Материалдар / Топ аралық ән байқауы: «Асқақта, айбынды елдің Астанасы!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Топ аралық ән байқауы: «Асқақта, айбынды елдің Астанасы!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды әнді сезіну арқылы Отанын, Атамекенін аялауға, сүйе білуге тәрбиелеу. Туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Ел астанасы – Астана қаласы жөнінде кеңінен мағлұмат беру. Мерекелік көңіл күй сыйлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
553
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала бақшасы



Shape1











(әндер байқауы)

Picture 1



Дайындаған: Г. М. Смағұлова

Музыка жетекшісі





2017-2018 оқу жылы

Мақсаты: Балаларды әнді сезіну арқылы Отанын, Атамекенін аялауға, сүйе білуге тәрбиелеу. Туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Ел астанасы – Астана қаласы жөнінде кеңінен мағлұмат беру. Мерекелік көңіл күй сыйлау.

Сахна Қ. Айтбаевтың «Астана вальсі» әнімен ашылады.

Орындайтын: Гүлдана Мирланқызы

Бимен көркемдейтін «Күншуақ» ересек тобының бүлдіршін бишілері.


Жүргізуші: Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,

Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.

Астана – Азияның жас қаласы,

Ажарын көрген адам қызығардай.

Аңсатқан шырын, шарбат бал-уызы,

Тамсантқан таңғажайып дәру жүзі.

Бой жазған Сарыарқаның самалында,

Астана – Азияның ару қызы.

Армысыздар, құрметті әріптестер, бүлдіршіндер! Ел астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай балабақшамыздың жоғарғы топтар арасында ұйымдастырылып отырған «Асқақта, айбынды елдің Астанасы!» атты ән байқауына қош келдіңіздер!

Көз ашып әнменен, көсілем әнменен,

Ғашықпын ес-түссіз, ғашықпын әнге мен, -

деп, бүгінгі байқауға қатысқалы тұрған өнерге ғашық бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз!

Соло-конкурсанттар номинациясы бойынша:

  1. Болат Әмина – «Күншуақ» ересек тобының тәрбиеленушісі

  2. Серік Айдана - «Күншуақ» ересек тобының тәрбиеленушісі

  3. Әзидолла Кәусар – «Күншуақ» ересек тобының тәрбиеленушісі

  4. Мүрсін Айсезім – «Ақ көгершін» ортаңғы «А» тобының тәрбиеленушісі

  5. Жолдас Ернұр – «Ақ көгершін» ортаңғы «А» тобының тәрбиеленушісі

  6. Ақылбек Айару – «Еркем-ай» ортаңғы «Ә» тобының тәрбиеленушісі

  7. Қоныс Нұрасыл – «Еркем-ай» ортаңғы «Ә» тобының тәрбиеленушісі

«Ағайындылар» дуэті номинациясы бойынша:

  1. Ағайынды Ертай, Раяна Төлеубаевтар дуэті

  2. Ағайынды Айзере, Айзада Бағдатовалар дуэті

  3. Ағайынды Айым, Айша Сембаевалар дуэті


Енді кезекте әділқазыларымызбен таныс болсақ:

  1. Балабақша психологы Айсұлу Александрқызы

  2. Балабақша тәрбиешісі Жарқын Шайдоллақызы

  3. Балабақша хореографы Рысгүл Болатқызы

Ендеше конкурсанттарға сәттілік тілей отырып, байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Баптарың мен бақтарың қатар шапсын, бүлдіршіндер!

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесіп аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

  1. Болат Әминаны – «Астана» әнімен қабыл алыңыздар!


Сен деген туған елдің жүрегісің,

Өзінен бастау алар өрелі ісім.

Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,

Бәрінен бірегейі, бөлегісің.

  1. Серік Айдана – «Қазақстаным менің»


Ақ таңмен тыныстап,

Мүлгиді күміс бақ.

Тыныштық тұтқасын,

Елбасым тұр ұстап.

Мәрмәрдан қаланған,

Сан сарай – сан арман.

Жауһардай жарқырап,

Жас қала жаңарған.

  1. Әзидолла Кәусар – «Нұр-Аға»


Еркелеген Есілдің ағысындай Астанам,

Азаттықтың ақжолтай баласындай Астанам.

Көзін ашып тұрғанша күн бесіктен Астанам,

Бір жеңе алмай жарығын түн кешіккен Астанам!

  1. Мүрсін Айсезімді – «Тәуелсіздік – ел ұраны» әнімен қабыл алыңыздар!


Ойымның барлық қалауын қалауын,

Бойымның жалын алауын,

Басқадан емес осы, жанымның жақын досы,

Әннен табамын!

Тілегі де , жүрегі де ән деп соғатын келесі бүлдіршінімізді қарсы алыңыздар!

  1. Жолдас Ернұр – «Өнерге ғашық баламын»


Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

  1. Ақылбек Айару – «Жас дәуірдің түлегіміз»


Алатау ақ өткелім,

Махаббатым көктемім.

Қос қыраның тұрағы,

Арманына жеткенің.

Қанаттары талмасын,

Дәулет болып айналсын.

Жұмыртқасын бақ құсым,

Бәйтерекке байласын.

  1. Қоныс Нұрасыл – «Мемлекеттік рәміздер»


  • Жеке орындаушыларымыз өз кезектерін аяқтады. Ендігі кезекте «Ағайындылар» дуэті номинациясы бойынша қатысушыларымыздың өнерін тамашалайтын боламыз.

Ел намысы – Нұр Аға,

Жер ырысы – қыр дала.

Су шынысы – зер мұнай,

Тау тынысы гүл – лала.

Сарыарқа, кең дала,

Сенсіз жетім мен бала.

Самұрықтай киелі,

Сен – Бәйтерек, Сен – АНА!

  1. Ән: «Елбасы – ел бағым»

Орындайтынар: Ағайынды Айзере, Айзада Бағдатовалар дуэті

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қы өссе – елдің көркі» - деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

  1. Ән: «Мен қазақтың қызымын»

Алдарыңызда Ағайынды Айым, Айша Сембаевалар дуэті

Тай құлындай тебісіп өскен жерім,

Тұсауымды ақ әжем кескен жерім.

Жұдырықтай жүрегім дірілдейді,

Сағынғанда өзіңді туған жерім.

  1. Ән: «Туған өлкем»

Сіздердің қошеметтеріңізбен, алдарыңызда Ағайынды Ертай, Раяна Төлеубаевтар дуэті. Қарсы алыңыздар!

  • Құрметті әділқазылар! Сайысқа қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.Ендеше шешімдеріңізді шығаруға рұқсат! Сізде дайын болғанша бізден тамаша би.

Алдарыңзда «Әдемі» биімен «Ақ көгершін» тобының әдемі қыздары.

Қабыл алыңыздар!

(әділқазылар марапаттауы)

  • Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Жеңістерін құтты болсын, бүлдіршіндер! Талаптарыңа нұр жаусын! Өнерге деген ғашықтықтарын өрлей берсін! Әлемді мойындататын өнер иесі болуларыңа тілекшімін! Бастысы адам болыңдар, аман болыңдар! Келесі кездескенше сау болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!