Тақырыбы:
«Толағай»
сайысы
Мақсаты:
Салауатты өмір
салтын қалыптастыру.Оқушыларды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор,
күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет
екендігін түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де
тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын
ұстануға тәрбиелеу.
Өтілетін
орны: Спорт
зал
Көрнекілігі:
түрлі - түсті
шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт
өлшеуіш.
Өту
барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі « Толағай» сайысына қош
келдіңіздер! «Қазақстан - 2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары
мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп
тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді,
өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын.
Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің,
жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып
табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің
бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі « Толағай» сайысына қош
келдіңіздер!
Әр таңды
бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой
көгінде бақылаңыз,
Сайысқа
қатысуға енді ортаға
Топтарды
шақырамыз.
Ұстанған
салауатты өмір салтын,
Жасқанып,
ешқашан да мойымайтын,
Болашақ
спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы
алайық, қане, халқым!
(әр топ
орындарына
келіп тұрады да, өздерін
таныстырады)
1 -
топ: Жас ұлан
тобы
2 -
топ: Қыран
тобы
3 -
топ: Барыс
тобы
Ал, құрметті
халайық!
Жарысты енді
көріңдер
Әділ қазы
алқасы
Әділ баға
беріңдер!
Сайысты
бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
---------------------------------------------------------------------------------
Спорттық
сайысымыз бес балдық жүйемен
бағаланады.
Мұғалім:
Құрметті
жарысқа түскелі тұрған топтар,
әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр
бөлімімен таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
Сайысымыз
6
кезеңнен
тұрады.
Олар:
1. «Таныстыру»
кезеңі
2.
« Пингвин»
сайысы.
3.
«Сұрақ -
жауап»
сайысы.
4.
«Сафари»
сайысы.
5.
«Футбаскет»
сайысы.
6. «Кім көп секіреді? »
сайысы
1 - кезең:
«Таныстыру»
Шарты: Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын
айтады.
1 -
топ. "Жасұлан" тобын
ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны:
"Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз
жақсыдан".
2 -
топ. "Қыран" тобын
ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны:
«Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан біз
қалмаймыз!»
3 -
топ. "Барыс" тобын
ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны:
"Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз
үшін".
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын
беріңіздер.
2
кезең:
«Пингвин» сайысы.
Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай
пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда
жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны
береді. Келесі ойыншы
жалғастырады.
Ал енді
«Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ -
қазылар өздеріңізде.
3
кезең:
«Сұрақ-жауап»
сайысы.
Ал енді
«Сұрақ –
жауап » сайысының
қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар
өздеріңізде.
4
кезең:
«Сафари» сайысы.
Кедергілер
арасынан қаппен секіріп барып. Қайтар жолда тағы секіріп бару.
Келесі ойыншыға қапты береді. Келесі ойыншы
қайталайды.
Ал енді
«Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ -
қазылар өздеріңізде.
5
кезең:
«Футбаскет» сайысы.
Балалар допты
футболдағыдай аяқтарымен теуіп кедергілердің арасымен өтіп барады
да, қайтар жолда жүгіріп келу керек.
Соңғы адам
қайтар
жолда допты
ұстап жүгіріп келу
керек.
Ал енді
«Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ
- қазылар өздеріңізде.
6
кезең: «Кім
көп секіреді?» сайысы.
Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының
қорытынды бағаларын білейік.
Сөз кезегі әділ
- қазылар өздеріңізде.
Жарыс заңы
ежелден -
Жеңімпазды
анықтау
Жеңімпаз болу
шарты сол -
Еңбектену,
жалықпау
Біреу озса
сайыста,
Біреу артта
қалады
Жеңілгендер
ренжімей
Тараса бізге
жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып
жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға
беріледі..
Уа, халқым
назар аудар денсаулыққа!
Өмірде
бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең
бақыт деген сөзді
Құр айтпаған
ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті
қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп
рахмет!
№14 Алыбай батыр атындағы
жалпы орта мектебі
Сайыс
сабақ
Тақырыбы: Толағай
Бастауыш сынып
мұғалімі: Аппазова
З.
2024-2025 оқу
жылы