Толағай

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Толағай

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп ке дейінгі балаларға арналған жарыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Толағай»
Мақсаты:     Спорттық  эстафеталық  жарыстарға  деген қызығушылықты арттыру. Спортқа деген сүйспеншілігімізді  нығайту. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырып, қалыптастыру.  Ептілікке шапшаңдыққа жаттықтыру.                  
Көрнекі құралдар:  Шар, шеңбер, ыдыстар, жіп, себет, корап
Жүргізуші:
        Спорт деген азанда,
        Алады да тұрғызып.
        Еріншектік аз  онда,
        Бастайды ойын бір қызық.
        Аязда да тоңбайсың,
        Ыстыққа да күймейсің,
        Сергектікті қолдайсың,
        Жалқаулықты сүймейсің,
        Бақыт сенен қашпайды,
        Өнер білген пайдалы,
        Спорт соның айғағы .
         Бүгінгі ересек тобының арасында өткізгелі отырған , «Толағай» атты жарысымызға қош келдіңіздер!
Гимн

Ал, сайыскер балалар,

Ешкімің жоқ алалар

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік

Оны әділ қазылар бағалар.

(әділқазы мүшелерімен таныстыру)


  1. Балабақша меңгерушісі: Тазабекова Жанна Ауелбековна

  2. Балабақша әдіскері: Кабидолданова Калжан

  3. Балабақша медбикесі: Алибекова Индира

Ендеше сайыстың шарттарымен таныс болдық,


  1. Таныстыру

  2. «Кім  жылдам» 

  3. «Жүйрік паравоз»

  4. «Шеңбер тарту»

  5. . «Ептілік»

  6. «Тапқыр» жарысы

әр сайысымыз 3-4-5 ұпаймен бағалайды. Ең жоғарғы баға «5» ұпай.


Жүргізуші: Кішкентай бүлдіршіндер сайысымызды бастамас бұрын , дене шынықтырушы нұсқаушысымен бірге денемізді қыздырып алайық.


      Уа ,халқым,назар аудар денсаулыққа,
                    Өмірде бақыттысың денің сауда.
                    «Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
                   Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
                   Денің сауда күштісің бұл әлемде,
                   Денің сауда сұлусың жер бетінде.
                  Сол мықты денсаулықтың арқасында
                  Жетерсің әлі талай бақыттарға деп,- ортаға (марш пен кіру)

1.     «Құлыншақ»тобын шақырамыз.

2.     «Жұлдызша»  тобын шақырамыз.

Топтар бір-бірімен сәлемдеседі.

Жүргізуші: «Сәлем-сөздің анасы» деген нақыл сөз бар. Ендеше жарысымызға келген үш тобымыз өздерінің тобын таныстырып өтсін.
1. Топтармен  таныстырып өтейік:

«Сұңқар» тобы:   

Ұраны:   Спортпен достас,

        Жалқаулықпен қоштас.

«Алғыр»  тобы:

Ұраны:  Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

              Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз


2. «Кім  жылдам» 

Ойын шарты:  ойыншылар бірігіп себетті жіппен ұстау арқылы, ұшып тұрған шарды себетке жинау.

           
3. «Жүйрік паравоз» жарысы

Ойын шарты:  мәреден тұрып бір ойыншы шығып берілген кораптын ішіне кіріп, сол кораптын ішінен шыкпай сөрені айналып келу. Солай келесі ойыншыға береді, ойын бүкіл ойыншы айнап болғанша жалғасады.


4. «Шеңбер тарту»

Ойын шарты:  Бір ойыншы берілген шеңберді тарту арқылы, екінші ойыншы сол шеңбердің ішінде секіріу арқылы командалық жұмыспен сөрені айналып келу керек. Мәреге келген сон келесі ойыншы шеңбердің ішіне кіріп жалғастырады..
5. «Ептілік»

Ойын шарты:Ептілікті пайдаланып бір ойыншы шығып берілген таяқтардың көмегімен шелекті сөреге дейін құлатпай апарып, келесі ойыншыға береді, келесі ойыншы таяқпен апарып сөреде тұрған шелектің үстіне қояды. Солсай ойын жалғасады шелекті бүкіл ойыншы койып болғанша.
6. «Тапқыр» жарысы

Ойын шарты:  Жерде тұрған ыдыстарды бір қытысушы барып аударады, ал екінші қатысушы орнына қояды ойын солай жалғасады қатысушылардың бәрі қатысып болғанша.

   Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,  

  Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыста ренжімей, Тараса бізге жарады,-демекші сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

.
( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).


Жүргізуші: Осымен  ересек тобының арасында өткізілген   «Денсаулық мол байлық» атты  жарысымыз аяқталды.

                  Жарқын,шаттық заман болсын,

                  Бүлдіршіндер  аман болсын.

                  Сыйластық пен бірлік болып,

                  Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі