400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ жұмысы 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 Тоқсандық бақылау жұмысы ІІІ тоқсандық Жас мамандарға көмекші құрал Бөлім бойынша барлық тапсырмалар қарастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

6- сынып 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалар

1-нұсқа

Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым – 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30

Тапсырмалар түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент

тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Оқушының аты – жөні_____________________________ Сыныбы________

Тыңдалым

Саяхатшы

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен саяхаттауды жақсы көремін. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Саяхаттаған адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – ең алдымен ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік, одан кейінгі арманым – жер шарын аралау.

Дегенмен, саяхатшы болу бір қарағанда оңай мамандық көрінгенімен, мүлдем олай емес. Алдымен саяхатшы болу үшін білімді болу керек, тек өз еліңнің ғана емес, басқа да мемлекеттердің салт – дәстүрін, мәдениетін біліп, сонымен қатар шет тілдерін де жетік меңгеру керек. Одан кейін денсаулығың мықты болып, түрлі қоршаған орта жағдайларына бейімделуге дайын төзімді болу керек. Себебі саяхат уақытында түрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін.

Сонымен қатар, біліміңді жетілдіріп, саяхат жайлы белгілі саяхатшы – этнографтардың жұмыстарымен танысып, біліміңді жетілдіру керек. Мен қазақтың атақты ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың еңбектерін сүйсініп оқып, болашақта сол кісі секілді шығыстанушы ғалым болуды армандаймын.

Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз. 1 балл

А) Дене шынықтыру, саяхат В) саяхаттаушы, мұғалім

С) Оқытушы, Қазақстан Д) Саяхатшы, жер шарын аралау

2. Қазақстанның саяхатшы, тарихшы, этнограф ғалымы кім? 1 балл

А) Ш. Уәлиханов В) А. Машанов

С) Ы. Алтынсарин Д) Д. Досжан

3. Тыңдалым мәтіні бойынша 1 дұрыс ақпаратты табыңыз. 1 балл


Мәтіндегі ақпараттар

Дұрыс

Дұрыс емес

А

Саяхатшылар жақсы мамандық емес.



В

Мен ауыл мен қалаға саяхаттағанды ұнатпаймын.



С

Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – ең алдымен ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау.



4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз. 1 балл

Жетілдіріп, аяқтап, танысып

Біліміңді жетілдіріп, саяхат жайлы белгілі саяхатшы – этнографтардың жұмыстарымен ........., біліміңді ..... керек. _________________________________________________________________________

5. Сұраққа толық жауап беріңіз. 1 балл

Саяхатшы болу үшін нені білу керек?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқылым

Ұлы Жібек жолы десе көз алдыңа күн астында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына жету үшін шөл даладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Жол барысында жаңа қалалар пайда болып, ескілерінің тас талқаны шықты. Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен. Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар тасымалдады. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген . Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты. Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алған. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен.

Мәтін мазмұны бойынша 1 дұрыс сөйлемді табыңыз. 1 балл


Мәтіндегі ақпараттар

Дұрыс

Бұрыс

А

Сол жылы Қытай императоры Шығыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын



В

Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның солтүстік аумағы арқылы өткен.



С

Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар тасымалдады.



2-3 Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Саудагерлер (синоним)- ______________________________________________________1 балл

Ескі (антоним) - _________________________________________________________1 балл

4-5 Сұраққа толық жауап беріңіз.

Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтарын қамтыды?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________1 балл

Ұлы Жібек жолы арқылы саудагерлер не тасыды?

_________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________1 балл

Жазылым 10 балл

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

  1. «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбына эссе жазыңыз. (90 сөз)

Неліктен бізге спорт қажет? Спортшы бойында қандай қасиеттер болу керек? Қандай спорт түрлерін білесің? Спорт пен денсаулықтың байланысы?

  1. Жер байлығына аяулы көзқарас.

Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз.

Айтылым 10 балл

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем). Диалог құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.

Ұсынылатын тақырыптар

    1. Қазіргі кезде климаттың өзгеруіне адамдардың әсері барма?

    2. Спортшы болғыңыз келеді ме? Неліктен?

    3. Қандай олимпиада жеңімпаздарын білесіз?

    4. Ұлы Жібек жолының өткен жерлерін айтып беріңіз.

    5. Ұлы Жібек жолы Қазақстан мәдениетінің дамуына үлес қоса алды ма?

    6. Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болады деп ойлайсыз?



6 сынып. 3-тоқсан бойынша ТЖБ тапсырмалары

ІІ нұсқа

Оқушының аты – жөні________________________________ Сыныбы________

Тыңдалым

Мұғалім мамандығы

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. 

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға  бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаз - таудан сарқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің кең даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы.

Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз. 1 балл

А) Ұстаз, білім беруші маман В) мамандық, білім беру

С) Оқытушы, ұстаз Д) дәрігер, ұстаз, әнші, құрылысшы

2. Мұғалім не істейді? 1 балл

А) ән айтады В) адамды емдейді

С) білім береді Д) киім тігеді

3. Тыңдалым мәтіні бойынша 1 дұрыс ақпаратты табыңыз. 1 балл


Мәтіндегі ақпараттар

Дұрыс

Дұрыс емес

А

Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы.



В

Мен ауыл мен қалаға саяхаттағанды ұнатпаймын.



С

Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – ең алдымен ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау.



4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз. 1 балл

Балаға, және, еткен

Ұстаздық .... жалықпас, үйретуден .....

________________________________________________________________________

5. Сұраққа толық жауап беріңіз. 1 балл

Ұстаз сөзін сипаттап жаз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқылым

Жер байлығы пайдалы қазбалар – жер қойнауында кездесетін табиғи минералды заттар. Қазақстанда табиғи байлықтар өте көп. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақ та бар. Елімізде көмір, мұнай, темір, мыс, мырыш мол. Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Тараз қалаларында көмір, мыс, хром, алюминий кендері бар. Бұлар қатты заттарға жатады.

Мұнай біздің еліміздің байлығы. Мұнайшылар оны жер астынан бұрғылау арқылы алады. Мұнай елімізде мол өндіріледі. Көмір кені де жақсы. Бұл пайдалы қазбалар жанғыш топқа жатады. Мұнай сұйық зат, оны құбыр арқылы жеткізіп отырады. Мұнайдан көптеген заттар алады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде мақта, қант қызылшасын өсіру, көкөніс пен жеміс өсіру жақсы дамыды.

Еліміздегі әрбір пайдалы қазбалар құнды. Біз жер байлығын үнемдеп жұмсауымыз қажет. Келешекте осы пайдалы қазбаларды толық өңдейтін зауыттардың көп болуы жоспарланып жатыр. Егер осындай үлкен зауыттар мен фабрикалар іске қосылса еліміз өркениеті дамыған елдердің қатарынан табылады.

Мәтін мазмұны бойынша 1 дұрыс сөйлемді табыңыз. 1 балл


Мәтіндегі ақпараттар

Дұрыс

Бұрыс

А

Қазақстанның оңтүстігінде көмір шығарылады.



В

Мұнай сұйық зат, оны құбыр арқылы жеткізіп отырады.



С

Еліміздегі әрбір пайдалы қазбалар құнсыз.



2-3 Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Құнды қазына (синоним)- ______________________________________________________1 балл

Сұйық (антоним) - _________________________________________________________1 балл

4-5 Сұраққа толық жауап беріңіз.

Қазақстанның қай қалаларында пайдалы қазбалар өндіріледі?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________1 балл

Жанғыш, құрылыстық, химиялық заттарға қандай пайдалы қазбалар жатады?

_________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________1 балл

Жазылым 10 балл

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

  1. «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбына эссе жазыңыз. (90 сөз)

Неліктен бізге спорт қажет? Спортшы бойында қандай қасиеттер болу керек? Қандай спорт түрлерін білесің? Спорт пен денсаулықтың байланысы?

  1. Жер байлығына аяулы көзқарас.

Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз.

Айтылым 10 балл

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем). Диалог құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.

Ұсынылатын тақырыптар

    1. Қазіргі кезде климаттың өзгеруіне адамдардың әсері барма?

    2. Спортшы болғыңыз келеді ме? Неліктен?

    3. Қандай олимпиада жеңімпаздарын білесіз?

    4. Ұлы Жібек жолының өткен жерлерін айтып беріңіз.

    5. Ұлы Жібек жолы Қазақстан мәдениетінің дамуына үлес қоса алды ма?

    6. Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болады деп ойлайсыз?




Балл қою кестесі І нұсқа

Тыңдалым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
26 наурыз
1407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі