жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Толағай отбасылық сайысы
Білім саласы : Денсаулық
Бөлімі : Денешынықтыру
Тақырыбы : "Толағай" спорттық сайысы
Мақсаты : Салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру . Спортпен айналысудағы әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену , оларды қолдану .
Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру . Ептілікке , шапшаңдыққа , салауатты өмір салтына , тазалыққа тәрбиелеу .
Көрнекіліктері : Сайыс тақырыбы , жар қағаздары , эмблема .
Керекті құралдар : Сұлтанша, үңгір, кегли, қапшық, доптар, шығыршық, платформа.
Ұрпақ керек ертеңгі алда
Болашақты болжайтын
Жаны таза тәні таза
Елін,жерін қорғайтын
-Армысыздар құрметті көрермендер,сәлем достар.
-Бүгін бізде «Толағай»отбасылық спорттық сайысы.
-Біздің мақсатымыз салауатты өмір салтын насихаттау.
-Балалардың әр күнін көңілді өткізуге ат салысу.
Гүлдана спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады екен.
Я дұрыс айтасың сонымен қатар дене мүсініде сымбатты болады.
Олай болса «Толағай» отбасылық сайысын бастаймыз.
Топжаруға асық топтармен таныс болыңыздар.
І- «Жалын» тобы
ІІ- «Тұлпар» тобы
ІІІ- «Қыран» тобы.
Ортаға келген топтармен таныс болайық.
«Жалын»
тобы
Жалындаймыз, жанамыз,
Біз
спортшы боламыз! Дияс,С.Айша,
Инкар,Алинұр
"Тұлпар"
тобы
Желмен бірге жарысқан
Тұлпар қалмас жарыстан . Темірқожа,Қ.Айша,Жансая, Айым
«Қыран»
тобы
Шымыр,
сергек денеміз,
Спорт сүйер өренбіз!
ЕрсұлтанАяулым,Ақсұлтан,Аибике.
-Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болдық.
-Сайысымызды бастамас бұрын денемізді қызыдырып алмадық па?
Ендеше алаңда жүру түрлерін орындайық.
Тұратұр Гүлдана жаттығуымызды бастамас бұрын балаларымыздың денсаулығын тексертіп алайық.
Мен оны ұмытып кетіппінғой.Ендеше балабақшамыздың медбикесі Маржанды шақырайық.
Балаларды тексеру.
І. Жүру түрлері.
.
ІІ.Жалпы дамыту жаттығулары.
Б.қ аяқ арасы алшақ,қол төменде
1.Қолды жоғары көтеру
2.Жоғары қарау
3.Қолды төмен түсіру
4.Б.қ келу
2.Б.қ аяқ арасы алшақ,қол төменде
1.иықты көтеру
2.Б.қ келу
3.Бастапқы қалып ,аяқ арасы алшақ,қол төменде
1.қолды алға созу
2.қолды кеуде тұсына әкелу
3.қолды алға созу
4.Б.қ келу
4. Бастапқы қалып ,еденде отыру,ақя созулы ,қол төменде
1.Қолды жоғары көтеру
2.аяқ ұшына апару
3. Қолды жоғары көтеру
4.Б.қ келу
5.Б.қ еденде шалқасынан жату.
1.аяқты жоғары көтеру
2.аяқты қайшылап қозғау.
6.Б.қ аяқ арасы қосулы,қол кеуде тұсында
1.бір орында жүгіру
2.Б.қ келу
7.Тыныс алу жаттығу
Гүлдана жаттығу жасап бойым бер сергіп қалды.Ал сендерше балалар?
-әрине
-Жазира бойың сергіп қалса жарысымызды бастайтын уақыт келді. Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылары :
-Балабақшамыздың меңгерушісі Бибігүл Қуанышбайқызы,
Балабақшамыздың медбикесі Рахима Бимендеқызы,
Балабақшамыздың есепшісі Айнұр Құламқадірқызы бүгінгі сайысқа әділ бағаларыңызды бере отырыңыздар.
Олай болса сайысымызды бастаймыз.
-Гүлдана сенің артистік қабілетің мықты емеспе?
-Оны кімнен естідің?
-Ол құпия. Құрбақа қалай жүретінін салып көрсетесің бе?
-Жарайды құрбақаны жақтырмасамда ,сен үшін салып көрсетейін.
-Жарайсың Гүлдана .Сенің тағыда бір қырыңнан таныдым.
-Жазира сен мені сынағаныңды қоймайсың.Оданда ортаға шыққан сайыскерлерімізді сынап байқап көрмедік пе?
-Жарайды байқап көрейік.
Сайысымыздың бірінші кезеңі «Құрбақа» деп аталады.
І.«Құрбақа»
Шарты:Аналар кедергі арасымен шығыршық арқылы жүріп өтеді,Балалар бір-бірінің үстінен секіріп өту.
-Қалыспа ,дайындал ,алға!
Құрметті көрермендер алғашқы сайсымызды қортындылаймыз.
Қызы түсті «Жалын» тобының бағасын беріңіздер
Жасыл түсті «Тұлпар» тобының бағасын берсеңіздер
Сары түсті «Қыран» тобының бағасын берсеңіздер.
-Спорттың түрлері барған сайын қиындай түседі.Бірақ барлық қиындыққа төзе білген адам ғана жеңімпаз болады.
Мен бір жұмбақ жасырайын
Бар
екен бір нақты зат түсі қара,
Сүйрейді
неше мың пұт іліп ала.
Болғанмен жүгі
ауыр, жүрісі тың,
Таңданады көрген
жандар тамашаға.
Сайсымыздың екінші кезеңі «Паровоз»
ІІ. «Паровоз»
Шарты: Шеңбер ішінде тізбектеліп ,қатар—қатар жүріп белгіге дейін барып,мәреге қайта оралу.
-Қалыспа ,дайындал ,алға!
Құрметті көрермендер «Паровоз » сайсын қортындылаймыз.
Қызы түсті «Жалын» тобының бағасын беріңіздер
Жасыл түсті «Тұлпар» тобының бағасын берсеңіздер
Сары түсті «Қыран» тобының бағасын берсеңіздер.
ІІІ. Гүлдана мен шетелге саяхатха барғым келіп жүр.
-Не үшін.Өз елімізде де қыдырып,саяхаттауға болады емеспе.
-Жооқ Гүлдана мен Африка еліне барып піл,кингру,керік сияқты жануарларды көзбен көргім келеді.Әсіресе кингрулердің секіргендерін.
-Кингрудың секіргенін шетел аспай осы жерденде көруге болады.
Ол қалай?
Сайсымыздың үшінші кезеңі «Кингрулер»
Шарты:Балалар қапты аяқтарына киіп,кедергі арасымен жүріп мәреге оралу.
-Қалыспа ,дайындал ,алға!
Құрметті көрермендер «Паровоз » сайсын қортындылаймыз.
Қызы түсті «Жалын» тобының бағасын беріңіздер
Жасыл түсті «Тұлпар» тобының бағасын берсеңіздер
Сары түсті «Қыран» тобының бағасын берсеңіздер.
ІV. Жазира біздің ата-бабаларымыз мықты,күшті болған деседі.
-Дұрыс айтасың олар әр дайым күштерін толықтыратын, спорт түрімен шұғылданып отырған.
-«Арқан тартыс» сайысы
Шарты: Ортаға топтар бөлініп,арқанның екі ұшыннан ұстап өз топтарына қарай тартады.
V. «Шеберлер» сайысы
Әлемде түрлі биік-биік мұнаралар бар. Сондай мұнаралардың бірі біздің астанамызда Бәйтерек мұнарасы орналасқан. Енді осы сайысымызда балалардың құрастырмалық блоктардан мұнара құрағанын байқайық.
Шарты: Тунел ішінен еңбектеп өтіп,себеттегі құрастырмақтарды пайдаланып, мұнара құрау.
VІ. «Жуан жұдырық»
Жазира мені бір сынадың, енді мен де сенің епті екеніңді естіп, сынағым келіп тұр.
Ол қалай?
Мына бокс қолғабымен конфетті ашып берші.
Жо жоқ Гүлдана оданда, мен саған сайыс біткен соң конфеттің түр-түрінен әкеліп берейін.
Жарайды, ендеше балалардың ептілігін сынайтын кез де келіп жетті.
Кедергі арасымен жүгіріп,шашылып жатқан шарларды шелекке салып жинау.
Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі отбасылық сайысымыздың қорытындысын, әділ-қазы алқалары қорытындылап шығарғанша, балаларымыздың спорттық көңілді биін тамашалайық.
Би: «Спорттық би » Степ платформамен би.
Сайысымызға жанкүйер болып келгендеріңіз үшін мың алғыс.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
.
Топ ата |
«Құрбақа» |
«Паровоз» |
«Кингрулер» |
«Шеберлер» |
«Жуан жұдырық» |
Қортынды
|
«Жалын » тобы
|
|
|
|
|
|
|
«Тұлпар» тобы
|
|
|
|
|
|
|
«Қыран» тобы
|
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген