«Топжарған» топтық сайыс. 5 - 9 сыныптар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Топжарған» топтық сайыс. 5 - 9 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Топжарған»


Мақсаты: Оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, тақта.

Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 5 – 9 сыныптар арасында өткелі отырған «Топжарған» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Оқушылар әр түрлі түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлініп отырады.
І топ – «Білімділер» ІІ топ – «Ойшылдар»

Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық: Тарих пәнінің мұғалімі: Конкаева Аксырга


Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:

1. «Мыңның жүзін білгенше – бірдің атын біл!» /таныстыру/
2. «Білімді болсаң, байқап көр»
3. «Ойлы болсаң, ойлап көр»
4. «Жүйрік болсаң, озып көр»
5. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
6. «Сөз ойла, тез ойла»

1. «Мыңның жүзін білгенше – бірдің атын біл!» /таныстыру/


2. «Білімді болсаң, байқап көр»
- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп 2 кезек «Білімді болсаң, байқап көр» береміз.

Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Кестені толтырыңыз

Қазақтың ұлттық аспаптары

Қазақтың ұлттық киімдері

Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық ою – өрнектері

Адырна, аса таяқ, домбыра, жетіген, қыл қобыз

Сәукеле, тақия, ішік, шапан, кимешек, кебіс, мәсі

Орамал тастау, арқан тарту, ақ сүйек, бәйге, арқан тарту, асық ойындары

Тары, талқан, құрт, айран, қымыз, шұбат, қазы, қарта

Қошқар мүйіз, төртқұлақ, түйе табан, құстұмсық, түлкібас.

3. «Ойлы болсаң, ойлап көр» Мақалды жалғастыру керек, әр топқа 5 мақал - мәтел беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

1. Ел ағасымен жарасады, Киім жағасымен жарасады.

2. Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.

3. Ер — елінде, гүл — жерінде.

4. Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

5. Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.


Бі
лім, ой мен арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғайық бәріміз,- деп сайысқа қатысушыларды қолпаштап отырыңыздар.


4. «Жүйрік болсаң, озып көр» - логикалық есептер шығару. Әр топқа 5 есептен беріледі.

1. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады? (үтір)

2. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20 аяқ)

3. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? 4 мысық

4. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? үш

5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? шырпы


5. «Тапқыр болсаң, тауып көр». Жұмбақтар шешу. Әр топқа 5 жұмбақ беріледі. Жұмбақты шешіп, жауабын орыс тіліне аудару.

  1. Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем. Жер – земля

  2. Аспанда бір айна бар, Әлемді көріп айналар. Күн – солнце

  3. Етегім толы сөк, Ерте тұрсам жоқ. Жұлдыз – звезды

  4. Жабық астында жарты күлше. Ай – луна

  5. Төңірегі тең көрініп, Теген жатыр төңкеріліп, Жаста сиған, кәрі сиған. Астына оның бәрі сиған. Аспан – небо


6. «Сөз ойла, тез ойла».
Сөзжасам бұл әркімге ой салады,
Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
Сөзден - сөз шығаруға жетік болсаң,
Сөзжасам кезегі енді басталады.– деп сайыстың соңғы кезеңіне де келіп жеттік. Осы айналымның басты шарты: топтарға бір сөз беріледі. 3 минуттың ішінде берілген сөзден бірнеше сөз құрап жазу керек. Тәуелсіздік деген сөз беріледі.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тарасса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау - деп сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.


Қорытынды:


Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.

- Шәкірттерім менің! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік.
Білімді болыңыздар! Осыменен сайыс аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2596
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі