Материалдар / TopIQ.kz – заманауи цифрлық оқулық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

TopIQ.kz – заманауи цифрлық оқулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының бойына заманға сай қажетті білім беру қашан да ізденісті, жаңашылдықты қажет етеді. Әдіс-тәсілдің озық болғаны, қазіргі цифрлық заманға сай қажеттіліктердің өтелуі - оқушының білім деңгейіне де әсерін беріп, нәтижеге жетелейді. Қазіргі кезеңде білім берудің мазмұнына, білім алушының тұлғасына деген көзқарастар өзгеріске бет бұруда. Осыған байланысты ұстаз алдында қашан да жаңашылдыққа қарай даму бағыты тұрады. Сондай жаңашылдықтың бірі, заманға сай цифрлық оқулық, тұтас бір қажеттіліктердің барлығын өтей алатын платформа «TopIQ.kz» туралы сөз қозғағым келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Шілде 2024
244
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

TopIQ.kz – заманауи цифрлық оқулық

Оқушының бойына заманға сай қажетті білім беру қашан да ізденісті, жаңашылдықты қажет етеді. Әдіс-тәсілдің озық болғаны, қазіргі цифрлық заманға сай қажеттіліктердің өтелуі - оқушының білім деңгейіне де әсерін беріп, нәтижеге жетелейді. Қазіргі кезеңде білім берудің мазмұнына, білім алушының тұлғасына деген көзқарастар өзгеріске бет бұруда. Осыған байланысты ұстаз алдында қашан да жаңашылдыққа қарай даму бағыты тұрады.

Сондай жаңашылдықтың бірі, заманға сай цифрлық оқулық, тұтас бір қажеттіліктердің барлығын өтей алатын платформа «TopIQ.kz» туралы сөз қозғағым келеді. Платформа бүгінгі білім алушылар мен мұғалімдердің қажетін қанағаттандыратын инновациялық білім беру сұранысына ие. Қолданыстағы оқулықтар көбінесе статикалық мазмұнмен шектеліп қалған. Ал платформа осы шектеуді жоюға арналған таптырмас инновациялық оқулық. Тұтас бір кітапхана десем де артық емес. Ол әр оқушының жеке қажеттіліктеріне бейімделіп, дара мазмұн мен тапсырмаларды қамтамасыз етеді. Платформа интерактивті сабақтарды, тапсырмаларды, тесттерді және қызықты оқытуды ынталандыру үшін ойын элементтерін ұсынады. Сонымен қатар материалды бейнесабақтар, аудио жазбалар, анимациялар мен мультимедиялық мазмұндар көрнекі ете түседі. Бұл қазіргі кезде визуалист болып қалыптасып келе жатқан оқушыларға тамаша мүмкіндік. Мұғалімдер болса оқушылардың үлгерімін қадағалай алады, бағдарламаны олардың қажеттіліктеріне сәйкес реттей алады, кері байланыс бере алады. Лондонда өткен жаһандық білім беру технологиясы стартаптар байқауында жеңімпаз атанған бұл платформаның мұғалімдер мен оқушыларға берері көп деп нық сеніммен айта аламын. Өйткені тарих сабақтарында осы платформаны қолдану арқылы жаңашылдық енгізіп, оқушылардың қызығушылығын оятып жемісін көрдім. Платформа визуалды түрде көркем бейнеленіп, оқушыға ақпаратты қабылдауға барлық мүмкіндікті қарастырған. Оқушылар тақырыпқа сай жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Тапсырмалардың барлығы сыни ойлау дағдысын дамытуға негізделген. Платформаның керемет мүмкіндіктер алаңы екеніне дәлел ретінде мына бір ақпаратты ұсына аламын. 7-сынып дүниежүзі тарихы «Мектеп» баспасы «Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді?» деген тақырып бойынша оқулықта шағын ақпарат қана беріліп, бір ғана сұрақпен шектеліп қалған. Ал платформада дәл осы тақырып сегіз бөлімді қамтиды. Бұл біріншіден мұғалімнің уақытын тиімді игеруге септігін тигізсе, екіншіден оқушының қызығушылығын оятып әрі қанашама тың ақапараттарды игеруіне сеп болады. Одан бөлек ғылыми терминдер бойынша түсінік қалыптастырып, екі жақты ойлауға да ықпалдастық жасайды. Яғни қазіргі кезде біз айтатын бәсекеге қабілетті оқушыны дайындау үшін қаншама мүмкіндікке толы алаң қалыптасып отыр.

Білім берудегі бұл құнды ресурсты барлық әріптестеріме сабақта қолданып, жаңашылдыққа бет бұруға шақырамын. Қаншама керемет мүмкіндіктерге жол ашып тұрған әдіснамалық құралды неге пайдаланбасқа?! Өскелең ұрпаққа дұрыс бағытта осы платформаны ұсынып, білім көкжиектерін кеңейтуге ат салысайық. Ұрпағымызды білімді, бәсекеге қабілетті, іскерлігі дамыған етіп баулып шығару біздің қолымызда.



Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Рудный қаласы білім бөлімінің «Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ


Ғиса Жанбота Есентайұлы, тарих пәнінің мұғалімі


Педагог-модератор

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!