Материалдар / «Төл тарих пен туған тіл»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Төл тарих пен туған тіл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Ана тіліне деген құштарлықтарын аттыру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні


Класы, жетекші


Сабақтың тақырыбы

«Төл тарих пен туған тіл»

Мақсаты

Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Ана тіліне деген құштарлықтарын аттыру.

Күтілетін нәтижелер


Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Ана тілін сүйуге,өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


мақал – мәтелдер жазылған плакаттар , фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

Ана тілін сүйуге құрметтеруге тәрбиелеу.(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

Шаттық шеңбер

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір- бірімен мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады, және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады.

Ана  тілім – ұраным

Ана тілім – құралым

Ана- тілім – болмаса

Болмас еді жыр – әнім

Ана тілім ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтін десем кемдігім

Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

Төл тарих дегеніміз не?

Туған тіл дегеніміз не?

«ҚР мемелекеттік тіл-қазақ тілі ана тілін сүю құрметтеу мақтаныш ету әрбір азаматтың міндетті»

Тапсырма «Ана тілің арың бол» деген сөзді түсіндіріп беріңдер


Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.












Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.





Негізгі бөлім

(15мин)



1.Тіл жоқ жерде ұлт жоқ

2.Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті

3.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата бабамызды тарихымызды ұмыту.

Жүректен жүрекке жүрегімнің бөлшегі

Қаннаың  жанның тіліндей,

Арым нарым тілімде ұмтыл оны біліуге

Тілден алып ғибырат

Құлшынасың білімге

Ана тілің ертеңін

Ана тілің өркенің

Ана тілің ертеңін

Қадірле ана тіліңді

Жүрегіннің бөлшегін

Нақыл сөздерді оқып мағынасын түсіндір

Мақал – мәтел
Өнер алды – қызыл тіл
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады
Ең ащы да, тәтті де – тіл
Тіл қаруы – сөз.
Жеті жұрттың тілін біл
Келесі мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жағалай – жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіл)
Онан әрі қарай тіл туралы өлеңдердің авторын табу.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін. (Сұлтанмахмұт Торайғыров)
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырзаәлиев)
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. (Әбділда Тәжібаев)

Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды(диалог немесе көрініс көрсетуге болады.)





Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.




Қорытынды

(10мин.)




Қорытындылау.

Туған тілде сыры терең жаным  бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім- жүрек үнім наныңдар.

Нанбасаң дар жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз.
Бүгінгі танымдық сағатымыздың соңын Ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен :
Тілің – халқың, халқың – тілің, Қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз.
Халық пен тіл – жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек, жасайды сол қос – егіз!

Рефлексия.«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»

оқушылар ана тілі туралы білетін өлең жолдарын жалғастырып айтады



Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.









«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»

оқушылар ана тілі туралы білетін өлең жолдарын жалғастырып айтады









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!