Тақырыбы:
9-мамыр
Жеңіс күні
Мақсаты:
1.
Оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты
Қиындықпен
келгенін түсіндіру.
2.
Елін, жерін, Отанын қорғауға, сүйюге
тәрбиелеу.
Патриоттық
сезімге баулу.
3.
Оқушыны бейбіт өмірдегі батырлық пен
соғыс кезіндегі
Батырлықты
салыстырп әңгімелей білуге үйрету.
Әдісі:
Баяндау,
пікірталас
Көрнекілігі:
Ұлы
Жеңіске арналып жазылған ерлік туралы
нақыл сөздер. Ж.Тастамбекова мен
А.Мересьевтің суреттері, бүктемелер
(майданда туған жырлар), Ұлы Отан соғысы
батырларының суреттері.
Бағдарламасы:
Ерлік
– ел мұраты (әдеби монтаж)
Майданда
туған жырлар...(мәнерлеп оқу)
Кеше,
бүгін (пікір- талас)
Қорытынды
Кіріспе
бөлім.
Мұғалім:
Бүгінгі
тәрбие сағаты халқымыздың Ұлы Отан
соғысындағы тарихи көтерілісі мол Ұлы
Жеңіске арналады. Бұл соғыстың салған
жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың
жүрегінде толық жазылмады, әлі де
сақталуда. Мұны біз ешқашанда ұмытпаймыз.
Осы жарқын өмірді сыйлаған әке, аға,
әпкелеріміздің ерлігі бізге мәңгі үлгі.
Жүргізуші:
Негізгі
бөлім
Ерлік
– ел мұраты (әдеби-монтаж,
музыка әуені, бейне таспа)
1-оқушы:
Шығыста
таң шапағы жаңа біліне бастаған кез.
Еңбек адамдары қаннен-қаперсіз ұйқыда
болатын. Келесі күн жексенбі еді. Кенет
батыс жақтан қызылды-жасылды оттар
шекараға тақап, ұшақтар гүрілдеп ұшып
келеді. Бұл 1941 жылғы 22 маусым күні еді.
Соғыс осылай басталды. (музыка ойнап
тұрады)
2-оқушы:
Гитлершілер соғыстың бас кезінде 190
дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 – дей
танкті, 50 мыңдай қару-жарақ, пулемет пен
минометті шабуылға шығарды. Жерімізге
басып кірген жау әскерінің жалпы саны
5,5 миллион адамға жетті.
3-оқушы:
Даңқты
Қарулы күштердің және еңбек армиясының
құрамында бір миллион 870 мың Қазақстандықтар
болған.
4-оқушы:
Болашақты бізге мирас етемін деп, қыршын
кетті Әлия мен Мәншүк апалар. (Мәншүк
әні)
5-оқушы:
Халқымыз
Москваны қайсарлықпен қорғаған 28
Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы
құрметпен есте сақтайды.
6-оқушы:
Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ
жігіті Рақымжан Қошқарбаев Қызыл Ту
тікті.
7-
оқушы:
Сен құрметте оны
Түсіндің
бе, қарағым?!
Ол
ақшаға сатқан жоқ
Тізеден
кесіп аяғын.
8-оқушы:
Жеңіс
келді,
қалама
Жеңіс
келді, далама
Жеңіс
келді әке боп
Елдегі
бар балаға.
9-оқушы:
Жеңіс келді ән болып
Келді
ауылға сән, көрік
Жеңіс
келді алақай,
Тоя
жейтін нан болып.
10-оқушы:
Отанымызды
жаудан қорғау жолында қасық қаны қалғанша
шайқасқан Кеңес Одағының Батырлары:
(Кеңес Одағы Батырларының атын әр оқушы
жеке-жеке айтады.)
Әди
Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров,
Сергей Луганский, Жұмағали Саин, Талғат
Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан
Қошқарбаев, Григорий Булатов, Сабалақ
Оразалиновке бас иеміз.
11-оқушы:
Олар
Отанымыздың кең байтақ жерін қорғады.
12-оқушы:
Өзі
туған халқының өнерін қорғады.
13-оқушы:
Ақ
сүт берген анасын қорғады.
14-оқушы:
Самал
жел ескен даласын қорғады.
«Ұлы
Жеңіс» әні әуені
Арылтып
жаудан жерімді,
Табанға
жаншып өлімді.
Жеңіспен
желпіп өмірді
Оралды
ерлер көңілді
Десеңдер,
бұл қай күн?
Хормен:
Тоғызыншы мамыр күні.
15-оқушы:
Әрқашан
әділдік жеңеді. Соғысты бастаған фашистер
1945 жылғы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті.
Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды.
Жер бетінде бейбітшілік орнады. Содан
бері 60 жыл бейбіт өмір өтті.
«Әрқашан
күн сөнбесін» әні орындалады.
16-оқушы:
Саған құрмет – бейбітшілік сақшысы.
Сен
тұрғанда қуырылар жау апшысы.
Саған
миллион жүректердің салюты.
Саған
сөздің шұрайлысы, жақсысы.
(«Бейбітшілік
жыры», «Ақ көгершін» әндері орындалады,
шарлар ұшырылады.)
Майданда
туған жырлар…
Мәнерлеп
оқу.
А)
Солдаттың соңғы хаты. Б.Шағыров
Ә)
Белгісіз солдаттың монологы. Б.Шағыров
Б)
Б.Момышұлының Т.Бигелдинов жөнінде
айтқан сөзі
«Т.Бигелдинов
Ұлы Отан соғысында қазақ халқы ерлігінің
ең жоғарғы нүктесі!»
«Еріне
қарап ерін, тасына қарап туын таны»
деген, біздің еліміздің ерлігін ерекше
танытқан халқымыздың ардагер ұлы ол.
Совет Одағында ұлдары екі рет ер атағын
алған ұлт көп емес. Мен өзім 307 рет ұрысқа
кірдім. Бірақ мен неше рет ұрысқа кірсем
де, табанымды тіреп жерде жүрдім. Жердің
әр бұтасы болысады. Жер қазсаң қорғаның
болып шыға келеді. Ал Талғат 320 рет әуе
жорығына шығып, бес жүз сағаттай аспанда
болған. Нағыз ер деп Талғатты айтуымыз
керек!»
Кеше,бүгін.
(пікірталас)
А)
«Нағыз адам туралы аңыз»
Алексей
Мересьев туралы әңгімелесу. Алексейдің
18 күн бойы аштықты, қиындықты, табиғаттың
қатал құбылыстарын қалай жеңіп шыққандығы,
төзімділігінің арқасында жасанды аяғын
іске көндіріп, самолетке қайта отырып,
жауға қарсы аттанғандығы жөнінде
әңгімелесу
ә)
Жадыра Тастамбекова жөнінде әңгімелесу.
(Қызылорда
облысы, Шиелі ауданында туып өскен)
«Жадыра
қарындасыма», Ерғара Жолдасов
Ауылы
құрметтеген Жадыраны,
Аяғын
комбайнның шайнағаны.
Бау
беріп комбайнға жатқанында,
Әйтеуір
аман қалған шықпай жаны.
Құлады
бір сұлу қыз естен танып,
Ыстығы
көтеріліп күйіп, жанып.
Бетінің
қан-сөлі жоқ батыр қызды,
Жатқызды
емханаға алып барып.
Жиналып
дәрігерлер ортаға алды,
Жас
қыздың шыдамына қайран қалды.
Шайнаған
бір аяғын кескен кезде,
Жадыра
дым сезбеді, естен танды.
Осыдан
кейін де тракторға отырған қазақ қызының
ерлігі жайлы айтылады.
Б)
Пікір-талас
Алексей
мен Жадыраға мінездеме беру.
Екеуін
салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын
айту.
Жадыраның
еңбегі ерлікке жата ма?
Қорытынды:
Балалар,
бүгінгі өткен «Ерлік – ел мұраты» атты
тәрбие сағатымызда, біз сендермен
батырлар жайлы айтып өттік.
Ұлы
Жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерің
жетті деп ойлаймын. Батырларымыздың
ерліктері, олардың Отанына деген
сүйіспеншіліктері. Жадыра туралы айттық,
аяғынан айырылса да, қайтадан тракторға
отырып, еңбекке араласып кету де ерлік.
Екінің бірінің қолынан келе бермейтін
ерлік. Ұлы Жеңіске 65 жыл тоғалы отыр. Өз
ауылымызды қарасақ, соғысқа
қатысқан
ардагер аталарымыздың саны азайып
келеді. Көп жылдар өткен соң, біз ол
кісілердің айтқан әңгімелерін ғана
еске түсіріп отырамыз. Сол
себепті,
ол кісілерге құрмет көрсетіп, сыйлауымыз
керек! Ұлы Жеңіс құтты болсын! Аспанымыз
ашық болсын! –деп тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.