400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тоғызыншы сыныпқа арналған тәрбие жұмысының тәрбие жұмысының жартыжылдық талдауы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныптың тәрбие жұмыс есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-СЫНЫП БОЙЫНША І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ

Сынып: 9ә-сынып

Мектеп: __________________________

Тәрбие жұмысының мақсаты:

Оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету және қоғамға пайдалы азамат қалыптастыру.

Құндылықтар бойынша атқарылған жұмыстар:

Қамқорлық пен жауапкершілік

"Қамқор" жобасы:
Оқушылар арасында әлеуметтік жағдайы төмен және қолдауды қажет ететін оқушыларды анықтап, көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды. Қамқорлық күні аясында сынып оқушылары қарияларға азық-түлік жеткізіп, «Жақсылық жаса» акциясына қатысты.

Білімге ұмтылу мен шығармашылық

"Смарт Бала" жобасы:
Оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында апталық зияткерлік сайыстар ұйымдастырылды. «Білгірлер жарысы» және «Логикалық есептер шешу» шараларына сынып оқушылары белсенді қатысты. Сонымен қатар, оқушылардың арасында STEM бағытындағы жобалар әзірленді.

"Шабыт" жобасы:
Сынып оқушылары шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін «Өнерлі оқушы» апталығында өз жұмыстарын ұсынды. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында бейнелеу өнері, өлең шығару, және қолөнер бойынша шеберлік сағаттары өтті.

Ұлтжандылық және патриотизм

"Ұшқыр ой алаңы" жобасы:
Қоғамдық мәселелерді талқылауға арналған дебаттар ұйымдастырылды. Оқушылар «Болашақ мамандық таңдау», «Қазіргі жастардың рөлі» тақырыптарында пікірталастарға қатысып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.

"Еңбегі адал жас өрең" жобасы:
Оқушылар еңбектің маңыздылығын түсініп, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты. Оқу жылының басында «Тазалық - денсаулық кепілі» атты сенбіліктерге қатысып, мектеп аумағын таза ұстауға өз үлестерін қосты.

Кітап оқуға баулу және рухани даму

"Балалар кітапханасы" жобасы:
Әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Бір сынып – бір кітап» акциясы өткізілді. Оқушылар Айтматов, Әуезов, Абай шығармаларын талқылап, өз ойларын эссе және суреттер арқылы жеткізді.

Shape1

Оқушылардың жетістіктері мен нәтижелері:

  • Оқушылардың білім деңгейі бойынша жетістіктер: зияткерлік олимпиадаларда орын алған оқушылар саны –1

  • Шығармашылық байқауларда орын алған оқушылар саны – 2

  • Қоғамдық және еріктілік шараларға қатысушылар саны – 9

Изображение 5







Shape2

Қорытынды:

І жартыжылдықта оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру және құндылықтарға негізделген жұмыс нәтижелі өтті. Оқушылардың белсенділігі артып, олардың бойында қамқорлық, жауапкершілік, ұлтжандылық сияқты қасиеттер қалыптасты. Келесі жартыжылдықта тәрбиелік жұмысты одан әрі жетілдіру жоспарлануда.

_


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 сәуір
177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі