Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Томас Килман сауалнамасы, Стресті анықтау тесті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1.
Қақтығыс
жағдайдан шағып кете аласыз
ба?
Томас
Килман
сауалнамасы
Мақсаты:
мінез-құлық ерекшеліктерін, дау-дамайдағы қақтығысқа жақындығын
анықтау.
Әдістемеге
түсініктеме.
Орын алған
дау-дамайдан шығып, келісімге келу жолын басқаларға көрсетіп беру
үшін, зерттелінушінің келіспеушілік орын алған қандай мінез-құлқ
көрсететін анықтау керек. К.Томастың айтуы бойынша келіспеушілікке
алып келетін шатақ мінезді екі типке топтастыруға
болады:
-
басқа адамдардың, қызығушылықтарына, тіршілігіне зиянкестікпен ерекше көңіл аударуы; -
өз қызығушылығын қорғаудағы ерекше қайсарлығы.
Осы екі себепке
байланысты қақтығыс келіспеушілікке алып келген мәселені шешудің
келесі жолдарын көрсеткен:
А) бәсекелесу,
жарысу барысында басқаны жеңу арқылы өзінің мәртебесін көтеріп,
өзгенің намысына тиу, ең жиі пайдаланылатын және ең тиімсіз
жолы;
Б) икемделу,
бәсекелесуге қарама-қарсы келетін әрекет, өзгенің пайдасын ойлап өз
қызығушылығын құрбандыққа
келтіру;
В) ымыраға,
компромисске келу, дау-дамайдың себепкерлері бір-бірімен келісімге
келуі;
Г) жалтару (
бойды аулақ салу, қашып кету) басқаның тіршілігіне де, өзінің
мақсатына да ынталануы
төмендігі;
Д)
ынтымақтастық, екі жақты да қанағаттандыратын альтернативаға
келуі.
К.Томастың
айтуынша «а» және «б» вариант бойынша, бәсекелестік пен
икемделуарқылы келісімге келгенде дауласқандардың біреу ұтса,
екіншісі ұтылады, немесе компромисске келу арқылы екеуі де ұтылады.
Сондықтан тек қана ынтымақтастық дау-дамайды шешудің ең тиімді жолы
болып табылады.
Сауалнамада 60
тұжырымдама бар. Олардың тізімі зерттелінушіге орындау ережесі
түсіндіріліп беріледі.
Орындау
ережесі. Сауалнаманың әр бабы «А» және «Б» әріптерімен белгіленген
екі варианттағы тұжырымдамадан тұрады.. Оның қайсысы сіздің
мінезіңізге жақын болса, сол вариантты
белгілеңіз.
Сауалнама.
1. А. Кейде
тартыс-талас мәселені шешу үшін басқаларға жауапкершілікті мойнына
алуға мүмкіншілік беремін.
Б. Біздің
көзқарасымыздағы қарама-қайшылықтарды талқылаудың орнына,
екеуміздің де келісетін нәрселерге көңіл аударғым
келеді.
2. А. Мен
компромисстік шешім қабылдауға
тырысамын.
Б. Мен мәселені
өзімнің де басқаның да көңілін табатындай етіп шешкім
келеді.
3. А. Әдетте
мен өз айтқанымды қатаң орындауға
тырысамын.
Б. Өзгелердің
қызығушылығын қарғау үшін қейде өз қызығушылығымды жанпида
етемін.
4. А .Мен
компромисстік шешім қабылдауға
тырысамын.
Б. Басқалардың
сезімін аяққа таптамауға
тырысамын.
5. А.
Тарты-талас сұрақтарды шешу үстінде біреудің қолдауын
іздеймін.
Б. Бостан-босқа
шиеленістік болмауы үшін қолымнан бар келгенің
істеймін.
6. А. Өзіме
қолайсыздық әкелетін жағдайлардан аулақ жүруге
тырысамын.
Б. Мен өз
айтқанымды орындауға
тырысамын.
7. А.
Тартыс-талас тудырған сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын,
өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана дәл шешуге
болатынына сенемін.
Б. Мақсатқа
жету үшін кейбір жағдайларда кішіпейілділік танытуға болады деп
есептеймін.
8. А. Өз
дегеніме жетуге әбден
тырысамын.
Б. Бірінші
кезеңде барлық қаралған мәселелер мен тартыс-талас тудырған
сұрақтардың негізін анықтап алуға
тырысамын.
9. А.
Қарама-қайшылықтарға бола қатты толғануға болмайды деп
ойлаймын.
Б. Өз дегеніме
жету үшін бар күш-жігерімді
жұмсаймын.
10. А. Өз
дегеніме жетуге тырысамын.
Б. Мен
компромистік шешім қабылдауға
тырысамын.
11. А. Ең
бірінші қандай өзекті мәселе тартыс-талас тудырғанын анықтап алу
керек деп есептеймін.
Б. Екеуміздің
арамыздағы сыйластықты сақтау үшін оны сабырлылыққа
шақырамын.
12. А.
Ұрыс-қағыс шығатын жағдайдан аулақ жүру ұстанымын
сақтаймын.
Б. Егер маған
қарсылық білдірмесе мен де оған өз пікірінде қалуға мүмкіндік
беремін.
13. А. Мен
ортақ ұстанымды сақтауға
шақырамын.
Б. Өз
дегенімдей болуды қатаң талап етемін
.
14. А. Өз
пікірімді басқа біреуге жеткіземін және оның пікірін
сұраймын.
Б. Өз
пікірімнің логикасы мен артықшылығын басқа біреуге көрсеткім
келеді.
15. А. Біздің
сыйластық қатынасымызды сақтау үшін оны келісімге
шақырамын.
Б. Ауыртпалық
болмауы үшін бар жағдайды жасауға
тырысамын.
16. А. Басқа
біреудің сезімін аяққа таптамауға
тырысамын.
Б. Өз
ұстанымымның артық екендігіне басқадың көзін жеткізуге
тырысамын.
17. А. Өз
айтқанымды қатаң орындауға
тырысамын.
Б. Қолайсыз
жағдайдан аулақ болу үшін бар күшімді
жұмсаймын.
18. А. Егер
біреу бақытты болатындай жағдай болса, мен оған мүмкіндік
беремін.
Б. Егер ол
маған қарсы болмаса, мен оған өз пікірін ұстануға мүмкіндік
беремін.
19. А.
Біріншіден барлық қаралған мәселелер мен тартыс-талас сұрақтардың
негізін қызығушылықпен
анықтаймын.
Б. Тартыс-талас
сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді
уақыт өткеннен соң ғана шешуге болатынына
сенемін.
20. А.
Қарама-қашы ойларды тез арада жеңіп шығуға
тырысамын.
Б. Екеумізге де
тиімды болатын үйлесімділікті табуға
тырысамын.
21. А. Әңгіме
барысында өзгелерге мұқият болуға
тырысамын.
Б. Мен
әрқашанда мәселені тікелей талқылауға бас
бұрамын.
22. А. Менімен
басқалардың ұстанымдарына ортақ болатын ұстанымды табуға
тырысамын.
Б. Өз
ұстанымымды қорғаймын.
23. А. Әр
адамның тілегін қанағаттандыруды мақсат
етемін.
Б. Кейде
тартыс-талас сұрақтарды шешуге жауапкершілікті өзге адамның өз
мойнына алуға мүмкіндік
беремін.
24. А. өзгенің
ұстанымы ол үшін өте маңызды болған жағдайда мен оған қол
созамын.
Б. Оны
компромиске бару керек екеніне көзін жеткізуге
тырысамын.
25. А. Менікі
дұрыс екеніне нандырамын.
Б. Әңгіме
барысында біреудің дәлелдеріне зер
саламын.
26. А. Мен
әдетте орта позицияны
ұсынамын.
Б.
Әрқайсысымыздың қызығушылығымызды қанағаттандыруға әрқашан
талпынамын.
27. А.
Тартыс-талас жағдайларды болдырмауға
тырысамын.
Б. Егер осы
жағдай біреуді бақытты ететін болса, мен оған өзінің ұстанымын
сақтауға мүмкіндік беремін.
28. А. Өз
айтқанымнан қайтпауға
тырысамын.
Б. Шиеленіс
мәселерді шешуде біреудің қолдағанын
қалаймын.
29. А. Мен
ортақ ұстанымды ұсынамын.
Б. Дау-дамайға
бола толғанудың қажеті жоқ деп
ойлаймын.
30. А. Басқа
біреудің сезімін аяққа таптамауға
тырысамын.
Б.
Келіспеушілікті шешкенде екеуміз бірлесіп жетістікке жететіндей
ұстанымда боламын.
Бағалау
шкаласы
Келіспеушілік
жағдайдағы мінез-құлық көрсетудің келесі бес түрі орын алады:
«бәсекелес», «ынтымақтас», «ымырашыл», «жалтарғыш», «бейімделгіш».
Осылардың қайсысы (қандай дәрежеде) Сізге тән екендігін анықтау
үшін жауаптарыңыздың төменде берілген кілтке сәйкес келгенін бір
балл деп бағалап шығыңыз.
«Бәсекелес»: 3
«А», 6 «Б», 8 «А», 9 «Б», 10 «А», 13 «Б», 14, 16 «Б», 17 «А», 22
«Б», 25, 28 «А».
«Ынтымақтас»: 2
«Б», 5 «А», 8 «Б», 11 «А», 14 «А», 19 «А», 20 «А», 21 «Б», 23 «А»,
26 «Б», 28 «Б», 30 «Б».
«Ымыралышыл»: 2
«А», 4 «А», 7 «Б», 10 «Б», 12 «Б», 13 «А», 18 «Б», 20 «Б», 22 «А»,
24 «Б», 26 «А», 29 «А».
«Жалтарғыш»: 1
«А», 5 «Б», 6 «А», 7 «А», 9 «А», 12 «А», 15 «Б», 17 «Б», 19 «Б», 23
«Б», 27 «А», 29 «Б».
«Бейімделу»: 1
«Б», 3 «Б», 4 «Б», 11 «Б», 15 «А», 16 «А», 18 «А», 21 «А», 24 «А»,
25 «Б», 27 «Б», 30 «А».
Нәтижесін
талдау.
Дау-дамайдағы
мінез-құлықтың 5 түрінің көрсеткіштері 0 мен 12 баллдың аралығында
ауытқып тұрады. Дау-дамай кезінде осы аталған 5 түрінің
элементтерін бір-бірімен ұштастырып пайдаланған стратегия тиімді
болады. Олардың әрқайсысы 5-тен 7 баллға дейінгі аралықта болғаны
қарым-қатынаста сыйысымдылық, тіл табысқыштық білдіруге негіз бола
алады.
Егер
мінез-құлықтың бір түрі бойынша жинаған баллдарыңыз 5-тен төмен, ал
басқалары 7 баллдан жоғары болса (барлық баллдың қосындысы 30-ға
тең) - сіздің көрсететін мінез-құлқыңыз тиімділіктен
алыс.
Өз
мінез-құлқыңыздың тиімділігін арттыру үшін барлық бес тактиканың
көрсеткіштері 5-7 аралығындағы ұпайларды жинағаны дұрыс, яғни
жоғары ұпайдағы мінез-құлықты азырақ қолданып, төмен ұпай
жинайтындарын көбірек қолданған дұрыс
болады.
Дау-дамай
мәселесін зерттеуші мамандар осы 5 тактиканы: бәсекелестік, тіл
табысушылық, ынтымақтастық, жалтарушылық және жол берушілікті
шеберлікпен қолдана білу шытырман жағдайды болдырмаудың негізгі
шарты деп есептейді.
2.
«Стресс тесті»
Мақсаты: оқушының
стреске берілгіштігін айқындау және
талдау.
Уақыты: 15
минут.
Нұсқау: Пікірлерді
оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша
белгілеуіңіз қажет.
-
ешқашан (1 балл) -
кейде (2 балл) -
жиі (3 балл) -
әрқашанда (4 балл)
-
Мені болар-болмас мәселелер кейде ашуландырады. -
Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады. -
Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда, мен қызарамын. -
Мен өкпелесем онда біреуді ренжітуім мүмкін. -
Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін. -
Егер мені көлікте итерсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін. -
Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын. -
Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін немесе кешігемін. -
Тыңдай білмеймін, килігіп кетемін. -
Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын. -
Еш себепсіз жиі қамығамын. -
Таңертең өзімді нашар сезінемін. -
Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын ойымды басқаға аудара алмаймын. -
Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезінбеймін. -
Меніңше жүрегімде бір кінәрәт бар. -
Менің арқам және мойыным ауырады. -
Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып, аяғымды қимылдатамын. -
Өзгелердің мойындамағанын армандаймын, менің жасағанымды мақтауын қалаймын. -
Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын. -
Мен диета сақтаймын.
Бағалау
шкаласы:
30 балл және
төмен. Сіз туындаған
мәселелерді шешіп, тыныш әрі ақылмен өмір сүресіз. Сізде жалған
атаққұмарлық та, шектен тыс қарапайымдылық та жоқ. Бұл адамдар
бәріне жақсы жағынан ғана қарап, кемшілігін
ескермейді.
31-45
балл. Сіздің өміріңіз
іс-әрекет пен арпалысқа толы, стресс жағымды және жағымсыз түрде
әсерін тигізіді. Сіз өміріңізді өзгертпейсіз, дегенмен де өзіңізге
де уақыт бөліңіз.
46-60
балл. Сіздің өміріңіз
күрес. Сіз атақты болуды ұнатасыз және карьераны армандайсыз. Сізге
басқаның пікірі маңызды, сондықтан да үнемі стресте жүресіз. Егер
дәл осындай қарқынмен жүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз,
дегенмен де бұл сізге қуаныш әкеле ме? Артық сөз бәсекесі қажет
емес, ұсақ-түйекке ашуланбаңыз. Әрқашан жоғары нәтижеге әкетуге
тырысыңыз. Уақыт-уақытымен толық тынығуға уақыт
бөліңіз.
61 балл және
одан артық. Сіз бірде газды
бірде тежегішті басатын машина жүргізушісі сияқты өмірсүресіз. Өмір
салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің стресс жағдайыңыз, денсаулығыңыз және
болашағыңызға қауіп
келтіреді.