400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Топқа бөліну тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топқа бөліну тәсілдері


Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну

Жыл мезгілдері,жануарлар,құстар немесе басқа да суреттерді үшке,төртке,беске (неше топқа бөлуді жоспарлауыңызға қарай) қиып,араластырып оқушыларға таратылады.Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып,сол сурет бойынша бірігіп,топқа бөлінеді.


Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну

Мұғалім бірнеше геометриялық фигураларды араластырып оқушыларға таратып береді.(неше топқа бөлсеңіз сонша геометриялық фигураларды бірнешеуден аласыз) Бірдей фигураларды алған оқушылар топтасады.


Ұқсас ерекшеліктер арқылы топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы; туған айы,жұлдызнамалық белгісі,шашының түсі,киімінің өлшемі,есімінің бас әрібі т.б) сол бойынша топқа бөлуіне болады.


Сандар арқылы топқа бөліну

Жұп сандар және тақ сандар арқылы екі топқа бөлінуге болады.Бірліктер,ондықтар,жүздіктерді парақшаларға жазып,оқушыларға таратып үш топ құрауға немесе 1,2,3,4,5 деп ауызша оқушыларға айтып,сол сандарды есте сақтап тұруларын ескертіп,бірлер бір топ,екілер бір топ,үштер бір топқа,төрттер бір топ,бестер бір топ құрауларына (сандарды тағы басқаша түрлендірулеріне) болады.


Ән шумақтары бойыншатопқа бөліну

Мұғалім оқушыларға ел арасында көп тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндерінің шумақтары мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған карточкалар таратып беріледі.Оқушылар сол әнді құрастырып,топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтуларына болады.


Суреттер арқылы топқа бөліну

Оқушыларға түрлі суреттер таратылып (мысалы; гүл түрлері,жануарлар,құстар,жеміс-жидектер т.б) суреттердің біркелкілігіне қарап үш-төрт адамнан бірігіп,топ құрауларына болады.


Әріптер арқылы топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға әріптер айтып (А;Б;С;Д төртке бөлу керек болса осы төрт әріпті қайталап барлық оқушыларға айта береді ),есте сақтауларын сұрайды.А әрібі айтылғандар бір топ,Б әрібі бір топ,С әріптері бір топты,Д әріптері тағы бір топты құрайды.Осылайша төрт топқа бөлуге болады.


Өз қалаулары бойынша топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға бүгін өз қалаулары бойынша үш немесе өзі жоспарлағандай төрт топқа топтасуларын сұрайды. Оқушылар өз еріктерімен топтасады.


Жұбыңды тап

Оқушылар адам аттары арқылы (Мысалы; Алпамыс пен Гүлбаршын,Қобыланды мен Құртқа,Айман және Шолпан,Асан немесе Үсен) жұптасады,немесе қолғапшалар сыңарларының қиындылары,бірдей шарф не киім қиындылары т.б арқылы жұптасады.Әр жұп бірге жұптық тапсырмалар орындайды.


Санамақ арқылы топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға санамақты айтып жүріп топқа бөледі:

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балапанға бидай шаш!

Тауықтарғы тары шаш!

Бас бармақ,(балаларды меңзеп айтып отырады)

Балалы үйрек,

Ортан терек,

Шүлдір шүмек,

Кішкене бөбек!

Бұл санамақты бірнеше рет оқушылардың бәрін көрсетіп шыққанша қайталайды.Оқушылар сонда саусақтардың аталуы бойынша бес топқа бөлінеді: «Бас бармақ » тобы, «Балалы үйрек » тобы, «Ортан терек » тобы, «Шүлдір шүмек»тобы, «Кішкене бөбек» тобы.

Санамақтың басқа да түрлерін қолдануға болады.


Мағынасына қарай құрастыру арқылы топқа бөліну

Оқушыларға өлең жолдары,анықтамалар,мәтін немесе мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш сөздерін бөліп,қиып тастап,қиындыларынан сол мақалды,өлеңді,мәтінді не басқа құрастыру арқылы топқа бөлуге болады.Мысалы зат есімнің анықтамасын құрастырғандар бір топ,сын есімнің анықтамасын құрастырғандар бір топ сияқты топтасады.


Гүл құрастыру арқылы бөліну

Гүл күлтешелерін таратып,олардан гүлдер құрастырады. Әр күлтешесіне оқушы өз атын жазып,бір топ болады.Гүлдер бір формада ,түстері ғана ажыратады.


Жеміс-жидектер арқылы топқа бөлу

Оқушыларға жеміс-жидектер таратып,олардың түрлеріне қарай топқа бөлуге болады.Мысалы; «Алмалар» тобы, «Апельсиндер» тобы, т.б.



Конфеттер арқылы топқа бөліну

Оқушыларға конфеттер таратылады.Оқушыларды конфет түрлеріне қарай топтастыруға болады.Конфеттерге «Сәттілік» немесе «Бүгінгі сабақта 5-тік баға алуыңа тілектеспін» деген сияқты әдемі сөздер жазып қыстырып қоюға болады.


Түстер арқылы топқа бөліну

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлуге болады.Бір түсті алған оқушылар бір топқа бірігеді.Түстерге қарап оқушыларға психологиялық мінездеме беруге де болады.Бірақ оқушыларға жағымды әсер қалдыру керек.



Ойындар арқылы топқа бөліну


«Атомдар мен молекулалар» ойыны

Оқушыларға мұғалім бәріміз молекулалар сияқты жалғыз қимылдаймыз дейді.Молекулалар бірігіп-бірігіп,екеу болады,сосын үшеу болады,атомдар түзіледі.Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы топтасады.


«Тұрғын және үй» ойыны

Оқушылар екеу-екеу қолдарын көтеріп ұстасады,үйдің шатырын жасайды.Шатырдың астына бір оқушы кіріп тұрғын болады.Сәлден соң мұғалімнің нұсқауымен тұрғын екеу болады.Осылай төрт оқушыдан шағын топтар құралады.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
1307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі