Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс
жалауы!»
Мақсаты:
Білімділігі: Студенттерді Ұлы Отан соғысы туралы
және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен
ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру.
Дамытушылығы: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оларға патриоттық тәрбие беру.Ұлы Отан соғысымен,
қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін
дамыту.
Тәрбиелілігі: Патриотизм сезімін
тәрбиелеу, Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру,
достық, ынтымақтастық, жауапкершілік
сезімдерін ұялату.
Сабақтың жүру
барысы: І. Ұйымдастыру. Кіріспе:
Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар және
студенттер. Бүгінгі «Желбіре,Жеңіс жалауы!» атты топ сағатына қош
келдіңіздер.
ІІ. Ой –
қозғау.
(бейнеролик)
Жеңісті сан миллиондаған адамдар төрт жыл
бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың
үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған
асыл азаматтар
мерт болды. Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ
кемде кем. Жауға қарсы
атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт
болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген
ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік
істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға
тиіс.
Енді бүгін ұлы
Жеңістің 76 жыл болған тойын көре алмай кеткен ардагерлерімізді
еске алайық.
Дәл осынау жадыраңқы жай
күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай
жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір
минут
Есіне алмақ сол бір апат
қайғыны. (1 минут
үнсіздік)
-
Иә, содан бері 76 бейбіт жыл артта қалды.
1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін
мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын - соңды болмаған 1000
зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген
еді.
Жеңіс күні біздің баршамыз үшін халқымыздың
жанқиярлық ерлігінің нышаны, ержүректілік пен төзімділіктің және
қаһармандылықтың символы. Осы бір тамаша мереке – 9 мамыр күні
сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт, амандық және
ашық аспан тілейміз!
Құттықтау
сөз...
Бақытқа бүгін бәрі
ие,
Ет жүрек кетті
елжіреп.
Шалқып бір жатты
дүние,
Жеңістің Туы
желбіреп!
Тоғызыншы мамыр күні – Жеңіс
күні,
Құлаған күн фашистің неміс
туы.
Балалардың күлкісі көшені
алды,
Ағалардың естілді келісті үні
– дей отырып, келесі кезекті СВк-19 тобының
студенті Кенжесов Дауреннің
орындауындағы « Тойбастар » күйіне
береміз.
Сұм соғыс қайтып
болмасын,
Бәйшешектер
солмасын.
Еліміз бейбіт күн
кешіп,
Бір Алла өзі
қолдасын.
Соғыстың сөніп
ошағы,
Қайғыдан көңіл
босады.
Бірлікпенен күн
кешсек,
Бір бақыт бізді тосады
.
Поэзия минутына кезек
берейік. Амангельдиев
Русланның орындауындағы өлең жолдарын
қабыл алыңыздар!
Ендігі кезекте викториналық
сұрақтар. Белсене қатысуларыңызды
сұраймыз.
ІІІ. «Ұлы Жеңіс – мәңгілік ел
жадында» Викториналық
сұрақтар.
-
Берлин операциясының басталған
уақыты (1945 жыл 16 сәуір)
-
1943 ж. желтоқсанда Алматы
жастары жаңа ұшақ табыс еткен ұшқыш
(С.Луганский)
-
Соғыс жылдарында Қазақстанға
жақын өңірлерден көшірілген зауыт, фабрика, цехтар мен артельдер
саны (220)
-
Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстандық партизандардың жалпы саны
(3,5 мың
адам)
-
Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар
ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды.
(Ж.Елеусізов)
-
Бородино селосында неміс
бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған кім?
(Т.Тоқтаров)
-
КСРО-ның негізгі әскери
өнеркәсіп базасына айналған ел?
(Қазақстан)
-
Сағадат Нұрмағанбетовке Кеңес
Одағының Батыры атағы қай шайқаста берілді? (Берлин үшін
шайқаста)
-
Ұлы Отан соғысында партизандық
жолмен күрескен? (Қ.Қайсенов)
-
Жазушы, Кеңес Одағының батыры.
1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанша барлық шайқасқа
қатысқан. Қазақстанның халық қаһарманы?
(Б.Момышұлы)
-
И.В.Панфилов қолбасшылық еткен
дивизия? (316-атқыштар дивизиясы)
-
Берлин үшін ұрыста өз әскерін
бастап кірген кім? (С.Нұрмағанбетов)
-
Ұлы Отан соғысында ең алғаш
Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгер кім?
(К.А.Семеченко)
-
316 атқыштар дивизиясының
командирі Панфилов қашан ерлікпен қаза
тапты?
(1941 жыл 18
қараша)
-
Мәскеу үшін болған шайқаста
көрсеткен ерлігі үшін 316 –шы атқыштар дивизиясы қандай марапатқа
ие болды? (Қызыл ту орденімен)
-
Ленинград үшін шайқаста
ерлікпен қаза тапқан кім? (Ә. Молдағұлова)
Шынында бұл-оралған мыңнан
бірің,
Бақ нұрына жүзіңді туған
күнің
Жеңіс күні өзіңдей көзі
тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған
күнің. Мухиденов
Алматтың орындауындағы жыр шумақтарын қабыл
алыңыздар.
ІҮ.Мақалды
жалғастыру.
Ат басына күн
туса,
Ауыздықпен су
ішер.
Ер басына күн
туса,
Етігімен су
кешер.
Ерді қорласаң
састырар,
Асты қорласаң
құстырар.
Қоянды қамыс
өлтіреді,
Ерді намыс
өлтіреді.
Қауғадан шошынған мал
оңбас,
Жаудан шошынған ер
оңбас.
Жауға жаныңды
берсеңде,
Сырыңды
берме.
Ер бір рет
өледі,
Қорқақ мың рет
өледі.
Болат қайнауда
шынығады,
Батыр майданда
шынығады.
Жүк ауырын нар
көтерер,
Ел ауырын ер
көтерер.
Ақылдан асар амал
жоқ,
Батылдар алмас қамал
жоқ.
Тура ағаш үйге
тіреу,
Тура жігіт елге
тіреу.
Ер салмағын ел
көтереді,
Ел салмағын жер
көтереді.
Батыр болсаң-жауыңа
найзаң тисін,
Бай болсаң-еліңе пайдаң
тисін.
Хор
«Атамекен» Баршамыз бірге
шырқайық!
Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске
жеткізген ата –бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы
ауыр жұмыстарды атқарып,сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан
аналарымызды да мақтан тұтамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды
әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында
басымызды иеміз. Аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт
заман болсын. Алтын уақыттарыңызды бөліп қатысқан баршаңызға
көп-көп рахмет! Сау саламатта
болыңыздар!