жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Төлдер айтысы"

ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Төлдер айтысы»
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.Төрт түлік мал
төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына деген
қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Сана- сезімге түрткі
болатын,жетелейтін
бөлім
-Балалар бүгін біздің іс-әрекетіміз ерекше
болайын деп тұр.
-Балалар жайлауға саяхатқа барғыларың
келе ме?
-Ендеше саяхатқа барайық.Тез жету үшін
«Қошақаным»әнін айтып барасақ оған қалай
қарайсыңдар!
(Акт залынан қошақаным әні естіле
бастайды.)
-Балалар тыңдаңдаршы қандай әуен естіліп
тұр?
«Қошақаным» әні. Ендеше бәріміз
бірге өлеңді айтып барайық.
Ұйымдастыру-нәтиже
бөлімі
-Өлеңде не туралы айтылған?
Слайд (Үй жануарлары)
- Қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Неліктен үй жануарлары дейді?
- Олардың қандай пайдасы бар?
-Қайдан кездестіруге болады?
(Осы кезде есік ашылып бақташы келеді)
Бақташы ата: Амансыңдар ма, балалар,
ғафу етіңдер.
- Бұл қай жер екен?
- Қандай балабақша?
- Естілмейді қандай балабақша?
- Мен, боранда ығып кеткен төлдерімді
іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан
өтіп бара жатыр деп едім. Көрмедіңдер ме?
Тәрбиеші: Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз
табылады.
-Тәрбиеші: Балалар атаға тосын сый
әзірледі.Біз ол төлдердің өнерлерін
тамашалайық.
«Төлдер айтысы» атты көрінісіті келген
қонақтарымызға қойып берсек қалай
қарайсыңдар!
Қошақан жайлы.
Үй жануарлары.Түйе, жылқы,
сиыр,қой.
Адамдардың көмегімен өседі.
Сүті, еті, жүні пайдалы.
Ауылда
Сәлеметсіз бе!
- Балабақша.
-«Ақбота» балабақшасы.
-«Ақбота» балабақшасы.
«Төлдер айтысы.»
Бір күні төрт түлік малдың төлдері
жиналып қалады. - Иеміз
қайсымызды жақсы көреді деп
бірінен бірі сұрасыпты.
Қозы: Адина
Мен қошақан, қозымын
Момақанның өзімін
Жетеді оған төзімім
Шопан ата түбіміз
Ұмытпаймыз мұны біз

(Төлдер айтысқанда слайдтан
Түйе – ойсылқара
Жылқы – қамбар ата
Сиыр – зеңгі баба
Қой – шопан ата
Ешкі – шекшек ата суреттерін көрсетіп
айтады)
Жұрттың бәрі ұнатқан
Жұмсақ жібек жүніміз
Ием мені жақсы көреді. Адамға мен
пайдалымын. Аязға тоңбайтын
жылы тондар, жылы киімдер менің
жүнім мен терімнен жасалады.
Лақ: Дильназ
1.Мен лақпын, лақпын
Секеңдеген шұнақпын
Байыптымын естімін
Ием мені жақсы көреді. Менің
сүтім, етім, түбітім өте қажет.
Құлын: Алдияр
Мен құлыншақ құлыншақ
Әр бір жерге ұрыншақ
Желбіретіп тұлымшақ
Шапқылаймын күнұзақ
Өсіп тұлпар болайын
Бас бәйгені алайын.
Бота сен осы орынсыз мақтанасың.
Малдан ешқайсыңыз менен
аспайсың. Біз майданның да,
еңбектің де тұлпарымыз. Біздің
етіміз азық, қымызымыз ем.
Бота: Санжар
Ойсыл қара атаның
Ұрпағына жатамын
Ойнақтаймын баладай
Жалғыз қалсам дала – дай
Боздап дауыс қатамын
Жүре берем жүк артып
Су ішпей – ақ неше күн
Мал қадірлісі біз.Адам біздің тәтті
шұбатымызды, мамықтай жүнімізді
пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі
біз болғанбыз. Менің жүнімнен
неше түрлі киім жасалады.
Бұзау: Нұртілек
Мен бұзаумын, бұзаумын
Жиі өрістен ұзауым
Тілмен мұрынын жалаймын
Тазалықты қалаймын
Сиыр болам сүт берер
Балаларға күш берер
Сендер осы босқа мақтанасыңдар.
Адамға пайдасы мына менмін.
Шелек – шелек сүт, қарын – қарын
май, құрт ірімшік бәрі менен
алынады. Ием мені жақсы көреді.

Тәрбиеші: -Төлдер өздерін мақтап көп
таласады. Бірінің сөзіне бірі көнбей, ақыры
иесіне келіп сұрайды.
Бақташы ата: Менің төлдерім осы жақта
екен. Сендер босқа таласпаңдар бәріңде
пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз
орындарың бар.
-Төлдер: Сендер білесіңдер ме адамдар
балаларын еркелеткенде «ботам», «қозым»,
«қошақаным», «құлыным» деп айтады екен.
Ал мына балалар бізді енелеріміз қалай
еркелететінін білеме екен?
Тәрбиеші:-Балалар сендер білесіңдер ме?
-Жарайсыңдар балалар!
Сөздік жұмыс: (орыс тілінде атау)
-Ендеше балалар, осы үй жануарларының
атауын- үш тілді айтып көрейікші.
Ал енді балалар шаршадыңдар ма?
Ендеше дем алып алайық.
Психолог Толқын Ермековна жүргізеді.
Томирис:
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп
Ештеңені білмейтін «момыным» –
деп
Нұрдәулет:
Сиыр сүйеді баласын «Торпағым»
деп.
Қараңғыға баспаған «қорқағым»
деп.
Камилла:
Түйе сүйеді баласын «Тайлағым»
деп Жабу жапса жарасқан
«жайнағым» деп
Малика:
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп
Тастан тасқа секірген «шұнағым»
деп
Аршын:
Жылқы сүйеді баласын
«шұбарым» - деп
Жүгіруден тарасын «құмарым» деп.
Сиыр –корова-cow, жылқы –
лощадь-horse, түйе – верблюд-
camel, қой – баран-wether, ешкі –
коза-goat.
Егер үлкен туған ағаң болса, үш
рет шапалақта.
Кімнің көңіл – күйі жақсы,
көтеріңкі болса, «Керемет» деп
айқайласын.
Өтіп жатқан сабағымыз ұнаса,
«Алақай деп айқайласын.
Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас
ішсе ішін сипасын.
Балмұздақты жақсы көретіндер,
тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.
Иттерді жақсы көретіндер үрсін.
Мысықтарды жақсы көретіндер
«Мяу!» деп үш рет айтсын.
Шайға сүт және қант қосып
ішетіндер орындарында тұрып
айналсын.

- Біздің балалар жұмбақ шешкенді жақсы
көреді. Ендеше жұмбақтар шешіп
көрейік.
Шығармашылық жұмыс.
-Балалар суреттеріңе қарап топқа
бөлініңдер.Мен сендерге жұмбақ
жасырамын жауабын тауып 5-топқа бөлініп
тұрасыңдар.
1-топ:
Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ.
Мінсең қанат
Сүті дәрі, еті тамақ.
2-топ:
«Сөз ойла тез ойла»
«Ққ» дыбысы сөздің басында,ортасында,
аяғында кездесетін сөздер тауып айтыңдар.
3-топ:
«Сөз жұмбақ шешкізу»
4-топ:
Бір жылда неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
5 пен 7 санының ортасындағы қай сан?
10 асықтың 3-еуін досың сурап алды,
айтшы сонда нешеуі қолыңда қалды?
5-топ:
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
-Балалар жасаған жұмыстарыңды төлдерге
сыйлыққа беріңдер.
Тәрбиеші: Ата сіздің төлдеріңіз өнерлі
ақылды екен.Біз оны өтіп жатқан іс-
әрекетімізден байқадық.
-Бақташы ата:
Төлдер: Алақай балалар сендерге көп-көп
рахмет!
-Сендермен бізге өте көңілді болды.
-Ата біз «Болашақ»тобының балаларымен
достастық.
-Мына суреттерді енелерімізге көрсетеміз.
Бақташы ата: Балалар сау болыңдар!
Мен енді төлдерімді таптым.Рахмет
сендерге. Төлдерді енелеріне апарайын.Сау
Тәтті торт жегенді жақсы
көретіндер екі қолын бірдей
көтеріп, күлсін.
(Жылқы)
Қас,қасық,асқабақ.
(Сиыр)
Ай және гүл суреті Айгүл
Тас және бақа қосқанда тасбақа
Сегіз және аяқ қосқанда сегізаяқ
(Қой)
Жауаптары тыңдалады.
(Түйе)
(Ешкі)
Әр топқа заттар беріледі.
Төлдердің енелерін қажетсіз
заттармен жабыстырады.
Сау болыңыз!

болыңдар.
Рефлекстік нәтиже
бөлімі.
Ғажайып қаптың ішінен тағам және жүннен
тоқылған киім түрлерін алып, олардың қай
жануардың өнімінен жасалатынын айту.
Түрлі түсті шеңбер арқылы балалар
өздерін бағалайды.
Сұрақтарға жауаптарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білу
Орындай алу: Төлдер айтысын сахналап қояды, сөздер ойлап тауып жұмбақтар шешеді.
Істеу,істей білу: Топпен бірлікте татулықта жұмыс жасай білу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген