400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Толеранттық - үйлесімді өзара қарым-қатынас негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көп көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Модуль

СТО, АКТ, Диологті оқыту

Сабақ: 6 – Б сынып

Мұғалімі: А.Қ.Шайтім

Сабақтың тақырыбы

«Толеранттық - үйлесімді өзара қарым-қатынас негізі»

Сабақтың мақсаттары

Толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан
Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық
және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ситуациялық тапсырмалар бере
отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын
кеңейту.

Табыс критерийлері

Сынып оқушыларының қарым-қатынастары өрбиді;

Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді.

Түйінді идеялар

а) Толеранттылық мәдениеті туралы біледі.
б) Қазақстанда тұратын өзге халықтардың салт- дәстүр
ерекшеліктерін таниды.
в) Діни, мәдени дәстүрлерге баға береді

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі

1 мин

Психологиялық дайындық.


Оқушылар сәлемдесіп, орындарына отырады.

«Жазбаша сұрақ»

12 мин

келесі сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1)      Толеранттылық дегеніміз не деп ойлайсыздар?

2)      Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер?

Оқушы жауабы.

1.Әр оқушы берілген тапсырма бойынша жауап береді.

2.Оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болады

«Танысу»

12 мин

Екі жұппен жұмыс. «Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыңдар.  Енді сіздерге 2 минут уақыт беріледі, осы уақытта басқаларға қарағанда өздеріңіздегі ерекше қасиеттеріңізді айтуларыңыз керек» Мысалы, хоббиіңіз, істей алатын нәрселеріңіз. Жұптарыңыздан ол туралы естіген соң, орындарыңнан тұрып, не білдіңіздер сол туралы айтасыздар.

Тезистер:

  1. Толеранттылық-жеке қасиет.

  2. Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.

  3. Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуге, оны түсіне білетін адам.

  4. Абсолютті толерантты әлде толерантсыз адам болмайды.


«Ситуациялық тапсырмалар» бойынша жұмыс 12 мин

1-ситуациялық жағдай.
Мен қалада тұрамын.Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім, есіктің қоңырауы соғылды.
Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс ) Пасха мейрамымен құттықтай келгендіктерін айтты.
Бұл мейрамдағы басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз тигізу еді.
Мысалы әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б.
Бұдан кейінгі менің әрекетім:
• Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде айтып шығарып салар едім.
• Ашуланып, үйден қуып шығар едім.
• Тәтті тағамдар ұсынып, мейрамдарымен құттықтар едім.
Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс-әрекетке барар едіңдер?
2-ситуациялық жағдай.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Қазақ халқында тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Сен Тибет еліне саяхатқа бардың.
Мұндай сәлемдесу рәсіміне қандай жауап қайтарар едің?

Оқушылар өз ойын саралайды.


Рефлексия

3 мин






«Толеранттылық ағашын» жасау. Оқушыларға А4 қағазын үйлестіріп өз ойларын бейнелеп ағашты безендіреміз.

Қорытынды. «Техастік құшақ».  Бәрі бір-біріне қыстырылып тұрады, қолдарын иықтарына қойып, алға оң аяқтарын созады, сосын жүргізушінің айтуымен ішке бір қадам жасайды.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
1640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі