400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тоғызқұмалақ ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
3
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:

Пәні: Дене шынықтыру

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойыны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.
Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой - өрісін толық дамыту және компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға
Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым - қатынасқа, ұжымдыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.
Сабақтың көрнекілігі: тоғызқұмалақ тақтасы, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық (Оқушылар кезекпен бір – бірінің қолдарынан ұстап, бір – біріне тілек айтады.) Сабақ барысын айтып түсіндіру, сабақтың мақсатын хабарлау.
II. Жаңа сабақ: «Ойын ережелері мен ерекшеліктері».

«Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек» С. Аманжолов
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау атөтпес
№2 отау тектұрмас
№1 отау арт
Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.
Жүріс жасау ережесі
Құмалақ ұту ережесі
Тұздық алу ережесі
Атсырау ережесі
Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6 - шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7 - ші отауға жүрді делік, сонда 6 - шы отау бос қалады.
Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9 - шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1 - ші отаудан жүріп, қостаушының 2 - ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік. Міне осы сәтте қостаушы 5 - ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының
6 - шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады. Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.
Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының1 – ші отауымен қостаушының 1 – ші отауы аттас, 2 - ші отауымен 2 - ші отауы аттас т. с. с.
Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады.

Сергіту сәті:
1) Қолды белге қоямыз, басымызды жоғары көтеріп, көзімізді оңға, содан кейін солға қарай көзімізді бұрамыз.
2) 1-қолды алдыға созамыз, 2-жанға, 3-жоғары көттереміз, 4-дегенде бастапқы жағдай

1.«Тоғызқұмалақ» ойыны туралы видео көрсету. Оқушылардың
алдына мақсат қою: видеоны анықтап қараңдар және алдарындағы
кестені толтырыңдар.

2. Проблемалық сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындары бізді неге тәрбиелейді

III. Жаңа тақырыпты бекіту:

Сұрақтарға жауап беру:
-Тоғызқұмалақ қандай ойын?
- Тоғызқұмлақ ойыны қашан пайда болды?

- Отау саны нешеу?
-Отаулардың аттарын атаңдар.
- Ойын тақтасында неше қазан болады?

- Әр ойыншыға неше құмалақтан тиесілі?

- Ойын тақтасы неше құмалақтан тұрады?
IV. Қорытындылау: Тоғызқұмалақ ол қазақ халқының ең бір қызықты ойындарының
бірі. Бұл ойынды ойнау үшін қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев көп уақыт бөлетін, оның тоғызқұмалақ тақтасы қазіргі уақытқа дейін мұражайда сақтаулы тұр.

V. Оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру. Ережелерді есте сақтау, жаттығу.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі