400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Толағай" отбасылар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
спорттық шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы 
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Өтілетін орны: Спорт алаңы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, шығыршық, кедергілер, жалаушалар, коньки, роллик, секіртпелер,ысқырық, уақыт өлшеуіш. 
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі 
Шынықсаң шымыр боласың, 
Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 
Жеңімпаз болу оңай ма, 
Арман болған талайға? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда. 
ІІ.Негізгі бөлім 
Құрметті мұғалімдер және ата-аналар,оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! 
Көңілді жарысқа лагердегі оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады. 
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз 
Әр таңды бақытпенен аттырамыз 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға енді ортаға 
Илимисовтар,Утигеновтар,Салимовтар 
отбасын шақырамыз. 
(әр отбасы орындарына келіп тұрады) 
Ал,құрметті халайық! 
Жарысты енді көріңдер 
Әділ қазы алқасы 
Әділ баға беріңдер! 


Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 
1. Айымкулова А (ата-аналар төрайымы) 
2.Кулсарина М.С(мектеп директоры) 
3.Жумабекова Д (Лагерь меңгерушісі) 


Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 

Сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады 

І кезең: «Кедергілердің арасынан өту» 
Шарты: Әр отбасы он қадамдай қашықтықта түрған жалаушылардың арасынан бір-бірден айналып келу. 

ІІ кезең: «Кенгуру» 
Шарты: Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу. 

ІІІ кезең: «Жеміс жидек жинау» 
Шарты: 2-3 метр шеңбер сызылады соның ішіне алма шашылады. Анасының басына шелек кигізіп қызы жетелеп шашылған жеміске қарай бағыттайды. Мамасы тездете жинайды. 

IV кезең: «Шығыршықпен бір-бірін тасымалдау» 
Шарты: Әр топқа 2 шығыршық беріледі. Алдыңғы тұрған ойыншы 1 шығыршықты жерге қойып бәрі ішіне тұрады. Екінші шығыршықта осылай қайталанады. 

V кезең: «Шайбалы хоккей» 
Шарты: Әр ойыншы 150 гр кіші допты клюшкамен айдап кедергілердің арасынан жүгіріп өту. 

VI кезең: «Ролики» 
Шарты: Роликті аяқ киіммен кедергілердің арасынан өтіп жарысу. 

VII кезең: «Шар жинау» 
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды пакетпен жинау алма-кезек. 

VIII кезең: «Фут., баскет.» 
Шарты: Әкесі, баласы футбол добын аяғымен айдап кедергілердің арасынан өтеді. Анасы, қызы баскетбол добын жерге соғып ыршыта айдап жүгіреді. 

IX кезең: «Әншілер сайысы» 
Шарты: Әр топтар ортаға шығып үнтаспа ырғағына сүйіне отырып Толағай әнін шырқайды. 

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. 
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! 
Сайысымызды бастаймыз. 
«Жұлдыз» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін! 
«Тұлпар»тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты 
Бәрін жеңіп шықты 
«Арлан»тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз. 

ІІІ.Қорытынды бөлім 
Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, 
№ Топтар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Ұпай Орын 
1 «Бәйтерек» 15 11 13 12 15 15 15 13 13 122 І 
2 «Шаңырақ» 10 12 14 10 11 11 15 15 15 113 ІІ 
3 «Жұлдыз» 13 15 10 15 12 13 11 9 13 111 ІІІ 

марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Сонымен қатар сыныптың ата-аналары демеушілік көрсетіп «Жұлдыз», «Шаңырақ», «Бәйтерек» топтарына арналған сыйлықтарын табыс етпекші.Қабыл алыңыздар. 
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! 
Өмірде бақыттысың денің сау да. 
Денсаулық терең бақыт деген сөзді 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі