Қызылорда обылысы, Жаңақорған
ауданы,
Манап ауылы № 160 орта
мектебінің «Толағай» шағын орталығының тәрбиешісі Тұрлыбекова
Айжамал
«Толағай» отбасылық
сайысы.
Мақсаты: Спорттық ойындарды ойнай
отырып спортқа қызығушылығын арттыру.
«Спорт-денсаулық кепілі» десек
«Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір
салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған
шара.
Шапшаңдыққа, ептілікке
баулу.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар
оқушылар, бүгінгі
«Толағай» спорттық сайысымызға
қош келдіңіздер.
Уа халқым назар аудар
денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың дені
сауда.
Денсаулық терең бақыт деген
сөзді
Құр айтпаған ұлы абай
данамызда.
Шынықсаң шымыр
боларсың
Сауығып айдай
толасың.
Спортты серік ете
біл,
Жақсы азамат боласың- деп
ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
1. «Болашақ»
тобы.
2. «Қыран»
тобы.
3. «Жұлдыз»
тобы.
4. «Достық»
тобы.
Ал құрметті
халайық!
Жарысты енді
көріңдер
Әділ қазы
алқасы
Әділ баға
беріңдер.
Әділ қазыларды таныстырып
алайық.
1. Тасқожаева
Мөлдір
2. Камалова
Рахима
3. Әуелбеков
Руслан
Спорттық сайысымыз 5 балдық
жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 7
кезеңнен тұрады.
1.
кезең «Таныстыру»
(топты
таныстыру ұраны)
2.
кезең «Кенгіру»
сайысы,
3.
кезең «Кім жылдам» сайысы.(
велосипед тебу).
4.
кезең Секіртпемен кедергілер
арасынан секіру.
5.
кезең Нысанадан
допты
өткізу.
6.
кезең Аналардың көзін байлап балдары
сәйкес түсті карзинаға салу.
7.кезең Мергендік
таныту.
Көрсетті міне өз өнерін
балалар,
Сайыстың да соңы келіп
таянар.
Жеңімпазды анықтайық
қанекей,
Әділ-қазы сайысты әділ
бағалар-деп сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып
жеңімпаздарды анықтап марапаттау үшін сөз әділ-қазы алқаларына
беріледі.
Демеңіздер біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Сау болып тұрыңыздар
кездескенше
Осымен Толағай сайыс
аяқталды.
Келесі кездескенше сау
саламатта болыңыздар.
Қыс
Ақ қар жапты
далаға,
Ақ көрпеге оранды
айнала.
Аққала
жасаймыз,
Ойынға біз
тоймаймыз.
Аяз атай
келеді,
Бізге сыйлық
береді.
Ақшақарын
қасына
Ертіп бірге
жүреді.
Көктем
Көктем келді
алақай,
Біз ойнаймыз
балақай.
Асыр салып
жүреміз
Әзіл айтып
күлеміз.
Мен ұқыпты
баламын.
Мен ұқыпты
баламын,
Айтқан тілді
аламын.
Көмек болса
үлкенге
Лезде жетіп
барамын.
Ана
Ана деген ардақты
ат,
Оны мәпелеп ұға
алсақ.
Қолы нәзік, жүрегі
жұмсақ
Күтіп күнде,
сыйласақ.
Қазақстан.
Кең байтақ жерім
бар,
Егеменді елім
бар.
Қазақстан
жалауы,
Биіктерде
самға.