жауабы:

Табиғат пен адам – егіз ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік.

Табиғат тіршіліктің құт-берекесі. Өйткені адамның бар өмірі табиғатпен байланысты. Сондықтан да табиғатты қорғау әр адамның міндеті. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек"деп бекер айтылмаған.


1

Баламалы мәтін қабылданады.

Тақырыпқа сәйкес мәтін құрап жазады.

1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1

Көркем сөздерді орынды қолданады.

1

Ойын еркін, жүйелі жеткізеді.

1

Сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды.

1

Орфографиялық және пунктуациялық қателер жібермейді.

Барлығы

6



Күні_________________ II нұсқа

Оқушының аты-жөні: _____________________________________________

Әдебиеттік оқу пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1-тапсырма Тыңдалым және айтылым

МShape2

Қысқы кеш

Алғашқы қар жауды. Қара жер әп-сәтте аппақ түске малынды. Ағаштар да ақ ұлпа қарға оранды.

Әлгінде ауа райы суытқан соң, Жәмила мен Керімбек үйге тығылған. Қар жауған сәттен бастап, екеуі терезе алдында сыртқа көз салумен болды.

Жәмила, қарашы! Аспан тола аппақ қар. Бірінен соң бірі жерге асығып түсіп жатыр, — деді Керімбек.

Анау бір қар ұлпасы үп-үлкен екен. Қаздың мамығындай-ау. Есіктің алды да аппақ. Қандай керемет, — деді Жәмила терезеге үңіле түсіп.

Екеуі үй ішінде жарты сағаттай отырды. Далаға шығудың ретін таппады. Ата-анасының жұмыстан келуін асыға күтті.

Ата-аналары келген соң бәрі бірге кешкі ас ішті. Бірақ Жәмила мен Керімбектің бүкіл ойы мен көңілі далаға бір рет ойнап келу болатын.

Бұлардың ойын біліп қойғандай, көрші үйлерден ұл-қыздардың сыңғырлаған күлкілері мен былдырлаған дауыстары құлақтарына анық шалынды.

Далаға барып ойнап келе қойыңдар, — деді әкесі.

Сәлден соң-ақ көше бойы ары-бері шапқылап, аппақ қардың үстінде аунап-қунап ойнаған балаларға лық толды. Асыр салған жас бүлдіршіндер қысқы кештің көркіне көрік қосқандай, көшені нағыз қан базарына айналдырғандай болды.


әтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.





























А) Балалар ата-анасының жұмыстан келуін неліктен асыға күтті?

Ә) Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және оған жауап бер.

Сұрақ:_______________________________________________________________________________________________________________________________

Жауап:______________________________________________________________________________________________________________________________

[2]

2-тапсырма

Берілген жоспардан қалаған бөлікті таңдап, мазмұнын І жақта өзгертіп айт.

Жоспар:

1) Жәмила мен Керімбектің алғашқы қарды қызықтауы

2) Балалардың ата-анасын асыға күтуі

3) Қысқы кештің қызығы [4]

Оқылым

2-тапсырма Өлеңді түсініп оқы

Табиғат, таң қаламын тамашаңа,

Өзіңсің жасыл қорған барша адамға.

Саяңда ләззат алып демаламын,

Қамқор боп жүрем саған әрқашанда.

Таза ауа, жасыл шалғын көмкерілген,

Айдын көл күміс табақ төңкерілген.

Кең дала, жасыл жайлау – мақтанышым,

Көкжиектен күлімдеп күн көрінген.

Сұлу Сыр сылаңдайды сылдыр қағып,

Жарқырап ақ күмістей сулары ағып.

Тұнған бір айналасы жеміс-жидек,

Көргендер сүйсінеді таңдай қағып.

Бой түзеп жайқалады қара ағашың,

Алқызыл алма таққан алма ағашың.

Жүзімнің шәрбат дәмі бал шырындай,

Аралаймын тоймай бір бақ арасын.

Адамзат, аялайық табиғатты,

Болмайық табиғатқа аса қатты.

Адамның адамдығы біле білсек,

Табиғат тазалығы, міне, нақты!

1) Өлеңнен негізгі ойды білдіретін жолдарды тауып, көшіріп жаз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________ 2) Өлеңге ат қой.___________________________________________________

3) Өлеңдегі қарамен берілген сөздерді кестеге жіктеп жаз.

Теңеу сөздер

Эпитеттер






[6]

Жазылым

3-тапсырма

Оқылымға берілген өлеңдегі көркем сөздерді қолданып, «Экология және біз» тақырыбында шағын мәтін құрап жаз. Берілген жоспарды қолдан.

Жоспар:

1) Табиғат -біздің үйіміз

2) Табиғатты қорғау жолдары

3) Табиғатты қорғау-әр адамның міндеті

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







[6]

Балл қою кестесі 2-нұсқа

Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым және айтылым

Білім алушының ықтимал жауабы:

Себебі олар жаңа жауған қармен ойнағысы келді/ Ата аналарынан рұқсат алып, сыртқа шығу үшін/ ...

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады.

Ықтимал сұрақтар:

Балалар неге терезенің алдында отыр?/ Жәмила қар ұлпасын неге теңеді? /Олар ата аналарын қанша уақыт күтті?/ Балалар неліктен далаға шығуға асықты?/...

1


Ықтимал жауаптар:

Олар сыртта жауып тұрған қарды бақылап отыр./ Қаздың ақ мамығына ұқсатты/ Жарты сағаттай уақыт күтті/ Жаңа жауған қармен ойнау үшін/...

1

Білім алушының ықтимал жауабы:

Алғашқы қар жауды. Айнала ақ мамыққа оранды. Інім екеуіміз есік алдында ойнап жүргенбіз. Күн суыта бастаған соң үйге кірдік. Терезеден жауып тұрған қарды бақылап отырдық.

Әпке, қарашы, аспанда қар қандай көп! Тоқтамай жерге түсіп жатыр, – деді інім.

Иә, қар ұлпалары қаздың мамығына ұқсайды екен, – дедім мен.

1

Мәтіннің жоспарға сәйкес бөлігін баяндайды.

1

І жақта баяндау тәсілін сақтайды.

1

Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

Барлығы

6




Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат


Оқылым

Адамзат, аялайық табиғатты,

Болмайық табиғатқа аса қатты./

1



Табиғатты аялайық/Табиғатқа қорған бол/ Табиғатым –мақтанышым

1

Баламалы тақырыптар қабылданады.


Теңеу сөздер:

ақ күмістей

бал шырындай


1

1



Эпитеттер:

Айдын көл

Күміс табақ


1

1



Барлығы

6


Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат


Жазылым

Білім алушының ықтимал жауабы:

Табиғат – біздің үйіміз. Бізді азықпен, сумен, ауамен қамтамасыз ететін осы табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз.

Табиғатты қорғау жолдары көп. Қоқысты сұрыптап тастау, су мен жарықты үнемдеу, көлік орнына велосипедті пайдалану – әрқайсымыздың қолымыздан келетін шаралар. Ағаш отырғызып, гүл егу де табиғатқа жасаған жақсылығымыз.

Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті. Егер әрқайсымыз жауапкершілікпен қарасақ, табиғат та бізге таза ауасымен, мөлдір суымен жауап береді. Табиғатты аялайық, болашақты сақтайық!


1

Баламалы мәтін қабылданады.

Тақырыпқа сәйкес мәтін құрап жазады.


1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.


1

Көркем сөздерді орынды қолданады.


1

Ойын еркін, жүйелі жеткізеді.


1

Сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды.


1

Орфографиялық және пунктуациялық қателер жібермейді.


Барлығы

6























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
269
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі