«Толағай» отбасылық
эстафеталық сайыс.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі
балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл,
спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшаға тығыз
байланысын нығайту және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып,
ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығын
ұйымдастыру. Саламатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын
қалыптастыру.
Қажетті
құралдар: Доптар, жұмырқа, тәрелке,
қасық, 2 қапшық, әтештердің атрибуттары,
арқан.
Спорт залға марш сазымен ата –
аналар балаларымен үш қатарға тізіліп тұрады. Эстафеталық жарыс
басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
орындалады.
Жүргізуші:
Берекеде осында
Мереке де осында
Болып жатыр той думан
Қырандардың қасында
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр ғой баламыз
Жарысып кәне екі топ
Қол
соғып қарсы алайық.
Құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша
бүлдіршіндері және спорт сүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне
лайықты, жан – жақты жетілген, бойында имандылық сана – сезім
қалыптасқан, мәдениетті, дені сау азамат пен азаматшалар өсіру
отбасының, балабақшаның борышы екені баршамызға мәлім. Бүгінгі
спорт іс-шара «Толағай» отбасылық сайысын ашу үшін мектепке дейінгі
ұйымының директоры Алтынай Газизқызына сөз
береміз.
-
Олай болса құрметті қонақтар және спорт жанкүйерлері, жарысқа
қатысушы топтарды қарсы алайық!
1. Уралбай отбасы
2.Әділгерей отбасы
3.Тулеберген отбасы
4. Баштыревтар отбасы
5.Рахимовтар отбасы
6. Балтабаевтар
отбасы
Дене қыздыру
жаттығуы.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз. - деп Жарысты бастамас бұрын
бүгінгі ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
1.
Мектепке дейінгі Ұйымының директоры Алтынай
Газизовна.
2.
Ата-аналар арасынан әжеміз Майра апай
3.
Мектепке дейінгі Ұйымының әдіскері Талшын
Мендіғалиқызы.
Ойынның шарттары:
«Жүйрік ат» эстафетасы
«Кім епті» эстафетасы
«Өрмекші» эстафетасы
«Кім жылдам?» эстафетасы
«Әтештер сайысы» эстафетасы
«Арқан тартыс»
Енді командалар 1,2 санына санап екі командаға
бөлініп алайық.
Қызады бүгін той – сайыс
Ортамызды ашайық
Ән
мен күйді көтеріп
Інжу – маржан шашайық
Ырыс дәулет мол болсын
Жылда осындай той болсын
Жарысты енді бастайық
Ал,
кәнекей жол болсын!
Енді эстафеталық жарысымызды
бастаймыз.
1 «Жүйрік ат»
эстафетасында екі аяқтың арасына доп қысып
секіру.
2 «Кім епті»
қасыққа салынған жұмыртқаны түсіріп алмай соңғы
нүктесіне қарай жүгіріп, қайтадан орнына қарай жүгіріп
келеді.
3. Өрмекші
-
төрт тағандап жүру.
4. «Кім жылдам?»
әрбір топқа бір қапшықтан беріледі. Қапшықтың
ішіне екі аяғымен тұрып, қолдарымен қапшықты ұстай отырып, жарыстың
соңғы нүктесіне қарай жүгіреді және қайтып орнына қарай жүгіріп
келеді.
5. «Әтештер сайысы»
шеңбер ішінде тұрып бір-бірін иықпен қағып
шеңберден шығару..
6. «Арқан тартыс»
екі
команда шығып арқан тартысады, аналар бір бөлек, әкелер бір бөлек,
балалар бір бөлек.
-
Мінекей құрметті спорт сүйер қауым, біздің бүгінгі сайысымыз өз
мәресіне жетті.
Ендігі сөз кезегін әділқазыларға
береміз.
Қорытынды. (Жеңімпазды атау) Құттықтау. Алғыс
хат
Жеңімпаз командаға
сыйлық.
Жүргізуші:
Әкем, шешем көңіл қойса,
дем
беріп Спортты біз сүйер едік тең көріп.
Салауатты өмір салтын
сақтайық.
Спорт қана қамалымыз ең биік – деп бүгінгі
жарысымызды аяқтаймыз.
- Құрметті ата-аналар, біздің бүлдіршіндеріміз,
алдымызда үлкен мейрам келе жатыр Ұлыстың Ұлы тойы Наурыз мейрамы,
осыған орай мен Сіздерді ортаға шақырып
"Қара жорға"
биін билеуге шақырғым келіп
тұр.
Би: "Қара жорға"