400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Толағай" отбасылық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
ата аналармен бірге өткізген спорттық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Толағай отбасылық сайысы.


Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Спорт зал
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бүгінгі « Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі « Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады да, өздерін таныстырады)
1 - топ: «Жасұлан»
2 - топ: «Қыран»
3 - топ: «Балдырған»

4 – топ: «Стрела»


Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
---------------------------------------------------------------------------------
Спорттық сайысымыз бес балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор. 
Тәрбиеші : Құрметті жарысқа түскелі тұрған отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
Олар:
1. «Таныстыру» кезеңі
2. «Мұртты кенгуру» сайысы.
3. «Пингвин» сайысы.
4. «Кім мерген?» сайысы.
5. «Сафари» сайысы.
6. «Арқан тарту» сайысы.

Ал, жарысымызды бастамас бұрын денелерімізді қыздыртып алайық…


Би: «Вперед четыре шага»


1 - кезең: «Таныстыру»
Шарты: Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
1 - топ. "Жасұлан" тобын ортаға шақырамыз.


Топтың ұраны: "Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан".
2 - топ. "Қыран" тобын ортаға шақырамыз.


Топтың ұраны: «Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан біз қалмаймыз!»
3 - топ. "Балдырған" тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: "Спортпен достасамыз,

Жалқаулықпен қоштасамыз".

4 – топ. «Стрела» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: «Как стрела мы будем мчаться,

Вам за нами не угнаться!»
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
2 кезең: «Мұртты кенгуру» сайысы.
Ойыншылар қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп екінші жаққа келіп тақтада спорттық құралдардың бірін салады, қайтарда жүгіріп барады да келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді.


Жүргізуші: Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына берейік.
3 кезең: «Пингвин» сайысы.
Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді. Келесі ойыншы жалғастырады.


Жүргізуші: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.


4 кезең: «Кім мерген?» сайысы.
Анасы қызғылт түсті допты себетке лақтырады , әкесі көгілдір түсті допты лақтырады.

Жүргізуші: Ал енді «Кім шапшаң?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.
5 кезең: «Сафари» сайысы.
Кедергілер арасынан қаппен секіріп барып себеттегі шарды шелекке лақтыру. Қайтар жолда тағы секіріп бару. Келесі ойыншыға қапты береді. Келесі ойыншы қайталайды.


Жүргізуші: Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.
6 кезең: «Арқан тарту» сайысы.
Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады.


Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..


Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет!
«Толағай» әні орындалады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
2143
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі