400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Токтың жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарының 8 сыныпта сабақ беретін мұғалімдер үшін көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 сынып. Физика

Сабақтың тақырыбы:

Токтың жылулық әрекеті. Джоуль – Ленц заңы.


  • Сабақтың мақсаты: Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы туралы түсіндіру, жаңа ұңым жөнінде түсінік қалыптастыру.

  • Тәрбиелік мақсаты: өз беттіренше ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шапшандыққа, саналы сезімге тәрбиелеу

  • Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.

  • Сабақтың түрі: Аралас сабақ

  • Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, сынып тазалығын тексеру.

Мұғалім:

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, оқып байқап қаралық та

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!


Оқушылар:

Жүрегім бар бекер соғып жатпайтын

Тілегім бар ел үмітін ақтайтын.

Талабым бар асқар тауды басатын,

Сондықтанда білімге шексіз құштармын


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

21-жаттығу
№3. 432 Дж, 864 Дж

4. 108,9 кДж

5. 475 Ом

7. 1520 Вт


ІІІ. Өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы

Тест жұмысы өткен тақырып бойынша 10 сұрақ құрылды.



ІV. Жаңа білімді түсіндіру

Электр тогы металл өткізгіштер арқылы өткенде электрондар бірде нейтраль молекулалармен, бірде электрондарынан айрылған молекулалармен соқтығысады. Қозғалыстағы электрон өзінің кинетикалық энергиясын жоғалта отырып, нейтраль молекуладан жаңа электронды бөліп алады, да жаңа оң ион түзеді, немесе электронынан айрылған молекуламен (оң ионмен) қосылып нейтраль молекула кұрады. Электрондар молекулалармен соқтыққанда энергия жұмсалады, cол энергия жылуға айналады. Кедергіні жеңе отырып жүретін кез-келген қозғалыс белгілі энергия жұмсалуын қажет етеді. Мысалы, қайсы бір денені орнынан қозғалту үшін үйкеліс кедергісін жеңу керек. Оған жұмсалатын жұмыс жылуға айналады. Өткізгіштің электр кедергісінің маңызы да үйкеліс кедергісі сияқты болады. Сөйтіп, өткізгіштен ток өткізу үшін ток көзі біраз энергия жұмсайды, cол энергия жылуға айналады. Электр энерғиясының жылу энергиясына өтуі Ленц — Джоуль заңымен анықталады. Бұл заңды токтың жылулық әсер заңы деп те атайды.

Орыс ғалымы және ағылшын физигі Джоуль бір мезгілде және бір-бірінен тәуелсіз электр тогы өткізгіш арқылы өткенде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың өткізгіштен өту мерзіміне тура пропорционал болатындығын анықтады. Бұл ереже Ленц — Джоуль заңы деп аталады. Егер ток әрекеті жасалған жылу мөлшерін Q әрпімен өткізгіштен өтетін ток күшін I әрпімен, өткізгіш кедергісін R әрпімен және, токтың өткізгіштен ағып өту уақытын t әрпімен белгілесек, онда Ленц — Джоуль заңының өрнегін былай жазуға болады:

I=U/R және R=U/t, болғандықтан: Q = UІt = U²t/R.

Токтың жылулық әсері жайлы видео


Сергіту сәті (жұмбақтар)

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін

(ток, ток, energy)

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, ruler)

Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды.

(мұз, лед, ice)

Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа, воздух, air)

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

(күн, солнце, sonne)



V. Жаңа білімді бекіту

Q

I

R

t


5

25

30 c

43200

4


1 мин

540

2

9


4032


7

16 с


Сұрақтар қою.

  1. Токтың қандай ісерлері бар?

  2. Токтың жылулық әрекеті бар екенін қайдан білуге болады?

  3. Токтың жылулық әрекетінің зағын сипаттаған ғалымдар.

  4. Джоуль-Ленц заңының формуласы?

  5. Токтың қуаты қандай шамаларға байланысты?

  6. Ток күші жұмысының формуласы.



VІ. Үйге тапсырма §42 Джоуль-Ленц заңы. 21-жаттығу №2, 8, 9.

6 эксперименттік тапсырма

VІІ. Бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1028
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі