Материалдар / Тжб бжб тапсырмалар жинағы 7 сынып қазақ тілі

Тжб бжб тапсырмалар жинағы 7 сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
4 тоқсанға арналға тжб, бжб тапсырмалары 7 сынып қазақ тілі
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ

7-сынып
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы

ТАРАЗ-2020

2

Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің
Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған ( хаттама №5, «24» желтоқсан, 2019 жыл).

Пікір жазғандар:
Г.М. Қарымбаева – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, филология
ғылымдарының кандидаты, доценті, «Филология және журналистика» кафедрасының
меңгерушісі.
Л.Т.Мақұлова – Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, филология ғылымдарының
кандидаты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, деңгейлік курстарды оқыту
тренері.

Редакция алқасы:
Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы білім басқармасы оқу – әдістемелік кабинетінің басшысы,
төрайым; Б.Х. Тажибаев – облыстық оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары,
төрайымның орынбасары; А.Н.Иманбекова – Тараз қаласы физика-математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
сарапшы; Ш.М.Жамалбекова – облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін
ақпараттық-әдістемелік
қамтамасыз
ету»
бөлімінің
жетекшісі,
редактор;
А.Нұрмолдаева – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, техникалық корректор.

Ж. Б. Биргожаева, Б. Е. Мырзабекова – «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы»
7–сынып, Қазақ тілі. Тараз, 2020 -101бет

Жинақ жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне арналған. Білім алушылардың бөлім, ортақ тақырып және тоқсан
бойынша жоспарланған мақсаттарды меңгергу деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.
Тапсырмалар тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырып,
өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуына негіз болады.

© Жамбыл облысы әкімдігі білім
басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Тараз қ. 2020

3

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................... ............................5
1-тоқсан бойнша бағалауға арналған тапсырмалар................................................6
«Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау...................................................................................................................... 6
«Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау....................................................................10
2-тоқсан бойнша бағалауға арналған тапсырмалар...............................................14
«Сүйіспеншілік пен достық. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау.......................................................................................... ..............................14
«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау .......................................................................................................18
3-тоқсан бойнша бағалауға арналған тапсырмалар...............................................24
«Ғаламтор ғаламаты. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау.......................................................................................... ..............................24
«Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану.
Морфология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
................................................................................................. ....................................28
4-тоқсан бойнша бағалауға арналған тапсырмалар...............................................33
«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау.......................................................................................... ..............................33
«Ғылыми фантастика. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау........................................................................................................................38
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы .......................................44
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы .......................................58
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы ...................................... 73
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы........................................88
Қорытынды...............................................................................................................100
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................101

4

КІРІСПЕ
Әдістемелік құрал «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына,
«Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды
бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
жинағы», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған.
Әдістемелік құрал жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп
әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп,
өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
«Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» атты әдістемелік құрал мұғалімге қазақ
тілі пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлап, ұйымдастырып және өткізуге арналып
құрастырылған. 7-сыныпқа арналған әдістемелік құрал ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы
негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың
тоқсан бойынша жоспарланған оқу жоспарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік құралда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау
критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен
балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (мәтіндер, қосымша көркем әдебиеттер мен оқулықтар) қолданылды.

5

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-бөлім "Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика"
1-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Орындау уақыты:

7.3.3.1 -Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет
беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік
мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген
процесті сипаттап жазу.
7.4.1.1 -Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере
отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға
сай жазу.
Білім алушы
 Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет
беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып,
графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба)
түрінде берілген процесті сипаттап жазады.
 Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере
отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық
нормаға сай жазады. .
жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут

Тапсырма. Төмендегі диаграммада берілген графиктік ақпаратты сөзбен сипаттап
жазыңыз. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес
орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

6

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-бөлім "Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика"
2-НҰСҚА

7

Балл қою кестесі

Бағалау критерийі
Мәтін
құрылымын
сақтай
отырып,
графиктік
мәтін
(шартты белгі, сурет,
сызба)
түрінде
берілген
процесті
сипаттап жазады.

Жалғаулар
мен
шылаулардың
ерекшелігін ескере
отырып,
үндестік
заңына
сәйкес
орфографиялық
нормаға сай жазады.
Барлығы

тапсырма
1

2

Дескриптор
Білім алушы
Мәтін құрылымын сақтайды:
кіріспе бөлім жалпы мәлімет береді детальді мәлімет береді графиктік ақпаратты сөзбен сипаттап
жазады;
Жалғаулар мен шылаулардың
ерекшелігін ескереді үндестік заңына сәйкес орфографиялық
нормаға сай жазады.

Балл

1
1
1
1
2

2

8

8

Ата-аналарға арналған рубрика
«Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:

төмен

орта

жоғары

Мәтін құрылымын сақтауда,
графиктік ақпаратты сөзбен
сипаттап жазуда,
орфографиялық,
пунктуациялық норманы
сақтауда қиналады.

Мәтін құрылымын сақтауда, графиктік
ақпаратты сөзбен сипаттап жазуда,
орфографиялық, пунктуациялық
норманы сақтауда қателіктер жібереді.

Мәтін құрылымын сақтайды;
графиктік ақпаратты сөзбен
сипаттап жазады;
орфографиялық, пунктуациялық
норманы сақтайды.

Жалғаулар мен шылаулардың
ерекшелігін ескере отырып,
үндестік заңына сәйкес
орфографиялық нормаға сай
жазуда қиналады.

Жалғаулар мен шылаулардың
ерекшелігін ескере отырып, үндестік
заңына сәйкес орфографиялық нормаға
сай жазуда қателіктер жібереді.

Жалғаулар мен шылаулардың
ерекшелігін ескере отырып,
үндестік заңына сәйкес
орфографиялық нормаға сай
жазады.

Ата-анасы:______________
(қолы)

_____________________________________________________
(аты-жөні)

9

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
2-бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Интонация. Логикалық екпін»
1-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Орындау уақыты :

7.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған
ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.3.1.1 -әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын
ескере отырып, күрделі жоспар құру.
Білім алушы
- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат
бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі;
- әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере
отырып, күрделі жоспар құрады.
жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мәтінде не туралы айтылғанын
3 сөйлемммен жазыңыз. Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты
жазыңыз.
Тыңдалым мәтіні.
Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал
шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан
жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси
қауымдастығы және өркениеті.
Көшпелілер туралы түсінік, алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д.
V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап
жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар,
орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер
өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада
болып көрінді. Көшпелілер туралы нашар түсініктер де сол ерте заманда-ақ қалыптасты.
Көне Қытайда «көшпелілер — жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты.
Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп
есептеді.
XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын
білдіріп отырды. Мысалы, Монтескье көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе,
Фергюсон, Адам Смит: «Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда
болды», — деген.
Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта (табиғат) және адамның белсенді іс-әрекет
мәселесі жиі қозғалып отырды. Олардың пікірі бойынша, далалы, шөлейтті, шөлді, таулы
аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік
қалыптасқан. Осындай халықтардың бірі қазақ халқы далалы, шөлейтті аймақты игерудің
бірден-бір жолы мал шаруашылығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір
сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен.
1-сөйлем:_____________________________________________________________________
2-сөйлем:_____________________________________________________________________
3-сөйлем:_____________________________________________________________________
2 факт

2 көзқарас

2-тапсырма. Тыңдалған мәтін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрыңыз.
10

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
2-бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Интонация. Логикалық екпін»
2-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Орындау уақыты :

7.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған
ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.3.1.1 -әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын
ескере отырып, күрделі жоспар құру.
Білім алушы
- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат
бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі;
- әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере
отырып, күрделі жоспар құрады.
жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мәтінде не туралы айтылғанын 3
сөйлемммен жазыңыз. Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты жазыңыз.
Тыңдалым мәтіні.
«Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық
даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Еуразия даласын мекендеген көшпелі халықтардың
негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай,
айырбас үшін де пайдаланылды.
«Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және
көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды. Көшпелілер
уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы
белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана
білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған.
Жауын-шашыны молырақ Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстікшығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау
ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жа лғасып
жатқан. Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдық жайылымдардың рулар арасында бөліске
түскенімен, мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қатал
даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылықтарын терең білу, болжай білу —
мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. «Құрғақ даланы, —
дейді ағылшын тарихшысы, социолог А. Дж. Тойнби (1889-1975), — тек бақташы ғана
меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін
тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді
калыптастырады.» Малшылық егіншіліктен көрі күрделілеу, өйткені диқан табиғат өнімдерін
тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм тәрізді.
1-сөйлем:_____________________________________________________________________
2-сөйлем:_____________________________________________________________________
3-сөйлем:_____________________________________________________________________
2 факт

2 көзқарас

2-тапсырма. Тыңдалған мәтін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрыңыз.
11

Балл қою кестесі
Бағалау критерийі
Тыңдалған
мәтіннің
мазмұнын
түсінеді,
ұсынылған
ақпарат
бойынша факті мен
көзқарасты
ажырата
біледі
әртүрлі жанрдағы
мәтіндерді жазу үшін
құрылымын ескере
отырып, күрделі жоспар
құрады.

тапсырма

1

Дескриптор
Білім алушы
 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсінеді
 Ұсынылған ақпарат бойынша
фактіні ажыратады
 Ұсынылған ақпарат бойынша
көзқарасты ажыратады

2

тыңдалған мәтін құрылымын
ажыратады
мәтіннің кіріспе бөліміне сәйкес
жоспар құрады
мәтіннің негізгі бөліміне сәйкес
жоспар құрады
мәтіннің қорытынды бөліміне сәйкес
жоспар құрады

Балл
2
1
1

1
1
1
1

8

Барлығы

12

Ата-аналарға арналған рубрика

«Көшпенділер мәдениеті. Интонация. Логикалық екпін» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні:
төмен

орта

жоғары

Мәтінде не туралы
айтылғанын 3 сөйлемммен
жазуда қиналады
Ұсынылған ақпарат бойынша
факті мен көзқарасты
ажыратадуда қиналады.

Мәтінде не туралы айтылғанын
3 сөйлемммен жазуда, ұсынылған ақпарат
бойынша факті мен көзқарасты
ажыратадуда қателіктер жібереді.

Мәтінде не туралы айтылғанын
3 сөйлемммен жазады.
Ұсынылған ақпарат бойынша факті
мен көзқарасты ажыратады.

Мәтін құрылымын ескере
отырып, күрделі жоспар
құруда қиналады.

Мәтін құрылымын ескере отырып, күрделі
жоспар құруда қателіктер жібереді.

Мәтін құрылымын ескере отырып,
күрделі жоспар құра алады.

Ата-анасы:______________
(қолы)

_____________________________________________________
(аты-жөні)

13

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»
1-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

7.2.5.1 -Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық
мақала құрастырып жазу

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.
 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық
мақала құрастырып жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Орындау уақыты :

15-20 минут

1-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша 3 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.
Достар
Екі дос шөл далада келе жатыпты. Бір кезде екеуі сөзге келіп қалады да, біреуі
екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын сезсе де, үндемей, құмға:
"Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды,"- деп жазып қояды. Олар әрі қарай жүріп келе
жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар екен, екеуі өзенге түсіп шомылып
жатқанда, әлгінде досынан таяқ жеген жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны
құтқарып, жағаға арқалап алып шығады. Есін жиған соң, жігіт: "Бүгін ең жақын досым мені
құтқарды",- деп тасқа қашап жазады. Алдымен бетінен ұрып, кейін досын құтқарған жігіт
одан: "Сені ренжіткен кезімде құмға жазып едің, енді тасқа қашап жаздың, не үшін?"- деп
сұрайды. Сонда досы: "Біреу бізді ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға
жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел шая алмау үшін
тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен", - деп жауап берген
екен.
2-тапсырма. Тезистік жоспарға сүйене отырып, «Бірлігі жарасқан сынып» тақырыбында
шағын ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.
Тезистік жоспар:
1) Тақырыпқа сәйкес сыныптың өзге сыныптардан ерекшелігі туралы;
2) Сыныптағы оқушылар туралы ақпарат, олардың сынып бірлігіндегі рөлі туралы;
3) Қорытынды ой.

14

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»
2-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

7.2.5.1 -Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық
мақала құрастырып жазу

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.
 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық
мақала құрастырып жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша 3 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.
Достар
Бірде әкесі баласына қаратып:- Балам, қанша досың бар?- деп сауал қойыпты. Сонда
ештеңенің байыбына бара бермейтін бала көңілмен ұлы: «Жолдас балаларымның
барлығымен тату-тәтті доспын. Ешқайсысы мен туралы бөтен ойламайды. Бір-бірімізден еш
нәрсе аянып қалмаймыз. Қолымыздан келгенше жәрдемдесіп тұрамыз»,- деп бірнеше
жауаптарды үсті-үстіне жаудыртып айтып береді. Сонда баласының әңгімесін сабырмен
тыңдап болып, «Е-ее, қарағым. Сен айтқан пікірлермен достықты толыққанды бағалауға
болмайды. Мен саған мына бір аңыз әңгімені айтып берейін. «Бірде жігіт досын сынамақ
болып, қорадағы қойын сойып қапқа салып досына апарып көрсетіп, мен мына адамды
жазым етіп алдым, енді мен жазаға тартылуым мүмкін. Сен отбасыма, мал-мүлкіме қорған
бол, бала кезден егіз қозыдай тел өскен жолдасым деп саған аманат етіп тұрмын,- дейді
сұраңқы жүзбен күмілжи сөйлеп. Мұндай жағдайды күтпеген жолдасы абдырап қалып, қазір
мен үйге барып келейін деп үйінен мылтық ала шығып қаптағы салулы тұрған қой етін үсті үстіне атып жібереді де міне енді екеуміз бірдей болдық. Сенің басыңа жағдай туындап
тұрғанда жалғыз тастай алмаймын. Нендей қиыншылық болса да бірге көтереміз»,- деп
шынайы жанашырлығын танытады. Көрдің де ұлым, дос деген осындай басыңа іс түскенде
танылады. Әйтпесе, былайғы күні бәрі жақын, бәрі дос болып жүреді,» - деп сөзін аяқтайды.
(http://old.baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-94099)
2-тапсырма. Тезистік жоспарға сүйене отырып, «Қазақстан - көпұлтты мемлекет»
тақырыбында шағын ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.
Тезистік жоспар:
1) Тақырыпқа сәйкес Қазақстанның ұлтаралық бірлік саясаты туралы;
2) Қазақстан халқы туралы ақпарат, олардың ел бірлігіндегі рөлі туралы;
3) Қорытынды ой.

15

Балл қою кестесі

Бағалау критерийі

тапсырма

Мәтін бойынша
проблемалық сұрақтар
құрастыру

1

Жанрлық және
стильдік
ерекшеліктеріне сай
ақпараттық мақала
құрастырып жазу

2

Дескриптор
Білім алушы
Проблемалық сұрақтар құрастырады:
1-сұрақ;
2-сұрақ;
3-сұрақ.
Жағдаят бойынша тақырыпқа сай
жазады;
Тезистік жоспарды негізге алады;
Ақпараттық сипатта жазады;
Орфографиялық, пунктуациялық
нормаларды сақтайды;
Публицистикалық стильді сақтайды.

Барлығы

16

Балл

1
1
1

1
1
1
1
1
8

Ата-аналарға арналған рубрика

« Сүйіспеншілік пен достық. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні:

төмен

орта

жоғары

Мәтін бойынша проблемалық
сұрақтар құрастыруда
қиналады.

Мәтін бойынша проблемалық
сұрақтар құрастыруда қателіктер
жібереді.

Мәтін бойынша проблемалық
сұрақтар құрастыра алады.

Жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай
ақпараттық мақала
құрастырып жазуда
қиналады.

Жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай ақпараттық
мақала құрастырып жазуда
қателіктер жібереді.

Жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай ақпараттық
мақала құрастырып жазады.

Ата-анасы:______________
(қолы)

_____________________________________________________
(аты-жөні)

17

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
2-бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»
1-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

7.1.2.1
-әлеуметтік-қоғамдық,
оқу-еңбек
тақырыптарына
байланысты
диалог, монолог, полилогтердегі (интервью,
пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді)
автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау
7.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек
сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра
отырып, жинақы мәтін жазу.
Білім алушы
Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты
диалог, монолог, полилогтердегі автор көзқарасы мен көтерілген
мәселені талдайды.
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер
мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып,
жинақы мәтін жазады.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Тыңдалым мәтініндегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені "Балық
қаңқасы" әдісімен талдаңыз.

автор көзқарасы

негізгі
идеясы

Көтерілген
мәселе
мәтіннен дәйектер

18

Тыңдалым мәтіні.
Ежелден қобыз аспабын кие дарыған адамдар ғана ойнай алған. Екінің бірі ойнап кете
алмайтын сыры мен қыры мол аспапты жыраулар мен абыздар, ұзандар мен бақсылар ғана
қолданған. Халқымызда қобыз аспабын музыкалық инструмент емес, көбінесе бақсышамандардың құралы деген пікір қалыптасқан.
Аққу кейіпті бұл аспаптың ыңыранып шыққандағы үнінің адам бойын баурап, алпыс екі
тамырын идіріп әкететін тылсым күші ғалымдардың әлі күнге танданысын тудырып жатыр.
Үніндегі ерекшелікті домбырадағы әнді қобызға салғанда байқауға болады. Мүлде басқаша
дыбыспен, үнмен шығады. Қобызда созылыңқы дыбыс болған соң, ән өзгеріске ұшырайды.
Қобыздың бізге белгілі нарқобыз, қылқобыз, жезқобыз, сазген деген түрлері бар. Сандайақ осы қатарға оркестірлер мен ансамбльдерде ойналып жүрген альт, прима қобыздарын
жатқызуға болады. Ішегі жылқының қылынан жасалатын бұл аспаптың екі ішектісімен бірге
– үш, төрт ішектілері бар. Бұл қобыздардың барлығы бір-бірінен өзіндік ерекшеліктерімен
өзгешеленеді.
Қоңыр дауысты сазды аспаптың үні табиғатқа өте жақын. Оның даусы қасқырдың
ұлығанын, адамның даусын, желдің ысқырғанын, жебенің нысанаға тық етіп тигенін, аққу
қанатының қағысын, судың сыңғырын бере алады. Табиғаттың қайталанбас дыбыстарын
айна қатесіз бере алатын бұл аспаптың ғалымдар үшін жұмбағы көп. Тұтастай бір ағаштан
ойып жасау үшін ұзындығы 70 см, ені 22 см, қалыңдығы 20 см ағаш алынады. Дыбыстың
жаңғырып шығуы үшін беті жартылай терімен қапталады.
Қобыздың пішіні де ерекше мәнге ие. Оның аққудың тұлғасына ұқсап жасалуын
академик Әлкей Марғұлан аққу құстың киелілігмен байланыстырады. Ғалым ежелгі
қазақтардың аққуды қастерлеп, оның бейнесін өздерінің тотемі еткендігін негізге алады.
2-тапсырма.Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерінің қажеттісін синонимдерімен
ауыстыра отырып, "Қобыз - киелі аспап" тақырыбында жинақы мәтін жазыңыз.

19

20

ауыстыра отырып, "Домбыра - қазақ мақтанышы" тақырыбында жинақы мәтін
жазыңыз.

21

Балл қою кестесі
Бағалау критерийі
Әлеуметтік-қоғамдық,
оқу-еңбек тақырыптарына
байланысты диалог,
монолог, полилогтердегі
автор көзқарасы мен
көтерілген мәселені
талдайды.
Оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша
тірек сөздер мен сөз
тіркестерін синонимдік
қатармен ауыстыра
отырып, жинақы мәтін
жазады.

тапсырма
1

2

Дескриптор
Білім алушы
Көтерілген мәселені анықтайды;

Балл
1

Автор көзқарасын анықтап, мәтіннен
дәлелдер келтіреді;

2

Мәтіннің негізгі идеясын қорытып
шығарады
сөз тіркестерін синонимдік қатармен
ауыстырады
оқылым материалы негізінде жинақы
мәтін жазады
жинақы мәтін құрылымын сақтау, ой
жүйелілігі

1
1

1

2

Барлығы

10

22

Ата-аналарға арналған рубрика

« Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні:

төмен

орта

жоғары

Әлеуметтік-қоғамдық, оқуеңбек тақырыптарына
байланысты диалог, монолог,
полилогтердегі автор
көзқарасы мен көтерілген
мәселені талдауда қиналады.

Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек
тақырыптарына байланысты диалог,
монолог, полилогтердегі автор
көзқарасы мен көтерілген мәселені
талдауда қателіктер жібереді.

Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек
тақырыптарына байланысты
диалог, монолог, полилогтердегі
автор көзқарасы мен көтерілген
мәселені талдай алады.

Оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша тірек
сөздер мен сөз тіркестерін
синонимдік қатармен ауыстыра
отырып, жинақы мәтін жазуда
қиналады.

Оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша тірек сөздер
мен сөз тіркестерін синонимдік
қатармен ауыстыра отырып, жинақы
мәтін жазуда қателіктер жібереді.

Оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша тірек
сөздер мен сөз тіркестерін
синонимдік қатармен ауыстыра
отырып, жинақы мәтін жаза
алады.

Ата-анасы:______________
(қолы)

_____________________________________________________
(аты-жөні)

23

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»
1-НҰСҚА
Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

7.2.1.1 -мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет,
шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.
7.3.6.1 -мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды
қолданылуын тексеру,
синонимдік қатармен ауыстыра
отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
Білім алушы
Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты
белгілер) ақпаратты интерпретациялайды.
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын
тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық
түзетулер енгізеді, редакциялайды.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

қолдану деңгей

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Суретте берілген ақпаратты "ПОПС формуласымен" түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеріңіз,
синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізген сөйлемдеріңізді
жазып шығыңыз.
Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?
Дүние жүзіндегі адамдардың 90 пайызға таман ғаламторды пайдаланады екен. Яғни
күннен-күнге интернет жүйесінің маңызы артып келеді. Ақпараттық технология заманында
аталған ғылым жетістігі өміріміздің бір бөлшегіне айналғандай.
Ғаламтордың пайдасы қандай? Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз
емес. Ғаламтордан электронды кітаптарды (e-book reader) оқудың да мүмкіндігі жетеді.
Іздеген кітабыңызды интернет арқылы тауып алып, смартфон (түрлі гаджеттер) арқылы оқи
аласыз. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де аз.
Смартфонға жүзден астам кітапты жүктеуге болады. Сөйтіп, қалаған кітабыңыз смартфоннан
әп-сәтте табылады. Ал смартфондағы жазбаларды қалаған уақытыңызда оқи беруге болады.
Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен,
қазір инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Ол үшін
сіздің жеке парақшаңызда 10 мыңнан астам және одан да көп жазылушы болуы тиіс.
Инстаграм игілігін білетіндер өзінің өнімін онлайн сауда жасап сата алады. Сондай-ақ,
әлемторда түрлі онлайн курстарға жазылуға мүмкіндік бар. Мәселен, тіл үйренуге, ас мәзірін
жасауға, іскерлік қабілетті шыңдауға арналған курстар. Біз тізген қызмет түрлері
ғаламтордың аз ғана мүмкіндігі. Әлемдік желінің пайдалы тұстары өте көп.
24

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»
2-НҰСҚА
Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

7.2.1.1 -мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет,
шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.
7.3.6.1 -мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды
қолданылуын тексеру,
синонимдік қатармен ауыстыра
отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
Білім алушы
Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты
белгілер) ақпаратты интерпретациялайды.
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын
тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық
түзетулер енгізеді, редакциялайды.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

қолдану деңгей

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Суретте берілген ақпаратты "ПОПС формуласымен" түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеріңіз,
синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізген сөйлемдеріңізді
жазып шығыңыз.
Ғаламторд
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Нурбайқызы Жайна
17 Наурыз 2024
3765
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі