15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Толық тізбек үшін Ом заңы.
10а класс . Физика.
Сабақтың тақырыбы: Толық тізбек үшін Ом заңы.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға толық тізбек үшін Ом заңы туралы түсінік беру және формуласын
қорыту.Есеп шығару арқылы білімдерін бекіту
Дамытушылық : Жүйелі ойлау, есте сақтау қабілетін дамыта отырып,қызығушылығын
арттыру,ой өрісін кеңейту
Тәрбиелік : Оқушыларды жауапкершілікке, нақтылыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі : Слайд,интерактивтік тақта, ток көзі,вольтметрлер,резистор, амперметр, Георг Ом портреті,карточкалар.
Әдіс - тәсілдері : баяндау, тәжірибе жасау,тесттік есептер шығару, ақпараттық технологияны
пайдалану.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушыларды түгендеу , амандасу, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Теориялық сұрақтар.
2.Қатесін тап.
3.Сұлбамен берілген есептер.
Теориялық сұрақтар
І топ: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымда.
ІІ топ: Өткізгіштерді тізбектей жалғау дегеніміз не?
ІІІ топ : Өткізгіштерді параллель жалғау дегеніміз не?
Қатесін тап ?
І
топ : I
=
; R = ρ
А =
qI
ІІ
топ :U=IF;
R= R1+
U2
; R=
ІІІ
топ:
U=
;
=
; q=
Сұлбамен берілген есептер.
Ой қозғау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Мағынаны тану
ℇ ЭҚК-і
және кедергісі r ток көзінен , кедергісі
R болатын тұтынушыдан, К кілттен тұратын
тұйық тізбекті қарастырайық.К кілттің
көмегімен тізбекті тұйықтағанда , оның
бойынан ток күші I болатын ток өтеді.Ток
көзінде Аб
= qℇ бөгде күштердің жұмысы есебінен
электр өрісі пайда болады.Бұл өріс
сыртқы тізбекте де (тұтынушы)А1
= UR
q,
ішкі тізбекте де (ток көзінің ішінде)
А2
= Ur
q
зарядтың орын ауыстыруы бойынша жұмыс
атқарады.Энергияның сақталу заңына
сәйкес Аб
= А1
+ А2
немесе qℇ = UR
q
+ Ur
q,
яғни ℇ= UR
+
Ur
- ЭҚК-і тізбектің сыртқы және ішкі
бөлігіндегі кернеу түсуінің қосындысына
тең.
UR
= IR және Ur
= Ir болғандықтан ℇ= IR
+
Ir
= I (R+r) , ℇ=
I (R+r)
; I=
-
бұл қатынас толық(тұйық) тізбек үшін Ом
заңының математикалық өрнегі.Тұйық
тізбек
үшін Ом
заңы
тібектегі ток күші, ЭҚК және тізбектің
R+r толық кедергісін байланыстырады.Ал
заң былай тұжырымдалады: тұйық тізбектегі
ток күші ток көзінің ЭҚК-нің шамасына
тура пропорционал және тізбектің сыртқы
және ішкі кедергілерінің қосындысымен
анықталатын толық кедергісіне кері
пропорционал. R=
:
r =
=
:
Толық
тізбек үшін Ом заңының екі шекті жағдайын
қарастырайық.1.Сыртқы тізбектің R
кедергісі ток көзінің кедергісінен көп
үлкен болсын, яғни R >> r , сонда I
=
немесе ℇ=
IR,
яғни ℇ=U. Бұдан сыртқы тізбектегі кернеу
шамамен ток көзінің ЭҚК - іне тең екенін
көреміз.
2.Сыртқы
тізбектің кедергісінөлге тең R= 0 болсын.
Сонда I=
; I =
- бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп
аталады.Қысқа
тұйықталу кезінде тізбектегі ток күші
ең үлкен мәнге жетеді.Тізбектегі ток
күші ток көзінің ішкі кедергісімен
анықталады және егер r аз болса (мысалы
аккумулятордікі r ≈ 0,1 - 0,001 Ом) ЭҚК -і
бірнеше вольт болғанда , ток күші үлкен
болады.Мұндай жағдайда өткізгіш сымдар
балқып кетеді, ал ток көзінің өзі істен
шығады.
Есептер шығару
(ҰБТ-та кездесетін есептер)
І топ: Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші 1,5В, ал ішкі кедергісі 0,8 Ом .Оның сыртқы кедергісі 5,2 Ом болғанда тізбектен қандай ток алынады?
ІІ
топ : Электр қозғаушы күші
, сыртқы кедергісі R= 5 Ом , ток күші I=0,2А
болатын элементтің ішкі кедергісі
қандай ?
ІІІ топ: ЭҚК -і 12В және ішкі кедергісі r = 0,01 Ом аккумуляторды қысқаша тұйықтағандағы ток күші неге тең болады?
Кітаппен жұмыс
19-жаттығу .
І топ: Егер ішкі кедергісі 0,25 Ом электр энергиясы көзін ұзындығы 5м және қимасы 0,2мм2 темір өткізгішпен тұйықтағанда , тізбекте 0,5А ток пайда болса, онда электр энергиясы көзінің ЭҚК-ін анықтаңдар.
ІІ топ : ЭҚК-і 24В болатын ток көзінің қысқыштарына вольтметрді жалғағанда , ол 18В кернеуді көрсетеді.Егер сыртқы тізбектің кедергісі 9 Ом болса, тізбектегі токтың шамасын және энергия көзінің кедергісін табыңдар.
ІІІ топ : Гальваникалық элементтің қысқыштарына жалғанған вольтметр 0,4А ток көзінде 1,2В және 0,8А ток көзінде 1В кернеуді көрсетеді.ЭҚК -і , элементтің ішкі кедергісін және одан алуға болатын ең үлкен токты есептеңдер.
І топ: ЭҚК-і 4,5В және ішкі кедергісі r = 01,5 Ом болатын ток көзіне тізбектей қосылған. R1= R2 = 10 Ом, R3 = 2,5 Ом болса, тізбектің таратылмаған бөлігіндегі ток күші қандай ?
ІІ топ : ЭҚК-і 6В ток көзіне кедергісі R1= 4Ом өткізгіш қосылған,осының нәтижесінде амперметр 1А ток күшін көрсетеді. Егер R өткізгішті кедергісі 2 Ом болатын басқа өткізгішпен алмастырса , ток күші қандай болады.
ІІІ топ: Тізбек ЭҚК-і 7,5В және ішкі кедергісі 0,3Ом ток көзіне және өзара паралель қосылған R1= 3Ом және R2 = 2Ом кедергілерден тұрады.Екінші өткізгіштегі ток күшін табу керек.
ІV. Сабақты бекіту сұрақтары:
Нәрсе биіктігі мен кескін биіктігі қандай жағдайда тең болады ?
Нәрсені қандай қашықтыққа қойғанда кішірейтілген кескін алынады ?
Қандай жағдайда экрандағы кескін жоғалады ?
𝖽 , f - шамаларын түсіндір.
V. Үйге тапсырма: §9,5. 19- жаттығу.№ 4.5.
VІ. Бағалау.
1
.
2
.
3.
Линза түрлері:Қос дөңес, жазық дөңес, ойыс дөңес, қос ойыс, жазық ойыс, дөңес ойыс.
Линзаны сипаттайтын негізгі ұғымдар :1) линзаның бас оптикалық осі 2) линзаның оптикалық центрі 3) линзаның бас фокусы 4) линза фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокальдық жазықтық.
Тұрмыста
жұқа линзалар қолданылады.Ыңғайлы болу
үшін жинағыш линзаны«↕» белгісімен ал
шашыратқыш жұқа линзаны «│»белгісімен
белгілеу енгізілген.Жұқа
линзаның формуласы :
=
;
Жинағыш
линза нақты кескін берсе , 𝖽
,
f >0, F>0 болса, жұқа линзаның формуласы:
=
;
Жинағыш
линза жорамал кескін берсе
,
𝖽
,
f <0, F>0 болса, жұқа линзаның формуласы
:
=
;
Шашыратқыш
линза
әруақытта
жорамал кескін береді, яғни 𝖽
,
f >0, F< 0, жұқа линзаның формуласы :
=
;
Линзаның негізгі сипаттамаларына оның фокустық қашықтығы мен фокустық қашықтығына кері шама - линзаның оптикалық күші жатады.
F- фокустық қашықтық , бірлігі - м. D- оптикалық күш , бірлігі - диоптрия( қысқаша дптр)
D=1/F ; F=1/D;
Линзаларда кескіндерді тұрғызу. Линзалардағы кескіндерді тұрғызу үшін негізгі үш сәулені пайдаланады.
Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.
Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды.
Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді.Жинағыш линза нәрсенің нақты кескінін де, жорамал кескінінде беруі мүмкін. Сынған сәулелердің қиылысуы нақты кескінді, ал сәулелердің созындыларының қиылысуы жорамал кескінді береді.Линза нәрсенің үлкейген немесе кішірейген кескінін береді.Линзаның сызықтық ұлғайтуы деп кескіннің сызықтық шамасының нәрсенің сызықтық шамасына қатынасын айтады. Г=
Линзада кескін алу.
І топ: Нәрсені линзадан 𝖽=2F қашықтыққа орналастыр ( жеке жұмыс )
ІІ топ:Нәрсені линзадан 2F >𝖽 >F қашықтыққа орналастыр ( жұптық жұмыс)
ІІІ топ:Нәрсені линзадан 3F >𝖽 >2Fқашықтықта орналастыр ( топтық жұмыс)
Есептер шығару
(ҰБТ-та кездесетін есептер)
І топ: Линзадан 15см қашықтықтағы нәрсенің шын кескіні линзадан 30см қашықтықта болса, дөңес линзаның оптикалық күші мен фокустық арақашықтығын табыңдар.Линзаның үлкейтуін анықтаңдар.
ІІ топ:Линзаның фокус аралығы 20см. Денеден линзаға дейінгі қашықтық 40см.Кескін қайда болады?
ІІІ топ: Жинағыш линзаның көмегімен жарқырайтын нүктенің кескіні алынған.Егер 𝖽=0,5м , f=1м болса, линзаның фокус аралығы қандай болады ?
Кітаппен жұмыс
24 - жаттығу. 187 бет.
№24.10
Нәрсені жинағыш линзаның алдына одан 20см жерге бас оптикалық осьтің бойына қойғанда оның шын кескіні 4F қашықтықта алынады(F - линзаның фокус аралығы). Линзаның оптикалық күшін табыңдар.
№24.11
Нәрсені жинағыш линзаның алдына одан 1,5F қашықтықта бас оптикалық осьтің бойына қойғанда линзадан 21см қашықтықта кескін алынады.Линзаның фокус аралығын табыңдар.
№24.13.
Жинағыш линзадан 125см жерде оның бас оптикалық осіне перпендикуляр орналасқан нәрсе экранда биіктігі 25мм кескін береді.Линзаның фокус аралығы 0,25м болса, дененің биіктігі қандай?
ІV. Сабақты бекіту сұрақтары:
Нәрсе биіктігі мен кескін биіктігі қандай жағдайда тең болады ?
Қлкейтілген кескінді қай кезде ала аламыз?
Нәрсені қандай қашықтыққа қойғанда кішірейтілген кескін алынады ?
Қандай жағдайда экрандағы кескін жоғалады ?
𝖽 , f - шамаларын түсіндір.
V. Үйге тапсырма: §4.11. 24- жаттығу.№ 24.12. 24.14.
VІ. Бағалау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген