15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Төлеген Айбергенов
4 БӨЛІМ:
Пән: қазақ тілі мен әдебиеті |
Мұғалімнің аты-жөні: Искакова Б.Д. |
Күні: 9.11.18 |
|
Сынып: 8 «А» сынып |
Қатысқаны: Қатыспағаны: |
Бөлім: 4 |
Достық пен татулық-таптырмас бақыт» Т.Айбергенов « Бір тойым бар» |
Сабақ тақырыбы |
5-6-сабақтар. «Төлеген Айбергенов - лирик ақын» |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.5.1-тірексөздер,автордың көзқарасы мен қөңіл-күйі арқылы негізгі ойды анықтау; 8.2.5.1-пікірталасқа қатысушылардың берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу,қойылған сұрақтарға еркін жауап беруі. 8.4.1.1-мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап,пікір жазу |
Сабақтың мақсаттары |
А: пікірталаста өз пікірін сенімді дәлелдей алады; |
Б: автордың көзқарасы мен қөңіл-күйі арқылы негізгі ойды анықтайды. |
|
В: мәтіндердің түріне,оның тілдік ерекшеліктеріне талдау жасап, салыстырады. |
|
Бағалау критерийлері |
Ақын туралы ақпарат береді,өлеңдерін сипаттайды, пікірін дәлелдейді негізгі ойды анықтайды, мәтін талдайды. |
Тілдік мақсаттар: |
Пәнге тән лексика мен терминология: сәтсіздік,сыр,мәдениетті,игілікті,көпшіл,кілт.. Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер; ақын,сәтсіздікпен күрес,туған жер,көпшіл ақын; |
Бастапқы білім: |
«Қазақстан халқы ассамблеясы» туралы ақпарат береді, Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады. |
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру «Ыстық алақан»тренингі Оқушылармен сәлемдеседі,түгендейді,.Оқушылар бір-бірімен қол алысып,амандасады. Бір-біріне жақсы тілек айтады. Сабақтың мақсаты: Сабақ басталар алдында сабақтың мақсатын айтып таныстыру; сыныппен бірлесе атқаратынымды түсіндіру; Топқа бөлу: Сөздерді жинақтау арқылы сөйлем құрап шығару (мақал сөздер шығарады : Жақсының/ аты өлмейді,/ғалымның/ хаты өлмейді, «Туған жердей /жер болмас,/ туған елдей/ ел болмас, Көп жасаған/ білмейді, /көп көрген /біледі. Қызығушылық ояту. тақтаға ақынның портретін іледі,интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындалған слайдтарын көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды -«Ақын» деген кім? -Қазақтың қандай ақындарын білесің? -Орыс ақындарының туған жер туралы қандай өлеңін білесің? -Балалар,мына суретте кім бейнеленген? -Т.Айбергенов туралы не білесіңдер? Оқушылар слайдтарды көреді,сұрақтарға жауап береді.Ақынның сыртқы бейнесін сипаттайды/1,2 тапсырмалар/ |
Парақшалар,оқулықтар,смайликтер,интерактивті тақта,слайдтар, бейнебаян,ғалам- тор ресурстары,
Ақынның суреті |
|
Мәтіналды жұмыс: Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды,оқушыларға қайталатады,сөздік дәптерге жазып алады. «Салыстырмалы кесте» тәсілі бойынша /2-тапсырма орындайды.Оқушылар әртүрлі қайнар көздерді пайдаланып,туған жер тақырыбына арналған екі өлеңді жазып алады,салыстырады, өз ойларын кестеге түсіреді. Дескриптор: -жаңа сөздерді үйренеді; -сөздік жұмысын жүргізеді; -әртүрлі қайнаркөздерді пайдаланады; -өлең мәтінін пайдаланады Қалыптастырушы бағалау. «Интервью «әдісі бойынша топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Кері байланыс. |
Интерактивті тақтадан Өлеңдер ғаламтор ресурстары |
Сабақтың ортасы |
Мәтінмен жұмыс.Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқушылар мәтінді оқиды,тірек сөздерді анықтайды,негізгі ойды табады,мәтіндегі қою әріппен жазылған сөздердің мағынасын анықтайды,мазмұны бойынша жоспарды ретімен жазады, мазмұнын қысқаша баяндайды,/оқулықтағы мәтінге талдауға қатысты тапсырмалар/ Дескриптор: -мәтінді оқиды,түсінеді; -тірек сөздерді табады; -мәтіннен қажет ақпаратты алады -негізгі ойды табады; -жоспар құрады; Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы. Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті, сары – жартылай түсіндім). Кері байланыс
« 1. Көңілсіз, қызықсыз болды ?сұрақтарым бар
2. Көңілді,қызықты болды!Тақырыпты түсіндім 3. Сабақта берілген тапсырмаларды орындадым; жаңа мағұлматтар білдім Жазылымға арналған 9-тапсырманы орындатады.Оқушылар сабақта өткен оқу материалдарына,ақын шығармашылығы туралы өзге де ақпаратқа сүйеніп,Т.Айбергеновтің өлеңдеріне тән белгілерді диаграмма түрінде жазады. Дескриптор: -тақырыптан ауытқымайды; -сауатты сөйлейді - жаңа тақырыпқа қатыстыақпаратты толығымен пайдаланады Қалыптастырушы бағалау:Оқушылар бір-бірінің жұмысын түрлі түсті желімқағаздармен бағалайды. Кері байланыс:Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды? |
Түрлі- түсті дөңгелек қима қағаздар
|
Сабақтың соңы |
«Мәтінсоңы жұмыс. »ПОПС» немесе «4 сөйлем» формуласын пайдаланып, топтық жұмыс ұйымдастырады, сыныпты үш топқа бөледі,мәтінді оқиды. Оқушылар мәтінде аты аталған тұлғалар жөнінде білетіндерін айтады,пікір бөліседі/7-тапсырма/ Бірінші сөйлем: «Біздің ойымша,...» Екінші сөйлем: «Себебі...ескеру керек» Үшінші сөйлем: «Оны біз...сияқты фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты біз:».....» деген шешімге келдік». Ойсергек. Оқушыларға түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер, плакаттар таратады.»Туған жер» тақырыбында постер жасатады. Дескриптор: -постерді ережеге сай қорғайды; -регламент сақтайды; -өз пікірлерін сенімді дәлелдейді; --нақты дәлелдер келтіреді; Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар бір-бірінің жұмысын түрлі түсті желімқағаздар арқылы бағалайды Кері байланыс. «Аяқталмаған ой» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып ,жұпта туындаған жағдаяатты тізбектейді. Алдымен,біз «...» деп ойладық. Кейін мынадай мәселе пайда болды:... Мәселені шешу үшін....жасадық. Бұдан біз көрдік. Демек,бұл..екенін білдіреді. Сонымен, біз»..»деген қорытындыға келдік Рефлексия «БББ» Тақырып аясында парақтағы кестеге сөйлемдерін жазады. |
Микрофон |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген