400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Толағай" отбасылық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымға арналған.тәрбиешілерге дайын сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені















Тақырыбы:

«Толағай»

(спорттық сайысы)


















Тәрбиеші: Каресова Ж.Т







«Толағай»


Мақсаты: балалардың денсаулығын жетілдіру, спорттық ойынға деген қызығушылығын ояту.Ойлау қабілетін дамыта отырып, үш тілде сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Отбасымен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Керекті құралдар: боулинг, доп, шар, секіртпе.

Шараның өту барысы:

Жадыра: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, қонақтар! Сіздердің назарларыңызға «Балбөбек» тобының ата- аналары мен бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Толағай» атты сайысымызды ұсынамыз.


Гүлжүзім: Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға,

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.


Жадыра: Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

« Жігер » тобын шақырамыз.

Гүлжүзім: Салауатты өмір салтын сақтайтын,

Жаттығудан ешқашанда қашпайтын.

«Ынтымақ» тобы келді бүгін сайысқа

Өз топтарын жақтайтын – деп «Ынтымақ» тобын шақырамыз


Жадыра: Ұстаған салауатты өмір салтын,

Жасқанып ешқашанда мойымайтын.

Болашақ спортшылар келді ортаға,

Қол соғып қарсы алайық «Алғыр» тобын.



Гүлжүзім: Қиындықтан қашпайтын,

Алған беттен қайтпайтын.

Қол соғып қарсы алайық,

«Қыран» тобын халайық.



Жадыра: Шарамызды бастамас бұрын, сайысымызға төрелік етуші әділқазылар алқасын таныстырып өтелік.

Спортшылар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып.

Қазылар алқасын таныстыру:

1. Бастауыш мұғалімі Нұрғалиева Индира Рамазанқызы.

2. Балабақша әдіскері Бақтығазиева Сымбат Махметқызы.

3. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Темиров Арман Аманбайұлы.


Гүлжүзім: Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

(Әр топ аты, ұранымен таныстырады.)


Жадыра: Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті. Ендігі кеезекті сайысқа берелік.

Сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

1. «Құлатпай алып өт» сайысы.

2. «Мергендер» сайысы.

3. «Кім жүйрік» сайысы.

4. «Кім тапқыр» сайысы.

5. «Шарды түсірме» сайысы.

Әр сайыстан кейін әділқазылар алқасы әділ бағаларын беріп отырады.


Гүлжүзім: Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оның да,

Жету үшін мұратқа.

1-бөлім. «Құлатпай алып өт» сайысы.

Шарты: ата-аналар қолдарын айқастырып, баласын отырғызып, кедергілер арасымен жүгіріп өтеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Сабырлы да, салмақты әділқазыларымыздан ұпай сандарын көрсетулерін сұраймыз.


Жадыра: 2-бөлім. «Мергендер» сайысы.

Шарты: допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей кедергілер арасымен өтеді, допты домалату арқылы кеглиларды құлату.

Әділқазылардан ұпай сандарын сұраймыз.


Гүлжүзім: 3-бөлім. «Кім жүйрік» сайысы.

Шарты: Сеекіртпемен секіріп, кедергілер арасымен өтіп барып, математикалық есептің жауабын табу, бірінші тапсырма орындап келген топ жеңімпаз атанады.

Сайыстың үшінші бөлімі бойынша әділқазылардан ұпай сандарын сұраймыз.


Жадыра: Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын беруге үш тілдерде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Жақсы баға онда сізге несібе.

4-бөлім. «Кім тапқыр» сайысы.

Шарты: Бұл сайыста жұмбақтар жасырылып, оның жауабын үш тілде айту керек.

  1. Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

(Аю-медведь-bear)

  1. Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

(су-вода-water)

  1. Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді.

(қар-снег-snow)

  1. Онсыз астың дәмі жоқ,

Ассыз оның мәні жоқ.

(тұз-соль-salt)

  1. Жеті қазынаның бірі-

Адамды күзетіп жүретін досы.

(ит-собака-dog)]

  1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

(күн-солнце- sun)

  1. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

(аяз-мороз-frost)

  1. Ұзын, ұзын, ұзын жіп,

Ұшына шыққан жан бар ма?

(жол-дорога-way)


Гүлжүзім: 5-бөлім. «Шарды түсірме» сайысы.

Шарты:Әкесі мен анасы арқаларына шарды қысып, түсірмей кедергілер арасымен өтеді. Баласы шарды қолына ұстап кедергілер арасымен өтіп шығады. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Әділқазылардан ұпай сандарын сұрайық.

Жадыра: Сайыс осымен тәмәм. Төреші әділқазыларымыз ұпай сандарын есептеп , қай отбасы топ жарып жеңіске жететіндігін хабарлағанша, барлық қатысушылардың орындауында «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.


Гүлжүзім: Ендеше, осы денсаулықты зор байлық, деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік.

Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).


Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік!

«Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды.

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі