жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ток-шоу тақырыбы: Ана! Баланың қолдаған бақ талабын...
Сарина Галия Асылбековна
«№4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы
Тақырыбы: Ана! Баланың қолдаған бақ талабын...
Мақсаты: Болашақ ұрпақ үшін даналық танытатын, Отанның тыныштығын, отбасының бірлігін сақтап, алтын діңгегі бола білген ананың мәртебесін көтеру.
Көрнекілігі: АКТ, шарлар
Барысы:
Ел тарихында әйелдер қауымы болашақ ұрпақ үшін даналық танытып, Отанының тыныштығын, отбасының бірлігін сақтап келгені белгілі. Мынау кең дүние мен тіршілік тек әйел баласымен ажарланады. Ендеше көңілдерге шуақ пен нұр құйған көктемнің алғашқы күнінде өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі болған аналардың мерекесіне арналады.
Жер бетіндегі кез келген халықтың ұлт болып ұйысуына, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел аналардың сіңірер еңбегі қашан да орасан зор. Яғни әйелдерге деген құрмет ешқашан сөнбек емес.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Бүгінгі біздің ток-шоу осы ана мен бала арасындағы үйлесімділік туралы ой қозғамақ. Біздің ток-шоу «Ана! Баланың қолдаған бақ талабын...» деп аталады.
І Танысу. Ток-шоу қонақтарын ортаға шақырайық
Бейнекөрініс. Асылхан анасы Төлеу Алия Қыдыралықызымен
Бейнекөрініс. Асылан анасы Нұртазина Жаңагүл Абдрахманқызымен
Бейнекөрініс. Мейірхан анасы Сүегенова Сания Дауленқызымен
Бейнекөрініс. Жанель анасы Қонысова Жаниса Зинеуқызымен
Бейнекөрініс. Бегімсұлу анасы Ахметова Райгүл Мейрамбайқызымен
Бейнекөрініс. Нұрлыбек анасы Сахиева Эльмира Сахиқызымен
ІІ.
Көрісу-ұлттық дәстүр
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Сөйтіп, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады. Көрісу күні кіріп-шықпаған жасы кіші туған-туысқан, көрші-қолаңға жасы үлкендер «Көрісіп шықпады» деп ренжиді. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы - 22 наурыз мерекесін қарсы алады...
Ендеше бір-бірімізбен көрісіп, қауышайық
ІІІ. Автор орындығы
1. Бейнелеп салу қабілеті жоғары Мейірханды анасымен ортаға шақырамыз.Мейірхан талғампаз, қай нәрсеге болмасын байыппен қарайтын, әдемілікті ұнататын тұлға. Аудандық шығармашылық конкурстарға қатысып, талай марапаттарға ие болды.
-Мейірхан сурет салуға деген қызығушылығың қалай оянды? Анаңның қаншалықты ықпалы болды?
Мейірхан мен анасының бірлесіп салған суретін тамашалау
2. Асыланның жүргізушілік қабілеті жоғары. Асыланды анасымен ортаға шақырамыз.
-Асылан өте ұқыпты, салмақты оқушы. Сөйлеу мәдениеті жоғары. Аудандық, облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегері. Асыланға қандай тапсырма берілсе де жинақылықпен, жауапкершілікпен орындайды. Жалпы анасына сауал:
-Асылан үйдің кенжесі. Еркелігі бар ма? Болашақта қандай мамандық иесі ретінде елестетесіз?
Асылан мен анасының көркем сөзін тамашалау
3. Нұрлыбек-1-сыныптан-ақ математика пәніне жоғары қызығушылық танытты. Соған байланысты түрткі болатын, нақты деректер алуға бағытталған сұрақтарға ден қояды. Таңдаған пәндері бойынша ұғымдарды, материалды жинақтап, жүйелеуде ерекше қабілетті. Алдына қойған мақсатына жетуде жоғары табандылық көрсетеді. Дербес түрде жұмыс жасағанды қалайды.Нұрлыбекті анасымен автор орындығына шақырамыз
-Нұрлыбек сабаққа дайындалғанда ата-ана көмегі қажет бола ма?
Нұрлыбек пен анасының жоба қорғау сәтін көру
4. Бегімсұлу-өз жасына қарағанда сөздік қоры мол, мазмұнды, жүйелі ойларын жеткізе білетін қабілетімен ерекше. Себеп-салдар қатынастарын жылдам қабылдап, «қалай, неге?» түсініктерін ұғынуға тырысады. Көпшіл, бауырмал, кез келген ортаға тез бейімделгіш Бегімсұлу анасымен автор орындығына шақырылады.
-Бегімсұлудың кіші жасынан ауырып қалғанын білеміз. Дәрігерлердің үмітіңізді үздірген сәттері де болды. Бірақ сіз мойымай, баланың өмірі үшін тәуекелге бардыңыз, қиындықтарды жеңуге тура келді. Осы жолда сізге сізге өз бойыңыздағы қандай қасиеттер көмектесті? Осы қасиеттерді балаңыздың бойынан көре аласыз ба?
Бегімсұлу мен анасының көркем сөз оқу сәтін тамашалау
5. Жанель-үнемі жаңалыққа құмар, барлығын білгісі келіп тұратын, басқаларға ұқсамайтын ұтымды жауаптарымен еекшеленіп тұратын тұлға.Әсемділікті ұнатады. Қолөнер бұйымдарын жасағанды ұнатады. Ән айтуды да біледі. Жанелді анасымен автор орындығына шақырамыз.
-Жанелдің өнерге деген құштарлығы қай жасынан байқалды?
-Жанелдің ән айтудан басқа қандай өнері бар?
Жанель мен анасы ән орындайды
6. Асылхан- көшбасшылық қабілеті жоғары. Өте мейірімді, кеңпейіл, ұғымтал, қоршаған ортаны белсенді зерттеуге деген бейімділігі бар, әділетсіздікке ықпалы мықты. Әлеуметтік жағдаяттарда өзін еркін сезінеді. Берген уәдесіне берік, ойларын ашық білдіреді.Сыныпта топбасшылық қызметін атқарады. Асылханды анасымен автор орындығына шақырамыз.
-Асылханды үй шаруашылығына өте ұқыптылығын, еңбекқорлығын байқадық.Осы қасиеттер әкесі арқылы дарыған ба әлде сіз арқылы дарыды ма?
Асылхан мен анасының мерекеге тілегін тыңдау
ІV.Кері байланыс. Қонақтарға сөз беру
Бұл балалар туралы мамандар не дейді?
(Мира Демеуқызы-Жанель, Гүлсана Сансызбайқызы-Нұрлыбек, Саягүл Зинешқызы-Асылхан, Алмагүл Ерғалиқызы-Бегімсұлу, БөрібаеваЖанар-Мейірхан, Серикбай ағай-Асылан)
V. Психолог көзқарасы
VІ.Рефлексия. Біздің тілегіміз-бірлік.
Лентаны айқастырып ұстай отырып, үстіне карандаш қою. Сол қарындашты құмыраға салу
Интерпритация: Бірлік бар жерде тірлік бар.
Ән «Ана, әке»
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Анаға тілек
Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн
Қуандың да,сол шаттықпен нұрландың.
Мама,өйткені бүгінгі күн сен үшін
Ақ тілектер тасқындайтын туған күн.
Шын көңілмен сол тілекті қостадың,
Боп тұрсыншы әр кез ашық аспаның!
Құттықтайды сені барлық жақының,
Құттықтайды сені бүгін достарың.
Мағынасы болып таң мен кешіңнің
Бізді аялап мәпеледің,өсірдің.
Ер жеткенбіз саясында алаңсыз
АНА деген құдіретті есімнің.
Ыстықсың сен бізге де,елге-қауымға,
Сен екенсің байлығым да,барым да!
Самайыңда бар ғой менің "үлесім",
Өтінемін,мама,ешқашан ауырма.
Тіл жетпейтін біздерге асыл,бағаң дүр,
Бар көңілің балаң үшін алаң бір.
Шамшырағым болдың мына тірлікте,
Қуанышқа жанды бөлеп аман жүр.
Өтеуіндей алаң көңіл жылдардың,
Жанарыңда бүгін шаттық тұнған күн.
Қуанатын ұл мен қызың сен үшін
Мама,саған құтты болсын туған күн!
Өзіңменен перзентіңнің бағы бар,
Келер күндер үміт болып жағылар.
Қуанышты,толқынысты сәтіңде
Қызыңның да ақ тілегін қабыл ал!
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Біз бәріміз анамызды жақсы көреміз.Өмірдегі ең қадірлі,ардақты-Ана деген сөз.Ана адам баласы өмірге келгеннен ақ айтылатын ең алғашқы сөз.Ана бүкіл әлем үшін қадірлі,мейрімді жан.Менің анамның қолы гүл және ол барлығын жасай алады.Ана жүрегі әрдайым балам деп соғады.Ана жүрегі өте нәзік және махаббатқа толы.Мен бес жасқа толсам да,он бес жасқа толсам да менің жүрегім Анам деп соғады.Ананың асыл сөздері,берген кеңестері әрбір адамның есінен кетпесі анық.Ана есімі осы өмірде баға жетпес асыл мұра. Менің анамнан артық адам жоқ шығар бұл өмірде.Мен анамның шебер қолдарын,жылы сөздерін қатты ұнатамын.Анамнан артық кім мені ардақтап,аялап түсінеді.Мен ауырып қалғанда түн ұйқысын төрт бөлетін де-Ана.Ана өз баласының ел қатарлы баққытты болуын қалайды.
Адам баласының бәрі де анадан туады. Ғалым да , ақын да жазушы мен дәрігер де, құрлысшы мен шопан да ананың балалары.Ана-жарық дүниеге өмір сыйлаушы жан. Сондықтан да ол-қасиетті қастерлі.Бұл ойымды мына өлең жолдары арқылы толықтырғым келеді.
Ана
– жүрек, жүректі құдіретте.
Ана –
тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың,
шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің,
күніңе табынып өт, - деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана жүрегі өте нәзік және махаббатқа толы. Ана бойындағы махаббат пен алып күшті еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Ананың балаға деген мейірім, махаббаты теңіздей терең, аспандай биік, оттай ыстық, күннің нұрындай шуақты. Ана баласы үшін бәріне де дайын, тіпті отқа да, суға да түсе алады. Оны біз Ғ.Мүсіреповтың ана жайлы шығармаларынан да көре аламыз Оның «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» атты әңгімелерінен ананың баласына ,адамзатқа деген шексіз махаббаты мен асқан ерлік істері суреттеледі. Ана махаббаты,сүйіспеншілік жер жүзін жаулап келе жатқан қаһарлы әмірші Асқақ Темір мен Жалпақ батырға қарсы шығып, тізе бүктіреді.Тіпті: «Менің атым-әйел, мына қыздың анасымын! Бәрін де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да.Нең бар еді менің жалғызымда? Кел ботам, өзіме!»-деген сөздермен жауын тұқыртып, баласын құтқарады. Бұдан ана бойындағы махаббаты ғана емес,сарқылмайтын алып күшті байқауымызға болады. Ана ол біздің қамқоршымыз, ол жер бетіндегі періште және ең мейірімді жан.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, содан кейін анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. Қандай жағдайда болсаңда, ананы еш уақытта ренжітіп алмау керек.
Қалған
сәтте мен жүдеп,
Панам болған –
махаббат.
Күн көзіндей елжіреп,
Анам
болған махаббат.
Өмірдің
иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге
нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын
да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда
ғана.
Адамзат
қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп,
әлдилеген пейілің кең.
Аналық
махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін
ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да,парызыңды өтей алмайсың»,«Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса,бала соның өмірін ұзартады » делінген.
Ананың тілі,ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес терең теңіз секілді емес пе?! Па, шіркін, ананың айналып толғанғанын ешкім де ұмытпас. Мен қай жаста болсам да менің жүрегім Анам деп соғады. Ана есімі осы өмірде баға жетпес асыл мұра. Рахмет Анашым-маған берген барлық жақсылықтарың үшін. Анашым мен сіздің нәзік жүрегіңізбен жылы жүрегіңізді берген тәлім тәрбиелеріңізді маған деген махаббатыңызды ұмытпаймын және сізді өмірімнің соңына дейін аялап өтемін деген сөздерді мен анама айтудан жалықпаймын.
Кім сендерді балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең, байғұс дамылсыз жүретұғын.
(Ыбырай Алтынсарин «Ананың балаларын сүюі»)
Өз ойымды аяқтай келе барлық жастарға Ана – үйдің берекесі,қыз баланың өнегесі, шаруаның жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз-алтын ананы мәңгі қастерлеп,еңбегін бағалап өтейік деп аяқтаймын.
8
Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен
шын жүректен құттықтай отырып, шынайы
көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді
жолдаймыз. Осынау жарқын мерекенің
біздің барлық үміттеріміз бен
армандарымызды тығыз байланыстыратын
көктемнің алғашқы айының басында келуі,
жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан
бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні
Сіздерге – аналарымыз бен
апа-қарындастарымызға, қыздарымызға
ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі
тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге
шынайы көңілден зор денсаулық, баянды
бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік,
еңбектеріңізге табыс тілейміз! Сіздерді
Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен
құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем
мерекесі әйелге тән әдемілік пен
нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің
қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының
береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана
емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси
мәселелерге белсене араласатын қоғам
мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел
адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың
өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша
маңыз беріледі. Қымбатты ханымдар!
Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар
мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын.
Көктемнің басымен келетін мерекелік
көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз
бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне
айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға
әрқашан бақыт және сәттіліктер
тілеймін!
Бұл
күн ізгіліктің, мейірімділіктің,
әдеміліктің нышаны.
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Тақырыбы: Отбасым
- бақыт мекенім.
Мақсаты:оқушылардың
отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай
түсе, отбасы құндылықтарының маңызын
дәріптеу.
Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтүрі:сынып сағаты
Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге,
Алақанға ұрайық.
Отбасы-мемлекеттің
негізгі буыны.
Тәрбие
– отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың
еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі
алдымен ата-ананың ықпалы мен
қалыптасады. «Дәулет
есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші
білім бесігі мектептен, тәрбие
бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының
екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған
ана. Ата-анаға үлкенге қызмет
етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін
өтеу-біздің борышымыз. Бүгін
біз «Отбасы-аялы алақан мекені»
тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала
тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында
өз ойымызды ортағасалмақпыз. Отбасы-адам
баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам
баласы шыр
етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол
ортаның ыстық-суығына бейімделіп,
ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы
мүшелерінің жауапкершілігі толығымен
еразаматқа жүктеледі. Баланы
өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың
тікелей міндеті.
Отбасының
тәрбиелеушілік міндетіне тікелей
байланысты оның тағы бір қызметі бар.
Оны дамытушы міндет деп атауға болады.
Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін
неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда
ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті
мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен
бастап олардың қабілетін байқап, соған
сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасым
- менің жүрегім
Отбасым - менің
тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек
сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы
болашақ ұрпақ бойына адамзаттық
құндылықтарды және ұлттық рухани
байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Тәрбие
отбасынан басталады. Отбасының тірегі
әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата
- анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің
еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің
борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі
діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден
ақыл, анадан мейірім алады.
Әке туралы
айтсақ, әке отбасының асыраушысы,
қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы,
жылуы, шуағы.
Отбасы
– адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды
өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің
сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет
өмірмен, қоршаған ортамен танысып,
мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы
баланың азамат болып өсуінің негізі
болып табылады.
Отбасының
басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы
тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты
бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері
жас нәресте дүниеге келген күннен
бастап, оның өміріне қамқорлық жасап,
болашағын жоспарлайды және саналы
азамат болып өсуі үшін қажет жағдай
жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық
қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне
үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге ,
салауатты өмір сүруге, адал болуға
тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге,
жамандықтан жиренуге үйрету, бойында
жастайынан мәдени құндылықтар мен
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
жатады.
Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі.
Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ қасы.
Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал.
Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол
қаша береді.
«Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел», - деуші еді марқұм анам, қазір өз басыма келіп отыр.
Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс түсе біліңдер.
Жұбайың жанында болса, жұлдызым төбемде дей бер.
Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде.
Екеуге тентек болсаң да, басқаға тентек болма.
Үйленуге барсаң, үйретуге барма.
Туыс та сыйлыстыққа мұқтаж.
Бірақ жанды алдамау керек, ол - бала.
Поэзияның пірін сәбиі бар анадан сұра, қайда екенін айтады.
Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағағға, тіпті қала берді үйге келген
қонаққа да қарап өседі.
Сәбидің Алласы - анасы.
Ата салты дегеніміз - халықтың салты, адалдық пен ақтықтың салты.
Болар бала босағадан.
«Келешек көзі – балада» деп өсіріп келеміз.
Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі деген осы, баласын сәби ете
береді.
Есейген бала еңбекшіл, есірік бала көшешіл.
Ерке бала есік таңдамайды.
Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі мүмкін.
Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды.
Махаббаттың ұлылығы сонда: уақытпен бірге жасарып жасай да,
жырлана да береді.
Жақсы есім — қанатты ат сияқты баланың қиялын дамытады.
Текті тектігін сақтайды, асыл асыл калпында сынады, жасып сынған
асыл жоқ.
Балалы үйдің есігіне құлып керегі жоқ.
Әкеден бала артып тумайды, тұрған ортасы арттырады.
Жаман қатын қабаған иттей, жаман ер мияулаған мысықтай, екеуіне де кезіге көрме!
Жаман
қатын туысын балағаттар.
Қазақ
отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері
педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова,
“ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя”
деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың
бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты
жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты
табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың
отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да
отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең
қасиетті ұғым. Әрбір отбасында
сүйіспеншілік пен түсіністік мықты
болса, қоғамның діңгегі де берік болады.
Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап отбасының тәрбиесін
алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат
адамдарым. Олар мені жақсылыққа
әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті,
саналы бала болса екен деп тілейді.
Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар -
намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың,
қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген
сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.
Балдан тәтті не? (бала)
Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
Балаға кім сыншы? (ата-ана)
Әкеден
балаға беріледі (мұра)
Үйде
кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт,
бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
Үйдегі
алтын қазық кім? (ана)
«Ұл
атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің
нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз
да емес, үйрек те емес,
Дастарханда
болмайды
Бірақ
барлық адам дәм татқан (ана сүті)
Қорытындылау
-
Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат
анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата -
әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз
туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын
адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы
мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін
құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы
керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы
керек.
Жасай білуі: Берілген
тапсырмаларды орындай білулері керек.
Құрметті
әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай
бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!»
атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық
әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз
айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің
шуақты күндерімен сабақтаса келетін
бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ.
Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп
- өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да,
асыл жандардың алдында бас иеді.
Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты
аналар.
Құттықтау
сөз балабақша меңгерушісіне
беріледі.
Жүргізуші:
Уа,
халайық, халайық,
Мұнда
назар салайық.
Рұқсат
болса бастайық!
Жүргізуші:
Мың
бұралған арулар аңдап басып,
Келеді
міне ортаға толқып тасып.
Аруларын
сыйлаған, халқым менің,
Көңілді
қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға
аруларымызды біздің топтың жігіттері
алып шығып таныстырады.
1
- аруымыз: Құсайын Гүлназ – Ерсайын
Айдар.
2
- аруымыз:
3
- аруымыз:
4
- аруымыз:
5
- аруымыз:
6
- аруымыз:
Вальс:
Ару қыздарымыздың орындауында.
Ал,
халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз
қылықты дегенге ән салайық.
Атына
заты сай аруларға
Тағы
да бір қол соғып қарсы алайық.
Жүргізуші:
Уа,
арулар, арулар!
Ешкімің
жоқ алалар.
Ару
болу үлкен сын,
оны
қазың бағалар – деп,
әділ
– қазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
Жүргізуші:
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың
атқаратын міндеттері мен таныстырып
өтейін.
1.
Өздерінің реттік санын алу.
2.
Өздерін таныстыру.
3.
Сұрақ - жауап.
4.
Арулардың өз өнерлерін көрсетуі.
5.
«Анамның сүйікті асы».
6.
Сән үлгісін көрсету.
Жүргізуші:
Білім,
ғылым, өнерге,
Қанат
қағар кездерің.
Ата
- салтын ертеңге,
Жеткізетін
өздерің. – деп сайысымыздың бірінші
бөлімін бастаймыз.
І
кезең. Реттік сандарын алу.
Ән:
«Үкілі кәмшат»
ІІ
кезең.
Бүлдіршін
арулар келді танысуға,
Бойындағы
бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан
сахнаға келіп жетті,
Әдеппен,
ізетпенен танысуға.
Бұл
сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік,
ару қыздарды жарыстырып.
Бұл
залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір
ару көрсін өзін таныстырып.
Ән:
«Қуыршақ»
ІІІ
кезең.
Сырлары
көп ғылымның,
Шешілмеген
әлі де.
Тереңдігі
білімнің,
Керек
екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ -
жауапқа берейік.
1.
Көктемнің қай айында аналарымыздың
мерекесі болады?
2.
Ана - туралы тақпақ білесіңдер ме?
3.
Анаң сені үйде не деп еркелетеді?
4.
Қандай мақал - мәтелдерді білесің?
5.
Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
6.
Төрт түлік малды ата?
Би:
«Жігіттер»
ІҮ
кезең.
Кедеймін
деп қысылма,
Өнерің
болса қолыңда.
Өнерлінің
ырысы,
Жарқырап
жатыр жолында.
Сайыста
ән салайық, би билейік,
Өнермен
өрге басып кідірмейік.
Арулардың
өз өнерлерін көрсетуі:
1
- аруымыз: ---------- ән: «Балалық шақ»
2
- аруымыз: «Үнді халқының биі»
3
- аруымыз: Көркем сөз: «Отан»
4
- аруымыз: Ән: «Анашым»
5
- аруымыз: би: «Қамажай»
6
- аруымыз: – «Өзбек биі»
Би:
«Көңілді күн»
V.
кезең. «Анамның сүйікті асы».
Арусыңдар
таудай биік талабың,
Қызысыңдар
еркін өскен даланың
Ал,
қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас
әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып
па?
(тамақ
дайындау, дайындалу жолдарын айтып
түсіндіру).
VІ.
кезең. Сән үлгісін көрсету.
Ал,
халайық ықыласпен демейік,
Арулардың
сән үлгісін көрейік.
Сыры
мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен
бағаларын берейік.
(Арулар
реттік номерлері бойынша бірінен кейін
бірі сән үлгісін көрсетеді.)
Жүргізуші:
Барына
риза болсын көрермендер,
Көрсетті
өнерлерін жас өрендер.
Осымен
сайысымыз аяқталсын,
Қазылар
берсін енді шын бағасын.
Қазылар
орнықтырар әділдікті,
Кімдердің
жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі,
білімділер жарысында,
Жеңіске
жетер дейміз нағыз мықты.
1.
Әділ қазыларға сөз беріледі.
2.
Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар
марапатталады.
«Көктем
Аруы»- Құсайын Гүлназ
«Білімді
Ару» - Аманкелді Еркежан
«Өнерлі
Ару» - Меңдеш Адия
«Шырайлы
Ару» - Ерсайын Әнел
«Сәнғой
Ару» - Егеш Жайнар
«Іскерлі
Ару» - Маратқызы Аружан
3.
Қорытынды сөз.
Осымен
байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару
қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз
құтты болсын!
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші. Бүгінгі „Көктем аруы" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1-жүргізуші. Альфия қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
Салтанат қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
Сандуғаш қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
Ақша бетті Далила
Ұқсайды хор қызына
Несібелі үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
Гауһардай қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
2-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Өзін- өзі таныстыру.
2. Сұрақ-жауап.
3. Өнер.
4. Ас мәзірін даярлау.
5.Шығармашылық қолөнер сайысы
2-жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
1-жүргізуші. Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін –ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.
2-жүргізуші. Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
1-жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
(Сұрақтарға жауап)
2-жүргізуші. Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)
1-жүргізуші.
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.
Ендеше, төртінші сайысымыз-ас мәзірін дайындау.
2-жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-
Шығармашылық қолөнер сайысы.
1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.
1-жүргізуші. Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген