Толағай отбасылық сайыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Толағай отбасылық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға арналған спорттық ойынның шаарттарымен жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК«Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасы



















«Мейірімді отбасы» отбасылық спорттық сайысы

«Жұлдызша» ортаңғы тобы






















Тәрбиеші: Д.Кенжебайқызы









 2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: Спорттық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. МдҰ-ға ата- аналарды тарту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

«Өмір негізі – денсаулық; Денсаулық негізі – спорт;» деген сөздің мақсатын түсіндіру.

Көрнекілік: доп, кольцо, кедергілер, секіртпе (скакалка).




Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

- Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым.

Құрметті қонақтар, ата – аналар балабақша ұжымы бүгін «Жұлдызша» ортаңғы тобы бүлдіршіндері және ата-аналар арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған «Мейірімді отбасы» атты отбасылық сайысымызға Қош келдіңіздер!

Келіңіздер көріңіздер!

Тек ынта бөліңіздер

Мықты боп шынығып

Шығам деп сеніңіздер – деп, Сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысқа 6 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны үшеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

«Спорт-денсаулық кепілі» десек, «Мейірімді отбасы» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.

Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.

  1. «__________» тобы _________отбасы

  2. «__________» тобы__________ отбасы

  3. «___________» тобы__________ отбасы

  4. «___________» тобы__________ отбасы

  5. «___________» тобы__________ отбасы

  6. «___________» тобы__________ отбасы

Бұл отбасыларға сәттілік тілей отырып, әділ – қазылар алқасымен таныстырайық.

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен.

Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялар тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамы мен таныс болыңыздар:

1.  ___________________

2.  ___________________

3.  ___________________  




Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады. Ал әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады.

(таңдау жасап кім бастайтындарын анықтап алады)

Бәйгені ат жаратып шапқаналар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар,- деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына «Ақжол!» тілейік.




  1. «Cәлемдесу»  Әр топ өздерін таныстыра бастайды.

  2. «Кім жылдам?»

Ойынның шарты: Кедергілер арасымен допты екі тіземен алып жүру. Сайыскерлер дайынбыз ба, Бір, екі, үш. Алға!

Сайыстың тұсаукесер ойынына беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер.



  1. «Көпсайыс»

Ойынның шарты: Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде, балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.

 Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

  1. «Қояндар»

Ойынның шарты: Анасы құрсау ішіндегі сәбіздерді жинап, жүгіріп барып сәбіздерді әкесіне береді, әкесі  қаппен секіріп барып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы үшаяқты велосипедпен сәбіздерді команда қоржынына барып салады.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!



  1. «Кім епті?»

Ойынның шарты: Әр команда мүшесі сыпырғымен түрлі түсті шарларды өз шеңберлеріне жинау. Нәтижесінде жиналған шарлар саналады.

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

  1. «Асық ату»

Ойынның шарты: Әр команда өздеріне құрылып тұрған асықтарды атады. Атылған асық саны саналады.

  1. «Құрсау салу»

Ойынның шарты: бұл ойынға тек әр команданың капитандары мен аналары қатысады,яғни тек ересектер.

Кедергілер арасымен межелі орынға жүгіріп барып, соңғы кедергіні бір қолмен ұстап тұрып 5 рет айналып, жіппен есекке құрсау салу.

  1. «Балықшылар отбасы»

Ойынның шарты: бірінші капитан шеңбер арқылы допты аулап, баласына береді. Бала допты анасына береді, анасы аяғына сүңгуір аяқ киімін киіп, допты өз тобына жинайды.

  1. «Арқан тартыс»




Қорытынды:

Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдеріңкөтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.(Марапаттау)

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше

Осымен отбасылық сайыс аяқталды.




Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!


















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2023
452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі