Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ. қазақ тілі.5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып қазақ тіліне арналған 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

24.10.24.«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

5-сынып

Білім алушы____________________________________________________

Оқылым

Тапсырма

Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтіні

І Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова қазақстандық дизайнер, суретші, стилист.

«Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының

атқарушы директоры.

ІІ. Оқушы кезімнен-ақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта

болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы

қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын едім.

ІІІ. Дизайнерлік салада жүргеніңізге қанша жыл болды?

- Бұл салада жүргеніме жиырма алты жылдан асты. Ал менің«Kuralai» сән үйіме биыл

жиырма екі жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымда-ақ қағаз бетіне

түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай

жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді

ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді аштым.

(Сұхбаттасқан Данияр Жаныс BusinessNews.kz сайтынан)

1. Мәтіндегі сән шебері бала кезінде қандай болған?

A. ақылды

B. белсенді

C. зерек

D. сәнқой

2. Суретшінің болашағына құрған жоспары туралы қай абзацта айтылған?

A. І

B. ІІ

C. ІІІ

3. Сіз берілген мәтіннің кейіпкері сияқты өз болашағыңызды жоспарлау дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ә мәтіні

Хабарландыру

2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі құндылықтарды жаңғырту

мақсатында «Мерейлі отбасы» атты байқау өтеді. Бұл байқауға аймақтан көптеген отбасы

қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады. Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы

Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтекауданы,

Астана даңғылы, №6 мекенжайында орналасқан «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан

облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты.

Басталуы: сағат 14:00-де

Ескерту: Байқауға қатысушылар жол мен баспана қаражатын өздері көтереді.

Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне қызықты экскурсия ұсынады.

Келемін деушілерге есік ашық!


1.Мәтінде аталған байқау не үшін ұйымдастырылды?

A. Аймақтық салт-дәстүрлерді жалғастыру үшін

B. Әр жанұяның тек мерейлі отбасы болуы үшін

C. Жанұяның әдет-ғұрпын, үлгілі мұраны жалғастыру үшін

D. Қаланың әсем жерлерімен танысып қайту үшін

2.Жәнібектің отбасы байқауға қатысу үшін ақшаны қайдан алады?

A. Аймақтық қордан

B. Білім басқармасынан

C. Облыс әкімдігінен

D. Отбасы қорынан

3. Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлайсыз ба? Өз

пікіріңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жазылым

Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.

Құрамы 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (мәтін) орындау керек.

1) «Үш тілді меңгеру» – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі»

тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз(100-150 сөз көлемінде).


2) Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. «Беташар» салты туралы не білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150 сөз көлемінде).

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2024
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12