Материалдар / Төл дыбыстарды үйретудегі жаңылтпаштардың рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Төл дыбыстарды үйретудегі жаңылтпаштардың рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының тілін дамытуда жаңылтпашты қолдану жолдары көрсетілген. Соның ішінде бүгінгі таңда балалардың қазақтың төл дыбыстарынан жіберетін қателіктерді жою жолдары ұсынылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
495
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төл дыбыстарды үйретудегі жаңылтпаштардың рөлі


Әйгілі ағылшын психологы әрі педагогы Джером Брунер «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:

-белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);

-бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);

-таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).

Ал,психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға әзір болардай өзіндік ерекше қабілет, биімділік бар екен.

Бастауышта оқушының шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – «сәтсіздікке ұшырай- мын,қолымнан ешнәрсе келмейді» деген тыс қорқыныш сезімі, екінші өзіне өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу.

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары:

1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (Топтау, бақылау, қалыптастыру)

2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.

3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмалар- ды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.

5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.

6. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

7. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

Яғни, мұғалім сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда қосымша ресурстарды жиі қолдануға тиіс.Қосымша ресурс ретінде қазақ фольклорлық шығармаларын пайдалыну өте қолайлы.Себебі,қазақ әдебиетінің фольклоры өте бай. Соның бірі де бірегейі – жаңылтпаштар жанры.

А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде жаңылтпашқа мынадай анықтама береді: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады». Халқымыздың сөйлеу тілін дамытатын басты құрал жаңылтпаш жанры екендігіне тоқталып өтеді.
Зерттеуші Н.Төреқұлов «жаңылтпаш халықтық поэтикалық шығармалардағы фольклордың шағын жанрына жататын, дыбыс үйлесімділігіне негізделген, тез және айқын айтылуы қиын сөздер тізбегі» деген анықтама бере отырып, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтарды дидактикалық шағын жанрға жатқызады.

Жаңылтпаш жеке баланың ермегi емес, ол – көбiнесе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуiне дағдылануына үйрететiн өлең-ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бiр-бiрiмен жарыса кезекпе-кезек айтысуында жатыр. Ол тiл жаттықтыру мақсатын ғана көздемейдi, жаңылтпаштағы сөздер дұрыс айтылмаса, құлаққа мүлде басқаша естiлiп, күлкi де туғызады. Мәселен: Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па? деген сияқты жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдамдата айтса, Ақ таяқ па? Қара таяқ па? болып мағыналық жағынан мүлде өзгерiп кетедi.

Жаңылтпаштар негiзiнен балаларға тән мұра. Ол жөнiнде қазақ балалар әдебиетiнiң бiлгiрi Ш.Ахметов: «Бұл жанр тек қана балалар әдебиетiне арналған, көбiне мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты. Олай дейтiнiмiз жеке дыбыстармен айтылуы қиын кейбiр сөздердi дұрыс сөйлеуге үйрету – көбiне балаға ғана тән нәрсе. Мұнда мiндеттi түрде оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы күштi қызық та көркем сөздерге әуестендiру, соған елiктiру арқылы жаттығу жүргiзу үшiн қолданылған шеберлiк бар» , – дейдi. Бұл пiкiр жаңылтпаштың балалар фольклоры құрамындағы функциясын толық ашады. Бiрақ жаңылтпаштың шығу тегi мен оның алғашқы функциясы ғылымда жете тексерiле қойған жоқ. Егер жаңылтпаштың күрделi өлең құрылысына назар аударсақ, оны шығарушылардың ересектер екенiне күмән тумайды. Яғни, ерте заманда пайда болып, үлкендер репертуарында өмiр сүрген жаңылтпаш келе-келе балалар ортасына көшкен. Бұлай ауысудың өзi де жайдан-жай емес. Ертедегi халықтар баланың тiлiнiң тезiрек шығуы үшiн әртүрлi магиялық әдет-ғұрыптарды пайдаланған.

Ол туралы Д.Д.Фрезер көптеген мағлұматтар келтiре отырып: «Орталық Азия түрiктерi көпке дейiн тiлi шықпаған баланы, әртүрлi сайрағыш құстардың тiлiмен тамақтандырады» , – деп жазады. Бұған ұқсас әдет-ғұрыптар қазақ халқында бертiнге дейiн сақталған. Оның ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы бiр көрiнiсiн Х.Хустанаев былай сипаттайды: «... дәл осылай қазақтар балаларын ең алдымен сөйлеуге үйретедi, ол үшiн оларды шешен сөйлейтiн адамдардың сарқытымен тамақтандырады, олар сарқытпен бiрге шешендiк қасиеттiң балаларға берiлетiндiгiне шек келтiрмейдi, одан соң бала жүйелi сөйлеуге жаттығу үшiн түрлi түсiнiксiз сөздердi тез айтуға асықтырады». Бұдан жаңылтпаштың бала тiлiн шығаруға байланысты функция атқарғандығын да байқаймыз.

Жалпы, жаңылтпаштың ұйқасты, үйлесiмдi тiлмен келетiн өлеңдiк өрнегi де балаларға үлкен ләззат бередi. Жаңылтпаш – қазақ балалар өлең-ойындарының iшiнде салмақты орын алатын тәрбиелiк мәнi жоғары, көркемдiк кестесi де күрделi жанрлық түрлердiң бiрi.
«Жаңылтпаштың сөздері айтуға қиын, көбінесе ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. Жаңылтпаштың әрбір сөзі шапшаңдата, тездете айтылуға тиіс... Ол әрбір сөзді жылдамдата айтумен қатар нақышына келтіре, мүлт кетпей оралымын таба айтуға тиіс», - деген ғалым М.Ғабдуллин.

Шығарма астарында жатқан ойды аңғарып, ой қорытындысын жасау алғашқы кезде балаларға қиынырақ түсуі мүмкін. Бірақ үлкендердің көмегімен бала астарлы мағынаны табуға дағдылана бастайды. Соның нәтижесінде кейін бала өлеңнің, әрбір жұмбақтың, әрбір жаңылтпаш пен өзге де шығармалардың байыбына барып, мазмұнына терең үңіліп, қорытынды шығара білуге үйренеді. Бұл бір жағынан баланың ақыл-ойын, санасын, тілін, логикасын дамытса, екінші жағынан оған рухани, этикалық және эстетикалық тәрбие береді. 

Айтылмақ ой жаңылтпаш арқылы тыңдаушыға қызықты да әсерлілігімен көкейге қонымды болып, қарапайым жеткізіледі. 

Мысалы:

Асан бақша жақтан ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан басқарақ асқабақ әкелді.

Мұнда Асанның өз маңдай терін төгіп еңбек еткен бақшасынан алынған асқабақ пен басқа жақтан әкелген асқабағын әдемі де, астарлы, ұтқыр да тапқыр жаңылтпашпен айқындап беріп отыр. Жаңылтпаштар көп жағдайда шағын көлеммен шектеліп, заттың барлық қасиеттерін айтпай-ақ, негізгі белгілерін басшылыққа ала отырып, қысқа да нұсқа түрінде айтылады.

Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың төл дыбыстарды айту, жазу, есте сақтау және ұқсас дыбыстарды жылдам ажыратудағы тез ойлау қабілеті шыңдалады. Сондай-ақ баланың аңғарымпаздығы, алғырлығы ұштала түседі. Бұлар, бір жағынан баланың ойлауын жетілдірсе, екінші жағынан сөздік қорын да молайта түседі.Жаңылтпаштағы ақ сабақ асқабақ әкелді, басқарақ асқабақ әкелді деген ұқсас сөздердегі қатаң «қ» дыбысын ажырату үшін берілген тапсырма.

Бастауыш сыныптардағы орыс тілді оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай жеңілдеу жаңылтпаштар беріліп, сөздегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері мен мағыналық жақтары талданады.

Мысалы. Күз, Кез, Көз,

Күш, Кеш, Көш,

Кір, Кер, Көр,

Күл, Кел, Көл,

Кілең қысқа сөз,

Кім оқиды тез?

немесе

Үш кіші ішік піштім, 
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?

Бұл екі жаңылтпашта да, қазақ тіліндегі «ү», «ө», «і» дыбыстары қайталанып, жиі кездеседі. Сондықтан, жаңылтпашты жылдам әрі дұрыс айтқан оқушының тілі де дыбысты айту мәнері де тез қалыптасады.

Сынып жоғарылаған сайын берілетін жаңылтпаштардың көлемі де, мағыналық сиапты да, сөздерінің күрделілігі де арта түседі.Орта буындағы сынып оқушыларына берілетін жаңылтпаштар:

Арқада алты арқар бар,
Қырқада 
қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

немесе

  • Түсіне дүрбі кірген,

Қарға мойнына дүрбі ілген.

Дүрбіні бір күн ілген,

Бір күн ілмеген.


  • Өрісінде жүз бір өгіз,

Сұрап алдық біз бір өгіз.

Сұрадыңыз сіз бір өгіз...

Есебін ап біз жүреміз.





Блеутаева Назгул Жанабиловна

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

«Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясы» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!