"Топжарған" зияткерлік сайысы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Топжарған" зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық пәндерден зияткерлдік сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Топжарған» музыкалық сайысы.


Мақсаты:  Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту,шығармашылығын дамыту, сөздік қорларын байыту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

  Түрі: Сайыс


Жүргізуші:

        Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Бүгінгі «Топжарған » музыкалық сайысына баршаңыз да қош келдіңіздер!
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі – қазақ елі десек, артық айтқандығымыз емес.
«Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл — күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! деген екен. Бүнгі сайычқа екі топ дайын болып келіп отыр екен , «Бемольдар», «Диездер» тобы. Топтардың аттарымен таныс болсаңыздар сайысымыздың негізі кезеңдерін айтып өтейін.


1 кезең: «Сөздер кестесі». Әр топқа сөздер беріледі. Сол сөздерді құрастырып әннің шумақтарын орындау.

2 кезең : Келесі бөлім «Ойлан тап» деп аталады. Музыкаға қатысты сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап бересіздер.

3 кезең: «Сиқырлы үн» деп аталады. Үнтаспадан әндер қойылды, сол әнді табу қажет.

4 кезең: «Суреттер сыр шертеді». Экранда суреттер беріледі. Сол суретке қарап, әннің атауын табасыздар.

Сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныс болсаңыздар, қазылар алқасын сайлап алайық.

1.

2.





Сайысымыздың алғашқы бөлімі сөздер кестесі, әннің жолдарын құрастырып орындау.

  1. «Жас дәуірдің түлегіміз»-- бау-бақша белдер, орман-тау көлдер

  2. «Мұғалім ол біздің»- Білімнің кілтіндей, әліппе ұстатқан

  3. «Домбыра сазы» - Елдің жырын жырлаған, қайғысын да толғаған

  4. «Дос болайық бәріміз» - әрқашан дос біргеміз, ажырамас іргеміз



ІІ бөлім: «Ойлан тап»

Сұрақтарға кім жылдам жауап берсе бір ұпай қосылады.

  • Музыкалық атауы бар гүл… қоңыраугүл

  • 7 лақ ертегісінде қасқырдың дауысын өзгертуге кім көмектесті? Ұста

  • Туған күн туралы ән салған мультфильм кейіпкері. Қолтырауын Гена

  • Домбырада неше ішек бар?2

  • Баланы ұйықтатарда айтатын ән .. бесік жыры.

  • Ең үлкен скрипка…контрабас

  • Оркестрдің жетекшісі… дирижер.

  • Үш адамнан тұратын орындаушылар тобы қалай аталады? Трио

  • Неше нота бар? 7

  • «Если долго, долго, долго…» деп ән айтатын қыз… Қызыл телпек.

  • Қобызды немен ойнайды? Ысқышпен

  • Әр баланың ең алғашқы шулы музыкалық аспабы…сылдырмақ.

  • Музыканы қандай кілтпен ашады? Скрипка кілті.

  • Мемлекеттік рәміз-салтанатты ән… Гимн.

ІІІ бөлім «Сиқырлы үн»

Қазір экранда көрсетілген сандарды таңдайсыңдар,сандардың астында ән жасырылған сол әннің атауын тапқан топ сол санды командаға ұпайлап алады.Осы әуеннің арасында өздеріңе белгілі бір күй де жасырылған.


IV бөлім:   «Суреттер сыр шертеді ».

  1. Ол өте биік, шыңына қарасаң көзің жетпейді. «Алатау»

  2. Жап-жасыл кілемде ойнаймын, күлемін. (Атамекен)

  3. Таң ата оянып,ғажайып түс көрдім. (Ертегілер елінде)

  4. Атам оған жем береді,апам оған су береді. (Қошақан)

  5. Жылағанда жұбатады,ақ сүтін береді…(Анашым немесе ана)

  6. Оның сәулесі суда дірілдейді…(Желсіз түнде жарық ай)

 

Қазылар алқасының қорытындысы.


Марапаттау:
Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.
Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыз, сау болыңыз!

 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2023
349
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі