жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Толқындармен теңізге саяхат" Ашық көрсетілім. Мектепалды даярлық тобы
Қалалық ашық оқу қызметі: білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдану.
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеумет».
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: «Қоршаған ортамен таныстыру», «Құрастыру», «Математика негіздері».
Тақырыбы: «Толқындармен теңізге саяхат».
Мақсаты: Балаларға теңіз туралы мағұлмат беру.Теңіздегі тіршілік иелері туралы айтып, ойлау қабілеттерін арттыру. Тапқырлыққа ,зейінділікке баулу. Барлық саланы қамти отырып, алған білімдерін тиянақтап бекіту.
Көрнекілігі: кеме, тақта, пазл, құм, интерактивті тақтамен жұмыс, қармақ пен балықтар.
(Балалармен амандасу. Шаттық шеңбері.)
Мотивациялық-қозғаушылық.
Тәрбиеші: балалар сендер білесіңдерме? Бүгін маған кім хабарласқанын білесіңдерме? Әрине бұл тосын сый сендерді «Балауса» тобының балалары өте ақылды екен деп, кішкентай ғана жылы аралға «теңіз патшайымы» қонаққа шақырды.
-Арал құрлығының не екенін білесіңдерме? (кішкентай ғана жан-жағы сумен қоршалған құрлық).
- ол жерде қандай тіршілік иелері бар? (балық, тасбақа, кит, дельфин т.б.)
- Арал құрлығына жету үшін қандай көлікпен барамыз?
Суретпен жұмыс:
- Поездбен барамыз ба? (балалардың жауабы: жоқ ол жерде жүреді)
- Ұшақпен барамызба? (балалардың жауабы: жоқ ол әуеде ұшады).
- Кемемен барамызба? (иә, өйткені ол суда жүзеді).
Жарайсыңдар! (кеменің суреті және дауысы шығады) балалар кемемізде келіп қалды, кәнекей орнымызға отырып, көзімізді жұмып саяхатымызды бастайық!
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
-Балалар қараңдаршы? Бұл не? (Балалардың жауабы:Кит).
Балалар кит өкпедегі ауаны шығару үшін, су шашатынын білесіңдерма? Киттің сендерге арналған тапсырмасы бар екен? Соны орындамасақ ол суын біздің кемемізге шашып жібермекші. Балалар киттің тапсырмасын орындаймызба? (иә).
Кеңістікті бағдарлау. (Бір бала интерактивті тақтада берілген пішіндерді: үшбұрыш-оң жаққа, дөңгелек-ортасына, төртбұрыш-сол жаққа кеңістікке орналастыру. Қалған балалар бірге жеке өз орындарында отырып тақтамен жұмыс жасау).
Балалар жарайсыңдар! Сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
-Балалар қараңдаршы? Бұл не? (Балалардың жауабы: Балық). Балалар балық өзінің достарын таба алмай жүр екен. Сендер оған көмектесесіңдерме? (Балалардың жауабы: иә). Олай болса алдарыңдағы пазлдарды құрастырайық.
(Балалар құрастырып болғансоң, балықтың достарын атап береді: су шаяны, теңіз жылқысы, теңіз жұлдызы, тасбақа, сегізаяқ).
Жарайсыңдар балалар сендер бұл тапсырманыда өте жақсы орындадыңдар.
Балалар көңілді су шаяны сендердің көңілдеріңді көтергісі келіп жатыр екен. Олай болса кәнекей су шаянымен бірге бір сергіп алайық!
Сергіту сәті.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар! орнымызға отырып әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
-Балалар қараңдаршы? Бұл не? (Балалардың жауабы: Дельфин).
-Дұрыс айтасыңдар бұл Дельфин. Балалар Дельфиннің көңіл-күйі жоқ екен, өйткені оның баласын теңіздегі тастар басып қалыпты, оны құтару үшін сол тастардың санын білу керек екен. Балалар сендер көмектесесіңдерме? (Балалардың жауабы: иә. Балалар1-10ға дейін санайды).
Балалар қараңдаршы Дельфин баласымен табысып, сендерге ризашылығын білдіріп жатыр. (Тақтада баласымен табысқан дельфиннің көрінісін көреді).
Тосын сәт
-Балалар бұл ненің дауысы болды екен? (осы кезде теңіз патшайымы кіреді).
- Сәлеметсіңдерме балалар? (балалар амандасады). Менің патшалығымдағы арал құрлығына қош келдіңдер! Мен сендерді бақылап көрдім, сендер өте ақылды екенсіңдер. Менің сендерге әзірлеген сыйым бар, мінекей теңіз моншақтары. (Балалар ризашылығын білдіреді). Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Менің пашалығыма тағыда саяхатқа келіңдер, қош сау болыңдар! (Балалар қоштасады).
Тәрбиеші: балалар біздіңде балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды. Олай болса кәнекей көзімізді жұмып кемемізбен қайтайық. (Кеменің дауысы шығады).
Мінекей енді көзімізді ашайық. Қараңдаршы балалар бақшамызғада келдік.
(Балалардың алдарында арнайы ыдыстарға салынған құмдар және тастар тұрады).
-Балалар біз қайда саяхаттадық? (Балалардың жауабы:теңіздегі кішкентай ғана арал құрлығына ).
-Олай болса теңіздің бейнесін салайықшы.(Балалар теңіздің бейнесін салады).
-Саяхатымызда сендерге не ұнады? (Балалардың жауабы: киттің дауысы, балықтың достарын табу, теңіздегі тастар, құм, теңіз патшайымының сыйлығы т.б).
Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды балаларсыңдар. Меніңде сендерге сыйлығым бар. (Көңілді смайликтер береді).
Мен Агинбаева Айгуль Серикбаевна Алматы қаласы Білім Басқармасының №144 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісімін.
Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі мектепалды даярлық тобында «Толқынды теңізбен аралға саяхат» тақырыбында өтті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдана отырып, балаларға теңіз туралы мағұлмат беру. Теңіздегі тіршілік иелері туралы айтып, ойлау қабілеттерін арттыру.
"Таным" білім беру саласы бойынша балалардың санау дағдыларын, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті бағдарлауды; бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары жөнінде білімдерін кеңейту, креативтік ойлауды дамыту интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы қамтылды.
"Әлеумет" білім беру саласы бойынша эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты қалыптастыру, балалардың мейірімді болуы теңіздегі тіршілік иелеріне қамқорлық жасау және көмектесу, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қызығушылыққа тәрбиелеуге бағытталды.
"Шығармашылық" білім беру саласы бойынша құм терапиясын қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қиялын, байқағыштығын және қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білуін, өз ойларын, сезімдерін көркем түрде бере білу біліктері қалыптастырылды.
Балалар оқу қызметі барысында тапқырлыққа ,зейінділікке баулыды, алған білімдерін тиянақтап бекітті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген