400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТжКБ ұйымдарында жаңартылған білім мазмұнының маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Директордың оқу ісі орынбасарларына, әдіскерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

    ТжКБ ұйымдарында жаңартылған білім мазмұнының маңыздылығы

«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Осы орайда Елбасымыздың жолдауында айтқандай:«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-критериалды бағалау жүйесін енгізумен қатар,білім мазмұнының жаңаруы және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама болғандықтан, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, тәжірибе жасау, топта жұмыс жасай білу, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.

Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттері бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек». Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілергешығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады. Бұл істердің барлығын жүзеге асыратын еліміздің ұстаздар қауымы. Ендеше, бүгінгі ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ. Олар жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілеті бар, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өзбетінше білім алуға баулитын кәсіби маман иесі болуы керек. Бұл өмір талабы. Ұстазда ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық қабілеттердің де болуы шарт.

Бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:

  • Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру

  • Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы

  • Білім  беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою

  • Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі

  • Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында сабақты болашақ мамандығына сәйкес «ортақ тақырыптардың»  берілуі

  • Оқытудағы  жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)

  • Бөлімдердің  мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы.т.б.

Жаңаша білім беру мазмұнында бағалаудың критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл бағалаудың сапалылығын, әр білім алушының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім алушының дамуын, қызығушылығын және де оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады.

Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі.

2020-2021 оқу жылынан бастап ТжКБ ұйымдарында да негізгі орта білім беру базасында жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқыту жүзеге асырылуда. Осы орайда БҚО әкімдігі білім басқармасының «Қаратөбе колледжі» МҚҚК-да негізгі орта білім беру негізінде жаңа оқу жылынан бастап барлық оқытушы білім жетілдіру курстарынан өтіп, аталған бағдарлама бойынша өз жұмыстарын бастады.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерінен бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар» атты колледішілік семинар оздырылды. Бұл семинарда жаңартылған білім мазмұнының бағалау, сабақ құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Оқытушылар білімдерін жетілдіру мақсатында түрлі конференция, семинарлар, олимпиадаларға қатысып отырады. Болашақ кәсіби маман даярлауда жаңартылған білім бағдарламасын қолданып оқыту тиімді әрі оңтайлы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі