Материалдар / "Толағай" отбасылар сайысы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Толағай" отбасылар сайысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушылардың ата - аналары арасындағы байланысты жақсарта түсу мақсатында өткізілетін қызықты жарыс, іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2024
184
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Өтілетін орны: Спорт зал
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бүгінгі « Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі « Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Ашылуы: «Қазақ биі»

Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады да, өздерін таныстырады)
1 - топ: ----
2 - топ: ----
3 - топ: ------------

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
---------------------------------------------------------------------------------
Спорттық сайысымыз бес балдық жүйемен бағаланады.

Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
Мұғалім: Құрметті жарысқа түскелі тұрған отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады.
Олар:
1. «Таныстыру» кезеңі
2. «Доп ла
қтыру» сайысы.
3. «
Су тасу» сайысы.
4. «Кім жылдам?» сайысы.
5. «
Құрсау»(обруч) сайысы.
6. «
Картоп жинау» сайысы.
7. «Кім көп секіреді?» сайысы.
8. «Арқан тарту» сайысы.

1 - кезең: «Таныстыру»
Шарты: Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.

1 - топ. "Жасұлан" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан".

2 - топ. "Қыран" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан біз қалмаймыз!»

3 - топ. "Барыс" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін".
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

Жүргізуші: 2 кезең: «Доп лақтыру» сайысы.
Ойыншылар допты аяқтың арасына қысып алып, белгіленген мәреге барып допты гарға тастайды, қайтарда жүгіріп барады да келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді.
Жүргізуші: Ал енді «Доп лақтыру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

Жүргізуші: 3 кезең: «Су тасу» сайысы.

Ойыншылар төбесіне су құйылған ыдыспен мәрегедейін жүгіріп барып, суды банкаға құяды.Осылай кезектесіп каманда мүшесіне береді.
Жүргізуші: Ал енді «Су тасу» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.

Жүргізуші: 4 кезең: «Кім жылдам ?» сайысы.

Бұл ойын шартында бала жүгіріп барып,ыдыстарды ретеп береді,ал анасы мен әкесі сол ыдыстарды шардың көмегімен жинайды.
Жүргізуші: Ал енді «Кім жылдам?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.

Жүргізуші: 5 кезең: «Құрсау» сайысы.

Анасы мен баласы құрсаудың ішінде тұрады, ал әкесі құрсауды жылжыту арқылы жылдамдықпен мәреге апару керек.
Жүргізуші: Ал енді «Құрсау» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.

Жүргізуші: 6 кезең: «Картоп жинау» сайысы.

Әкесі мен анаы себетті көтеріп жүреді ,ал баласы картопты жинайды.
Жүргізуші: Ал енді «Картоп жинау» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.

Жүргізуші: 7 кезең: «Кім көп секіреді?» сайысы.
Кедергілер арасымен
секіртпемен жүгіріп өтіп, мәреге барғанда есепті шығарып, қайтарда жүгіріп барады да келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді

Жүргізуші: Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.

Жүргізуші: 8 кезең: «Арқан тарту» сайысы.
Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады.

Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
, ата-аналар сіздерге арналған шағын концертімізді қабыл алыңыздар.
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет! Сонымен қатар міндетті оқу қорының атынан оқушыларымызға
сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.
«Толағай» әні орындалады.



 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!